Марқа  1
Жақия пайғамбардың Мәсіх Исаның келуін жариялауы
1
Мұнда Иса Мәсіх
а
— Құдайдың рухани Ұлы
ә
туралы Ізгі хабардың бастамасы жайында баяндама берілген.
2
Бұл жөнінде пайғамбарлардың жазбаларында Құдайдың мына тәрізді сөздері алдын ала жазылған: Біліп ал, Мен хабаршымды алдыңнан жіберемін, ол жүретін жолыңды дайындап қояды.
б
3
Жар салған дауыс шығады айдалада: Жаратқан Иеге жолды дайындаңдар! Түзу қылып даңғыл жолды салыңдар!
в
4
Осы сөздерге сай, Жақия пайғамбар (Иордан алқабындағы) иен далада пайда болып,
г
кездестірген адамдарына былай деп уағыз айтты: «Теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсіңдер! Соның белгісі ретінде шомылдыру рәсімінен
ғ
өтіңдер! Сонда Құдай күнәларыңды кешіреді».
5
Содан бүкіл Яһудея аймағы мен Иерусалим қаласынан адамдар Жақияға ағылып келіп жатты. Олар күнәларын мойындаған соң, Жақия оларды Иордан өзенінде шомылдыру рәсімінен өткізді.
д
6
Жақия түйе жүнінен шапан киіп, қайыс белбеумен белін буып жүретін, әрі шегірткелерді және жабайы араның балын жеп тамақтанатын.
е
7
Жақия былай деп те уағыз айтты: «Менен құдіретті Біреу менен кейін келе жатыр! Оның құлы болып кебісін әперуге де тұрмаймын.
ж
8
Мен сендерді суға шомылдыру рәсімінен ғана өткіздім, ал Ол сендерді Құдайдың Киелі Рухына
з
шомылдырады».
Құдайдың Мәсіх Исаға ризалығын білдіруі әрі Исаның сынақтан өтуі
9
Сол күндері Ғалилея аймағындағы Назарет қаласынан
и
Иса осы жерге келді. Жақия Оны Иордан өзенінде шомылдыру рәсімінен өткізді.
10
Иса судан шыққан бойда көктің ашылып, Киелі Рухтың көгершін сияқты Өзінің үстіне қонғанын көрді.
к
11
Көктен: «Сен Менің сүйікті рухани Ұлымсың,
қ
Саған толықтай ризамын!» — деген дауыс шықты.
12
Мұнан кейін көп ұзамай Киелі Рух Исаны айдалаға баруға мәжбүрледі.
13
Жабайы аңдар мекендейтін сол жерде Иса қырық күн болып, әзәзіл шайтан Оны сынақтан өткізді. Содан кейін періштелер Исаға қызмет көрсетті.
л
Мәсіх Исаның қызметіне кірісіп, алғашқы шәкірттерін таңдап алуы
14
Жақия пайғамбар тұтқындалғаннан
м
кейін, Иса Ғалилея аймағына барды. Сонда Ол Құдайдың Ізгі хабарын
н
жариялап былай деді:
15
«Енді уақыт жетіп, Құдайдың Патшалығының жер бетіне орнайтын кезі таяп қалды!
о
Теріс жолдан қайтып, Құдайдың жолына түсіп, Ізгі хабарға сеніңдер!»
16
Бірде Иса Ғалилея көлінің жағасымен келе жатып, Шимонды
ө
және оның інісі Әндірді көрді. Балық аулап күнелтіп жүрген олар көлге ау салып жатты.
17
Иса оларға тіл қатып: «Соңымнан еріңдер! Мен сендерді балық аулағандарың сияқты, бұдан былай адамдарды жинап әкелетін етемін»,
п
— деді.
18
Екеуі дереу ауларын тастап, Исаға шәкірт болып ерді.
19
Иса тағы біразырақ жүргеннен кейін, Зебедейдің ұлдары Жақып пен Жоханды көрді. Екеуі қайықта ауларын жамап отыр екен.
20
Иса оларды да бірден Өзіне шақырды. Екеуі әкелері Зебедейді жұмысшыларымен бірге қайықта қалдырып, Исаға шәкірт болып ерді.
Мәсіх Исаның уағыз айтып, құдіретін көрсете бастауы
21
Иса шәкірттерімен бірге Қапарнаум
р
қаласына барды. Келесі демалыс күні Иса мәжілісханаға
с
барып, жұртқа тәлім бере бастады.
22
Олар Оның тәліміне таңданып, қатты қайран қалды. Себебі Иса оларға дін мұғалімдері
т
сияқты емес, Құдайдан келген ерекше билікпен
у
тағылым берді.
ұ
23
Сол кезде мәжілісханада жын
ү
соққан бір кісі де болды. Ол қатты дауыстап:
24
— Назареттік Иса, бізде нең бар? Бізді құртуға келдің ғой! Кім екеніңді білемін: Сен Құдайдың Киелісісің!
ф
— деп айқайлады.
25
Бірақ Иса жынға:
— Үніңді өшір, шық одан! — деп қатаң бұйырды.
26
Сонда жын сол адамды қалшылдатып, қатты дауыспен айқай салып, денесінен шығып кетті.
27
Барлық жұрт үрейлері ұшып: «Бұл немене? Не қылған жаңа ілім? Ол тіпті жындарға билікпен бұйрық беріп, олар Оған бағынады ғой!» — деп өзара сұрасып, таңғалысты.
28
Тез арада Иса туралы хабар сол төңіректегі Ғалилея аймағының барлық жеріне жайылды.
29
Көп ұзамай Иса мәжілісханадан шығып, Жақып, Жоханмен бірге Шимон мен Әндірдің
х
үйіне барды.
30
Шимонның қайын енесі безгекпен ауырып,
ц
төсек тартып жатыр екен. Үйдегілер бірден бұл туралы Исаға айтып берді.
31
Иса әйелдің қасына барып, оны қолынан ұстап орнынан тұрғызды. Сол сәтте-ақ қызуы басылып сауығып кетті!
ч
Әйел оларды күтіп қызмет ете бастады.
32
Күн батып, кеш түсе жұрт науқастар мен жын соққандардың барлығын Исаға алып келді.
33
Күллі қала халқы сыртта, есік алдына жиналды.
34
Иса алуан түрлі аурулармен азап шеккен талай науқастарды сауықтырып, көптеген жындарды қуып шығарды. Өзінің Мәсіх
ш
екенін жындар білгендіктен, Иса оларды сөйлетпей тастады.
ы
35
Ертеңіне таң атпай тұрып, үйден шыққан Иса оңаша бір жерге барып, мінажат етті.
і
36
Ал Шимон мен қасындағылар Исаны іздеп шықты.
37
Оны тапқаннан кейін Оған:
— Елдің бәрі Сізді іздеп жүр, — деді.
38
Ал Иса оларға:
— Жақын маңайдағы ауылдар мен қалаларға барайық! Сол жерлерде де Ізгі хабарды уағыздамақпын. Себебі Мен сол үшін осы дүниеге келдім, — деп жауап берді.
39
Бұдан кейін Иса бүкіл Ғалилея аймағын аралап жүріп, мәжілісханаларында
э
уағыз айтты, әрі адамдардың бойындағы жындарды қуып шығарды.
40
Бірде алапеспен ауырған
ю
бір кісі Исаның қасына келді. Сол адам тізе бүгіп тағзым етіп Исадан:
— Егер қаласаңыз, мені құлантаза сауықтыра аласыз, — деп өтінді.
41
Оған жаны ашыған Иса қолын созып, денесіне тигізді де:
— Қалаймын, құлантаза сауығып кет! — деді.
42
Сол сәтте-ақ ауру адам алапесінен арылып, тазарды!
43
Көп ұзамай Иса оны жолға шығарып, оған былай деп қатаң тапсырды:
44
«Байқа, бұл туралы ешкімге де тіс жарушы болма! Бірақ діни қызметкерге барып, қарал. Содан кейін Мұса пайғамбар бұйырған тазару рәсіміне арналған құрбандықты ұсын.
я
Бұл жұртқа сенің сауыққаныңның дәлелі болады».
45
Алайда әлгі адам сол жерден шығысымен-ақ болған оқиға туралы бүкпесіз айтып, хабарды тарата бастады. Сондықтан Иса бұдан кейін қалаларға ашық түрде кіре алмай, қала сыртындағы елсіз далада тұратын болды. Ал халық Оның қасына әр жақтан ағылып келіп жатты.

