Марқа  7
Рухани тазалық пен арамдық туралы
1
Бірде парызшылдар және Иерусалимнен келген бірнеше дін мұғалімдері
а
Исаның қасына жиналған еді.
2
Олар Оның кейбір шәкірттерінің діни қол жуу рәсімін
ә
орындамай нан жеп отырғандарын байқады.
3
Ал парызшылдар, тіпті яһудилердің бәрі дерлік, ата-бабаларынан қалған әдет-ғұрыпқа сай қол жуу рәсімін ұқыптылықпен орындамай тамақ ішпейтін.
4
Олар базардан қайтып келгеннен кейін суға түсу рәсімінен өтпейінше, дастарқан басына да отырмайтын. Сондай-ақ, ыдыс-аяқтары мен құмыраларын, қазандары мен орындықтарын да діни рәсімге сай жуып-шаюды, әрі сол секілді тағы басқа көптеген дәстүрлі салттарды берік ұстанатын.
5
Сондықтан парызшылдар мен дін мұғалімдері Исаға:
— Шәкірттеріңіз неге ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрге сай істемейді? — деген сұрақ қойды. — Олар қол жуу рәсімін орындамай-ақ тамақтана береді екен!
6
Исаның жауабы мынау болды:
— Екі жүзді сендер жайында Ишая пайғамбар алдын ала дәл айтып кеткен! Оның жазбасында былай делінген ғой: «Бұл халық Мені тек ауызбен ғана сыйлайды, ал жүректері Менен тым алшақ.
7
Адам баласы шығарған ережелерді үйретіп, Мені құрметтегенсиді, ал солары бекершілік!»
б
8
Себебі сендер Құдайдың өсиеттерінен бас тартып, адам ойынан туған дәстүрлерді ұстанып жүрсіңдер,
в
— деді.
9
Иса сөзін жалғастырып оларға мынаны да айтты:
— Өз дәстүрлеріңді сақтау үшін Құдайдың өсиеттерін былай қойып, оларды менсінбеулерің қандай «жақсылық»?!
10
Құдай Мұса пайғамбар арқылы: «Ата-анаңды сыйла!» және: «Егер біреу әкесін не шешесін жамандайтын болса,
г
ол өлтірілсін!» деп бұйырған еді ғой.
ғ
11
Бірақ сендер адамның өз әкесіне не шешесіне: «Менен көрмек игіліктеріңізді мен құрбан етіп қойдым, яки Құдай жолына бағыштадым» деуіне рұқсат бересіңдер.
12
Осылайша сол адамның әке-шешесіне ешқандай көмек бермей, оларды сыйламауына жол бересіңдер.
13
Сөйтіп сендер өз дәстүрлеріңді орнатып, Құдайдың бұйрығын жоққа шығардыңдар!
д
Бұған ұқсас тағы басқа да теріс қылықтарды көптеп істеп жүрсіңдер.
14
Иса жиналған халықты қайтадан қасына шақырып алды да, оларға былай деді:
— Бәрің де сөзіме құлақ салып, мынаны жақсылап ұғып алыңдар:
15-16
адам бойына сырттан енген еш нәрсе де оны арамдай алмайды. Керісінше, ішінен шыққандары адамды арамдайды. (Құлағы барлар жақсылап тыңдасын!)
17
Иса халықтың қасынан кетіп, бір үйге кіргеннен кейін, шәкірттері жаңағы астарлап айтқандарының мәнісін сұрады.
18
— Сендер де айтқандарымды әлі түсінбей тұрсыңдар ма? — деп жауап берді Иса. — Бойына сырттан енген тағамдар адамды арамдай алмайды. Мұны шынымен ұқпайсыңдар ма?
19
Себебі олар жүрекке емес, тек асқазанға жетіп, кейін денеден шығып кетеді. — Осылай Иса барлық тағамдардың да адал екенін айтты.
е
20
Ол тағы да былай деді: — Адамды арамдайтын — оның ішкі дүниесінен шыққандары!
21
Себебі адамның ішкі дүниесінен, яғни оның жүрегінен, шығатындар мыналар: жаман ойлар, азғындық,
ж
неке адалдығын бұзу, кісі өлтіру,
22
ұрлық, ашкөздік, зұлымдық, алдаушылық, жүгенсіздік, қызғаныш, жамандау, тәкаппарлық және ақымақтық.
з
23
Осындай арамдықтардың бәрі адамның ішкі дүниесінен шығып, оның өзін арамдайды.
Шетелдік әйелдің Мәсіхке деген зор сенімі
24
Иса сол жерден жолға шығып, Тир (мен Сидон) аймағына
и
барды. Өзін жергілікті халыққа танытқысы келмей,
к
бір үйге кірді. Алайда Ол бейтаныс болып қала алмады.
25
Себебі Оның келгені туралы естіген бір әйел дереу жақындап, аяғына жығылып тағзым етті.
26
Әйел Исраил халқынан емес,
қ
(Құдайға сенбейтін) Сириядағы Финикия өлкесінен болатын. Оның жын соққан жас қызы бар еді. Әйел Исадан қызындағы жынды қуып шығаруын сұрады.
27
Бірақ Иса оған:
— Алдымен «балалар» жеп тойсын: «Балалардың нанын алып қойып, үй күшіктеріне тастау дұрыс емес», — деді.
л
Әйел:
28
— Айтқаныңыз дұрыс, Тақсыр! Дегенмен «үй күшіктері» де сәбилердің дастарқанынан түскен ұсақ-түйек қалдықтармен қоректенеді ғой?
м
— деп жауап берді.
29
Сонда Иса:
— Мұны дәл айттың. Сол үшін үйіңе қайта бер, жын қызыңның бойынан шығып кетті, — деді.
30
Әйел үйіне қайта оралған соң, қызының жынынан арылып, төсекте тыныш жатқанын көрді.
Мәсіхтің көптеген шетелдіктерді сауықтыруы
31
Иса Тирден кетіп, Сидон арқылы Ғалилея көліне оралып, Онқала аймағына барды.
н
32
Сол жерде адамдар Исаға саңырау, тілі мүкіс біреуді алып келді. Олар Исадан оның үстіне қолын қойып бата беруін өтінді.
33
Иса сол кісіні көпшіліктен былайырақ алып шығып, екі саусағын оның құлақтарына тықты. Бұдан кейін түкіріп тастап,
о
қолын кемтар адамның тіліне тигізді,
34
әрі көкке қарап күрсініп,
ө
оған: «Еффата!»
п
яғни «Ашыл!» — деді.
35
Сол сәтте-ақ адамның құлақтары ашылды және тілінің байлауы шешіліп, айқын сөйлеп кетті!
р
36
Иса жұртқа бұл туралы тіс жармауға бұйырды. Алайда Ол неғұрлым қатаң тыйым салғанмен, халық болған оқиғаны соғұрлым кеңірек жариялады.
37
Олар әбден қайран қалып: «Ол істеген әр нәрсе де керемет жақсы!
с
Тіпті саңырауларды еститін, мылқауларды сөйлейтін қылады!» — деп таңғалысты.

