Марқа  16
Мәсіх қайта тірілді!
1
Сенбі күні өткеннен кейін
а
мағдалалық Мәриям, Жақыптың шешесі Мәриям және Салома Исаның сүйегіне май жағу салтын орындай алу үшін иісмайлар сатып алды.
2
Олар жексенбі күні
ә
ертемен, күн шыға қабірге бара жатқанда:
3
«Бізге қабір аузындағы қақпақ тасты кім домалатып ашып берер екен?» — десті.
4
Олар келіп қараса, тастың домалатылып, былай қойылғанын көрді. Ал тас тым үлкен болатын.
5
Ішке кірген әйелдер оң жақта отырған ақ киімді бір жас жігітті көріп, абыржып қорқып кетті.
6
Бірақ періште
б
оларға қарап былай деді:
— Қорықпаңдар! Айқышқа шегеленіп өлген назареттік Исаны іздеп жүрсіңдер ғой. Ол мұнда жоқ, қайта тіріліп кетті! Оның қойылған орнын қараңдар!
7
Енді барып, Оның шәкірттеріне және Петірге мынаны жеткізіңдер: Иеміз сендерден бұрын Ғалилеяға барады. Сендерге Өзі айтқандай, сол жерден Оны көресіңдер.
8
Әйелдер бойларын қорқыныш билеп, қатты дірілдеп қабірден шықты да, қаша жөнелді. Зәрелері ұшқан олар сол сәтте басқа ешкімге ештеңе айтпады.
Мәсіхтің елшілеріне Ұлы аманатын тапсырып, көкке көтеріліп кетуі
9
Иса жексенбі күні таң сәріде қайта тірілгеннен кейін ең алдымен мағдалалық Мәриямға көрінді. Бір кезде Иса оның бойынан жеті жынды қуып шығарған болатын.
в
10
Мәриям Исаға еріп жүрген, ал қазір Оны жоқтап аза тұтқан шәкірттеріне барып, оларға бұл хабарды жеткізді.
11
Алайда олар Мәриямның: «Иса тірі! Мен Оны көрдім!» дегенін естігенде нанбады.
г
12
Бұдан кейін Иса шәкірттерінің екеуіне бір ауылға кетіп бара жатқан кездерінде жолшыбай басқа бір кейіпте көрінді.
ғ
13
Олар қайта оралып келіп, қалған шәкірттеріне айтып берді, алайда солар бұл екеуіне де сенбеді.
14
Ақыр соңында, кешкі асқа отырған кездерінде, Иса он бір елшісінің өздеріне де көрінді.
д
Оларға қайта тірілген Өзін көргендерге нанбай, қиқарлық танытқандары үшін наразылық білдірді.
15
Иса оларға тағы былай деді: «Бүкіл жер бетіндегі күллі адамдарға
е
барып, Ізгі хабарды жариялаңдар!
16
Кім сеніп, шомылдыру рәсімінен өтсе,
ж
сол құтқарылады. Ал кім сенбесе, сотталады.
з
17
Сенушілер Құдайдың құдіретін көрсететін мынадай кереметтерді істемек: олар Менің атыммен жындарды қуып шығарып, жаңа тілдерде сөйлейді.
18
Егер де қолдарымен улы жылан ұстап
и
не у ішіп қойса, содан ешқандай зақым көрмейді. Ауру адамдардың үстіне қолдарын қойса, олар сауығып кетеді».
19
Сонымен Иеміз Иса олармен сөйлесіп болған соң көкке көтеріліп, Құдайдың оң жағына жайғасты.
к
20
Ал шәкірттері барлық жерлерге барып, Ізгі хабарды жариялап жүрді. Иеміз оларға жар болып,
қ
Өзінің құдіретін көрсететін кереметтері арқылы уағыздалған хабарды растап бекітті. (Аумин)

а  Яғни діни демалыс күні — сенбіде күн батқаннан кейін.

ә  Немесе: аптаның бірінші күні.

б  Мат 28:5.

в  15:40,47; Жох 20:14-18; Лұқ 8:2.

г  16:14; Жох 20:14-18.

ғ  Лұқ 24:13-31.

д  Лұқ 24:36-43.

е  (Мат 28:19; Лұқ 24:47; Жох 20:21; Елш 1:8) Яки: бүкіл жаратылысқа.

ж  Немесе: Кім сеніп, арнайы тазару рәсімінен өтсе (1:4; Рим 6:3-4; Елш 16:30-33; Түсіндірмедегі «Шомылдыру рәсімін» де қараңыз).

з  Жох 3:16,18; 5:24,29; 12:48.

и  Лұқ 10:19; Елш 28:1-6.

к  14:62; Жыр 109:1; Лұқ 24:50-52; Елш 1:9; 2:32-35; 8:56.

қ  Яки: олармен бірге әрекет етіп (Елш 1:8; 2:2-4,7-12,16-21,40-41; 3:6-13; 8:1,4-8,34-40; 17:1-6,16-20,29-34; 18:5-11).