Нақұм  1
Құдайдың зор мейірімі әрі қыңыр жауларына лаулаған қаһары
1
Бұл — Жаратқан Иенің Ниневи
а
жайындағы ауыр хабары,
ә
елқостық Нақұм көрген көріністер
б
туралы жазба.
в
2
Жаратқан Ие — Өзінен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбейтін
г
әрі арам істің қарымтасын қайтаратын
ғ
Құдай. Ол зұлымдықтарды жазалап, оларға ашуланады. Жаратқан Ие жауларына лайықты жазаларын тартқызып, дұшпандарының қылмыстарын есінен шығармайды.
д
3
Жаратқан Ие қаһарлануға асықпайды, Оның құдіреті ерен зор. Ол айыптыны
е
жазасыз қалдырмайды. Тәңір Иенің жүрген жолы құйын мен дауылдан өтеді, бұлттар Оның аяғының басқан шаңына ұқсайды.
4
Жаратқан Ие теңізге тыйым салып, оны құрғатады,
ж
өзендерге бұйырғанда солардың барлығы кеуіп қалады,
з
Башан мен Қармил тауларындағы жайылымдар күйіп кетеді, Ливанның қаулаған ормандары солып қурап қалады.
5
Таулар Оның алдында сілкініп, төбелер балқып кетеді. Жер беті, бүкіл әлем және онда тұратындардың барлығы Оның алдында дірілдейді.
6
Жаратқан Иенің ашуына кім шыдай алар екен? Оның лаулаған қаһарына кім төтеп бере алады? Оның ашу-ызасы от сияқты төгіліп, жартастар да Оның алдында талқандалып үгітіледі.
7
Жаратқан Ие ізгі, басыңа қиындық түскен кезде Ол паналайтын қорғаның болады. Өзіне сенім артқандарды Ол жақыннан танып біледі.
8
Бірақ жау қаласын Иеміз ғаламат топан сумен іргетасына дейін құртады,
и
қара түнек Оның жауларын басады.
Ниневиге шығарылған үкім
9
Сендер Жаратқан Иеге қарсы не ұйымдастырмақсыңдар? Ол соларыңды біржола құртады. Осы пәле екінші рет бастарыңа түспейді.
10
Оның жаулары тікенді бұтаға шырмалып, мас адамдай тәлтіректеп жүретін болады. Олар өртке жанған құрғақ сабандай мүлдем құрып кетеді.
11
Жаратқан Иеге қарсы жамандық ойлап, зұлым іс жоспарлайтын біреу сенен шығып аттанды (уа, Ниневи).
12
Жаратқан Ие мынаны айтады: «Олардың күші зор, саны өте көп болғанмен, ассурлықтар жойылып, құрып кетеді. Уа, халқым, Мен сені ауыр апатқа ұшыратқан едім,
к
алайда қайтадан солай істемеймін.
13
Мен енді Ассурдың салған мойынтұрығын иығыңнан алып тастап, кісендеріңді үзіп босатамын».
14
Жаратқан Ие сен туралы мынадай бұйрық берді, уа, Ассур патшасы: «Сенің соңыңнан ұрпақ қалмай, атың өшеді. Тәңірсымақтарыңның ғибадатханаларындағы қашалған бейнелер мен құйылған мүсіндерді қиратамын. Мен қабіріңді ойрандатқызамын,
қ
себебі сен жек көрініштісің».
15
Қараңдар, ізгі хабар жеткізуші біреу таудан асып келе жатыр!
л
Ол тыныштықты жариялап: «Уа, Яһуда елі, мейрамдарыңды тойлап, Құдайға берген уәделеріңді орында! Сол сұмырайлар енді саған баса-көктеп кірмейтін болады! Қайта, олардың өздері толығымен құрып кетеді!» — деп паш етеді.

а  Мұндағы «Ниневи» сол қаланы және бүкіл Ассур патшалығын да білдіреді.

ә  Абқ 1:1; Иш 13:1.

б  Яки: көрген аяндар.

в  Яки: (шиыршық) кітап.

г  Мыс 20:5; 34:14; Еш 24:19.

ғ  2 Заң 32:34-35.

д  Немесе: дұшпандарына (бағытталған әділ қаһарынан) бас тартпайды.

е  Яки: қасарысқанды (Мыс 34:6-7).

ж  Мыс 14:22.

з  Заң 28:24; Пат3 8:35; 17:1; Әйүп 12:15.

и  2:6.

к  Ахаз, Езекия және Манасаның Яһуда еліне патшалық құрған кездерінде (Иш 10:5-7; Шеж2 28:16,20-21; 32:1,9-21; 33:11-13).

қ  Немесе: қабіріңді дайындатамын. (Езк 32:22-23. Ниневи б.з.д. 512 ж. жау қолына түсіп біржола қиратылды.)

л  Иш 52:7.