а  1:22; 2:6,16; 3:22.

ә  Түсіндірмедегі «Тазарту рәсімдерін» қараңыз.

б  Иш 29:13.

в  Немесе: салт-дәстүрлерді ұстанып, ыдыс-аяқтарға тазару рәсімін жасайсыңдар және басқа да көптеген осы сияқты істерді істейсіңдер.

г  Немесе: әкесін не шешесін қарғайтын болса.

ғ  Мыс 20:12; 21:17; Леу 20:9; Заң 5:16.

д  Немесе: Құдайдың сөзінің (яки өсиеттерінің) күшін жойдыңдар! (7:10)

е  Елш 10:15.

ж  Яки: нәпсіқұмарлық, жезөкшелік.

з  (Жыр 13:1; Рим 3:13-14; Ғал 5:19-21) Немесе: ұрлық, парақорлық, зұлымдық, ашу-кек, бұзықшылық, қызғаныш, Құдайды қорлау, тәкаппарлық және Құдайға мойынсұнбаушылық.

и  Тир Ғалилеядан елу, ал Сидон сексен шақырымдай қашықтықта қазіргі Ливан елінің (ежелгі Финикия өлкесінің) теңіз жағасында орналасқан, кеме тоқтайтын үлкен қалалар болатын (3:7-8; 7:31; Мат 11:21-22).

к  Алғашқыда Иса Құдай ерекше Келісім жасаған Исраил халқына арнап қызмет еткенмен (7:27), кейін барлық халықтарға да Жаңа Келісім арқылы Құдаймен тікелей байланыс жолын ашты (16:15; Жох 10:16; 11:52).

қ  Яки: Әйел грекше сөйлейтін басқа ұлттың адамы (эллин) еді (Жох 7:35; 12:20).

л  Кейде исраилдіктер өздерін Құдайдың рухани балалары, ал Құдайға мойынсұнбай, күнәға батқан басқа ұлттардың өкілдерін астарлап иттер деп атайтын. Ал Иса үй күшігі деген сыпайырақ атауды қолданды.

м  Әйел Құдайдың өз рақымын «рухани балалары» (исраилдіктер) арқылы басқа халықтарға да молынан жібергенін түсініп, Оған деген зор сенімін көрсетті (7:24,27-дегі түсініктемелерді әрі Мат 15:22-28-ді де қараңыз).

н  Сол аймақтың тұрғындарының басым көпшілігі исраилдік емес, басқа ұлттық болатын әрі Құдай Тағалаға мойынсұнбайтын.

о  8:23; Жох 9:6.

ө  Яки: аспанға қарап қайғыра ыңырсып (және Құдай Әкеге сиынып) (Жох 11:33; Рим 8:23).

п  Сол заманда көп қолданылған арамей тілінде.

р  Иш 25:5-6; Мат 15:29-31.

с  2:12; Жар 1:31.