Марқа  5
Көп жындар қинаған адамның солардан азат етілуі
1
Бұдан кейін Иса мен шәкірттері көлдің арғы бетіндегі Ғадара
а
өңіріне жетті.
2
Иса қайықтан түсісімен-ақ, Оған зират арасынан шыға келген, жын соққан бір кісі кездесе кетті.
3
Сол адам қабірге арналған үңгірлерде тұратын. Ешкім оны тіпті шынжырлармен де бұғаулап қоя алмайтын.
4
Талай рет оның аяқ-қолын шынжырлармен және кісендермен бұғаулап тастаған еді, бірақ ол шынжырларды сындырып, кісендерді үзіп, қашып кететін. Оны бағындыруға ешкімнің де күші жетпеді.
5
Сол кісі күні-түні қабірлердің арасында және тау-төбелерде айқай салып, өзін-өзі таспен ұрғылайтын.
6
Әлгі адам Исаны алыстан көргенде, жүгіріп келіп, аяғына бас ұрып тағзым етті.
7
Содан соң ол қатты дауыспен:
— Құдай Тағаланың рухани Ұлы
ә
Иса, менде нең бар? Құдай үшін жалынамын: мені азаптай көрме! — деп айқай салды.
8
Себебі Иса:
— Жын, шық бұл кісіден! — деп бұйырған еді.
9
Бұдан кейін Иса:
— Атың кім? — деп сұрағанда, ол:
— Атым — «Үлкен топ»,
б
себебі біз көппіз, — деп жауап берді.
10
Адам Исадан оларды сол төңіректен қуып шығармауын қадала өтінді.
11
Сол маңдағы төбе беткейінде үлкен бір топ шошқа жайылып жүрген болатын.
12
Жындар: «Бізді шошқаларға жібере гөр, соларға енейік», — деп сұрады.
13
Иса жол берген соң, жындар сол кісіден шығып, әлгі екі мыңдай хайуанға енді. Сонда олар тік жардан көлге қарғып, суға батып, қырылып қалды.
14
Бақташылары қашып кетіп, болған оқиғаны қала мен ауылдарда айтып берді. Халық соны көруге жолға шығып,
15
Исаға келді. Олар бұрын үлкен жындар тобы буған кісінің ақыл-есі кіріп, киініп, сол жерде отырғанын көргенде қорқып кетті.
16
Болған оқиғаны өз көздерімен көргендер оларға жын қинаған адаммен не болғанын әңгімелеп, шошқалар туралы да айтып берді.
17
Сонда халық Исадан: «Біздің жерімізден кетіңіз», — деп өтінді.
в
18
Иса қайыққа мінгенде, жындарынан арылған кісі Одан: «Сізбен бірге болайыншы», — деп сұрады.
19
Бірақ Иса оған рұқсат бермей:
— Үйіңе қайтып, туысқандарың мен дос-жарандарыңа Жаратқан Иенің өзіңе не істегенін, қалай рақым еткенін айтып бер! — деп тапсырды.
20
Әлгі адам барып, Исаның өзіне не істегенін Онқала аймағында
г
жариялай бастады. Естігендердің бәрі таңданып, қайран қалысты.
Мәсіхтің ауруға және өлімге жүргізген үстемдігі
21
Иса қайыққа мініп, көлдің батыс жағына қайта оралды. Содан көлдің жағасында көп халық Оның қасына жиналды.
22
Жайыр есімді бір мәжілісхана жетекшісі де сонда келді. Жайыр Исаны көргенде, Оның аяғына жығылып:
23
«Жас қызым өлім аузында жатыр. Сауығып, тірі қалуы үшін барып, оған қолыңызды тигізе көріңізші!» — деп жалына өтінді.
24
Иса онымен бірге жүрді. Көптеп ілескен халық Оны жан-жақтан қыспақтады.
25
