Нехемия  13
Исраилдіктердің Құдайға мойынсұнбайтындардан бөлініп шығуы
1
Сол күні Құдайдың Мұса арқылы табыстаған Таурат кітабы халықтың алдында дауыстап оқылды. Сонда «Ешбір аммондық не моабтықтың ешқашан Құдайдың жамағатына енуіне болмайды» деп жазылғаны анықталды.
а
2
Себебі ежелде исраилдіктер Мысыр елінен көшіп келе жатқан заманда сол екі тайпа олардың алдарынан нан мен су алып шығып қарсы алған жоқ. Керісінше, олар исраилдіктерді қарғасын деп Балағамды шақырып, жалдап алды. Алайда Құдай қарғысты жарылқауға айналдырды.
ә
3
Халық Таурат заңында осылай жазылғанын естігенде, (Жаратқан Иеге мойынсұнбайтын) бөтен жұрттықтардың барлығын өздерінің араларынан бөліп тастады.
Ғибадатхананың арамдықтан тазартылып, тартулармен қамтамасыз етілуі
4
Құдайымыздың киелі үйінің қойма бөлмелерін басқаруға тағайындалған діни қызметкер Елияшип (аммондық) Тобияхтың туысқаны еді.
б
Елияшип осы мерекеден
в
бұрынырақ
5
Тобияхқа бір үлкен бөлмені пайдалануға беріп қойған еді. Сол бөлмеге әдетте леуіліктерге, әншілерге және қақпашыларға тиесілі астық тартулары, сондай-ақ, түтетілетін хош иісті заттар, ғибадатхана ыдыстары және астықтың, жүзім шырыны мен зәйтүн майының он бөлігінің бірі әрі діни қызметкерлерге арналған тартулар да қойылып сақталатын.
г
6
Осының бәрі болып жатқан кезде мен Иерусалимде жоқ болатынмын. Өйткені Бабылға Артақсерікс патшалық құрған отыз екінші жылы
ғ
патшаның қасына қайтып кеткен едім. Едәуір уақыт өткеннен кейін, Яһуда аймағына кері қайтуға патшаның рұқсатын сұрап алдым.
7
Иерусалимге қайтып келгенімде Елияшиптің зұлым ісі: оның Құдайдың киелі үйінің аулаларының ішінен (аммондық) Тобияхқа бір бөлмені бөліп бергені жайлы біліп алдым.
д
8
Мен бұған қатты ашуланып, Тобияхтың дүние-мүлкінің бәрін сол бөлмеден лақтырып шығарып тастадым.
9
Мұнан кейін қойма бөлмелеріне тазарту рәсімін жасауға тапсырма бердім, әрі Құдайдың киелі үйіндегі қызметке арналған бұйымдарды, астық тартулары және хош иісті заттарды қайтадан сол бөлмелердің ішіне орналастырттым.
10
Сонымен қатар леуіліктерге тиесілі азық-түлік үлестерінің берілмегені, әрі сол себепті киелі үйде қызмет атқаратын леуіліктер мен әншілердің өз егістіктеріне тарап кетіп қалғандары туралы да біліп алдым.
11
Сондықтан мен басшыларды: «Құдайдың киелі үйі неге қараусыз қалдырылды?» — деп сөктім.
е
Содан леуіліктерді жинап алып, әрқайсысын қайтадан өз міндетін атқаруға қойдым.
12
Осылай бүкіл Яһуда халқы тағы да астықтың, жүзім шырыны мен зәйтүн майының он бөлігінің бірін Құдайдың киелі үйіндегі қоймаларға алып келетін болды.
13
Мен сенімді деген кісілерді:
ж
діни қызметкер Шелемияхты, діни мұғалім Садықты және леуілік Педаяхты қазына қоймаларын басқарушы етіп, оларға көмектесуге Маттанияхтың немересі Зақур ұлы Хананды тағайындадым. Олардың міндеті өз ағайындары діни қызметкерлер мен леуіліктерге тиесілі азық-түлікті үлестіріп беріп тұруды қамтиды.
14
«Осыларды істегеніме бола мені мейіріммен ескере гөр, уа, Құдайым! Сенің киелі үйің мен ондағы қызметтер үшін ізгі ниетпен істегендерімді есіңнен шығара көрме!»
з
Демалыс күні жайлы заңды жүзеге асыру
15
Сол кездері мен Яһуда аймағында демалыс күні
и
істеуге қатаң тыйым салынған күнделікті жұмыспен айналысып жатқан адамдарды көріп жүрдім. Олар демалыс күндері жүзімдерін таптап, шырынын сығатын, астық масақтарын жинап-буып, есектерге тиейтін. Жұрт, сондай-ақ, шарап, жүзім, інжір және басқа да түрлі жүктерді Жаратқан Иеге бағышталған демалыс күндері есектеріне артып, Иерусалимге алып келетін. Мен соны істейтіндерге демалыс күні азық-түлік сатуға болмайтынын қатты ескерттім.
к
16
Тир қаласынан
қ
көшіп келіп, Иерусалимде тұрып жатқан саудагерлер де балық пен алуан түрлі бұйымдарды қалаға алып келіп, Яһуда халқына демалыс күндері сатып жүрді.
17
Сонда мен Яһуданың жетекшілеріне қарсы шығып: «Қасиетті демалыс күнін қорлайтын істерді істейтіндерің не?
18
Сендердің ата-бабаларың осылай қылып, сондықтан да Құдайымыз біздің өзіміз бен осы қалаға сол ауыртпалықты жіберді емес пе еді?! Енді өздерің де демалыс күні жайлы заңды менсінбей, Құдайдың Исраилге деген қаһарын одан бетер өршітіп жатырсыңдар!» — деп сөгіс айттым.
19
Содан мен әр демалыс күнінің қарсаңында кеш түсе бастағанда: «Қала қақпаларының есіктері бекітіліп, демалыс күні өтпейінше ашылмасын!» — деген бұйрықты беріп отырдым. Демалыс күні ешқандай жүктің қалаға кіргізілмеуі үшін мен қызметшілерімнің біразын қала қақпаларына күзетке қойдым.
20
Бір-екі рет саудагерлер және алуан түрлі бұйымдарын сататын басқалар да демалыс күні Иерусалимнің сыртында түнеп шықты.
21
Бірақ мен оларды сақтандырып: «Сендер неге қабырғаның алдында түнейсіңдер? Егер тағы осылай ететін болсаңдар, мен сендерге қарсы шара қолданамын!» — дедім. Сол кезден бастап олар демалыс күндері келмейтін болды.
22
Содан кейін мен леуіліктерге демалыс күнінің қасиеттілігін сақтау үшін өздерінің тазару рәсімінен өтіп, қала қақпаларына барып, оларды күзетуі жайлы тапсырма бердім.
«Мұнымды да есіңнен шығара көрме, уа, Құдайым! Өзіңнің зор мейіріміңе сәйкес маған рақымыңды көрсете гөр!»
Құдайға мойынсұнбайтындармен құдаласу мәселесі
23
Сол кездері мен кейбір яһуди ер адамдарының філістір еліндегі Азоттан
л
және Аммон мен Моаб халықтарынан әйел алғандарына көзім түсті.
м
24
Олардың балаларының жартысы азоттықтардың не басқа бөтен халықтың тілінде сөйлеп, яһудилердің тілінде сөйлей алмады.
25
Мен сол яһудилерді айыптап, Құдайдың қарғысын естеріне түсірдім.
н
Бірқатарын соғып, шаштарын жұлып, ескерттім. Оларды Құдайдың атын атап ант етуге мәжбүрлеп
о
былай дедім: «Сендер қыздарыңды солардың ұлдарына ұзатпаңдар! Олардың қыздарына не ұлдарың, не өздерің үйленуші болмаңдар!
26
Тіпті Исраилдің патшасы Сүлейменнің өзі (Жаратқан Иеге мойынсұнбайтын) сондай әйелдерге үйленгенінің кесірінен күнәға батқан жоқ па еді?! Басқа көптеген ұлттардың арасында ол сияқты патша болған емес. Құдай оны қатты ұнатып, бүкіл Исраил халқының патшасы қылып қойған еді. Алайда жат жұрттық әйелдері тіпті оның өзін де күнә жасауға еліктірді.
ө
27
Ал енді, сендер жат жұрттық әйелдерді алып, Құдайымызға опасыздық жасап жатырсыңдар дегенді естідік! Осы асқан зұлымдықтарыңа қалайша төзер едік?!»
28
Тіпті бас діни қызметкер Елияшип ұлы Жояданың бір ұлы хоронайымдық Санбаллаттың қызына
п
үйленген еді! Сол жігітті мен қасымнан қуып жібердім.
29
«Бұларды да есіңде сақтай гөр, уа, Құдайым! Өйткені сол адамдар діни қызметті әрі Өзіңнің діни қызметкерлермен және леуіліктермен жасаған Келісіміңді арамдады!»
Қорытынды
30
Осылайша мен діни қызметкерлер мен леуіліктерді бөтен жұрттық атаулыдан тазартып, оларға міндеттерін тапсырдым. Әрқайсысына өзінің атқаратын жұмысын белгілеп бердім.
31
Соған қоса ағаш отын мен алғашқы өнімдерді оларға өз уақытында үлестіру міндетін де нақтылап тапсырдым.
р
«Мені есіңнен шығармай, игілігіңе кенелте гөр, уа, Құдайым!»

а  Заң 23:3.

ә  Рул 22:5-7; 23:7-12,18-24; Заң 23:4-5.

б  2:10.

в  12:27.

г  10:37; Рул 18:21-32; Заң 14:28-29; 26:12-15; Мал 3:10.

ғ  Яғни б.з.д. 433 ж.

д  13:1-3.

е  13:5; Мал 3:10.

ж  7:2; 12:44; Пат4 12:15; Шеж2 31:12,15.

з  5:19; 13:22,31.

и  Яғни сенбі күні (10:31).

к  9:29; 10:31; Мыс 20:8; 34:21; Заң 5:12-14; Ерм 17:21-22.

қ  Иш 23:1,3,8.

л  (4:7; Еш 11:22) Осы қала атының Ашдод деген түрі де бар.

м  Содан шамамен 25 жыл бұрын Езра да осындай мәселемен бетпе-бет келген еді (Езр 9:1-4).

н  10:29-30; 5:13; Заң 27:14-15; Езр 9:1-4,10-12; 10:1-5.

о  10:29-30; Заң 6:13; Езр 10:5.

ө  Пат3 3:5-9,13; 11:1-10.

п  10:24; 2:10.

р  10:34-36.