Халықтың арасында он екі жыл бойы қан кетіп ауырып келген бір әйел де бар еді.
26
Сол әйел көп дәрігерлерге емделіп талай азап шегіп, бар мал-мүлкін жұмсаған еді. Алайда одан еш шипа болмай, керісінше, халі бұрынғысынан бетер нашарлай түскен болатын.
27
Иса туралы хабарды естіген әйел халықтың ішінде Исаның арт жағынан жақындап келіп, Оның шапанына қолын тигізді.
28
Себебі ол өзіне-өзі: «Тек Оның шапанына қолымды тигізсем болғаны, сонда сауығып кетер едім», — деген болатын.
29
Сол сәтте-ақ қаны тоқтап, әйел өзін қинап келген дертінен сауыққанын сезінді.
30
Ал Иса дереу Өзінен біраз сауықтыру құдіретінің шыққанын сезіп, жұртқа бұрылып:
— Шапаныма қолын тигізген кім? — деп сұрады.
31
Шәкірттері Оған:
— Соншама халықтың Өзіңізді қаумалап, қыспақтап тұрғанын көре тұра, «Маған қолын тигізген кім» деп қалай сұрайсыз? — деді.
32
Бірақ Иса мұны істеген адамды көру үшін айналасына көз жүгіртті.
33
Өзіне не болғанын білген әйел қорыққаннан дірілдеп, Исаның алдына келді. Оның аяғына жығылып, шындығын түгелдей айтып берді.
34
Иса оған:
— Қарындас,
ғ
сенімің арқылы құтқарылдың. Аман-есен қайта бер, қиналған дертіңнен айықтың! — деді.
35
Иса осыны айтып тұрғанда, мәжілісхана жетекшісінің үйінен кісілер келіп: «Қызыңыздан айырылып қалдық. Енді Ұстазды әурелемей-ақ қойыңыз», — деп хабарлады.
36
Алайда Иса сол айтқандарын естіп, жетекшіге: «Қорықпа, тек сенімің болсын!» — деді.
37
Содан Ол Петір, Жақып және оның інісі Жоханнан өзге ешкімді ертпей,
38
мәжілісхана жетекшісінің үйіне барды. Сол жерден абыржығандар мен зар жылап жоқтау айтқандарды көрді.
39
Иса үйге кіріп, оларға: «Неге осылайша абыржып, жылайсыңдар? Қыз өлген жоқ, ұйықтап жатыр», — деді.
40
Олар Оның айтқанына күлді. Бірақ Иса барлығын сыртқа шығарып жіберіп, тек қыздың әке-шешесін және Өзінің қасында жүргендерді ғана ертіп, қыз жатқан бөлмеге кірді.
41
Қыздың қолынан ұстап тұрып, оған: «Талифа куми!»
д
— деді. Бұның мағынасы: Қызым, саған айтамын, тұра ғой!
42
Он екі жасар қыз бала сол сәтте-ақ орнынан тұрып, жүре бастады! Мұны көргендер үрейлері ұшып, қайран қалысты.
43
Ал Иса оларға бұл туралы ешкімге тіс жармауды қатты ескертті де, «Оған тамақ беріңдер!» — деп бұйырды.

а  Немесе: Гераса. (Ғадара және Гергеса деп те аталған Гераса Ғалилея көлінің оңтүстік-шығыс жағында орналасқан қалалар еді.)

ә  1:1; Жар 14:18-20; Лұқ 1:32,35; 8:28.

б  Түпнұсқада: «легион». (Алты мыңдай адамы бар римдік әскер бөлімінің осы атауы бұл жерде өте көп жындардың сол адамға үстемдік етіп, билік жүргізетінін білдіреді.)

в  Жар 26:16; Әйүп 21:14-15; Лұқ 5:8; 8:37.

г  7:31; Мат 4:25.

ғ  Немесе: Қызым. (Осы қаратпа сөзбен Иеміз Иса сол қиналған әйелге деген жанашырлығы мен мейірімділігін білдірді.)

д  Сол заманда көп қолданылатын арамей тілінде.