а  Иса: осы есім Ешуа яки Иесус деп те дыбысталатын. Оның мағынасы: Жаратқан Ие — Құтқарушы. Мәсіх: (Құдай уәде еткен) Құтқарушы Патша (1:34; Жох 20:31; Түсіндірмені де қараңыз).

ә  Құдайдың (рухани) Ұлы деген атақ табиғи туудан пайда болған тәндік туыстықты білдірмейді. Қайта, ол Мәсіх пен Құдай арасындағы ерекше рухани байланысты бейнелейді (Пат2 7:14; Жыр 2:7; Иш 7:14; 9:6-7; Лұқ 1:30-35; 2:9-11; Жох 1:3,14; Қол 1:15-16; Түсіндірмедегі «Құдай Сөзін» және «Құдайдың рухани Ұлын» да қараңыз).

б  Мал 3:1.

в  Иш 40:3.

г  Лұқ 1:80; 3:2-3.

ғ  Яки: арнайы тазару рәсімінен (16:16; Түсіндірмені де қараңыз).

д  Леу 26:40-42; Жыр 31:5; 50:9; Нқл 28:13.

е  Өмір сүру қалпы Ілияс пайғамбардікіне ұқсағандықтан, бірсыпыра яһудилер Жақияны Ілияс секілді пайғамбар деп түсінді (6:15; 9:11-13; Пат4 1:8; 2:13; Мал 4:5; Зәк 13:4).

ж  Немесе: Оған иіліп аяқкиімінің бауын шешуге де тұрмаймын.

з  Яки: Киелі Рухқа (Елш 1:5,8; 2:2-4).

и  Мат 2:23.

к  Немесе: шыққан бойда (Жақия) көктің ашылып, Киелі Рухтың көгершін сияқты Оның үстіне қонғанын көрді. (Бұл жерде көгершін Құдайдың Киелі Рухының адалдығы мен пәктігін бейнелейді: 10:16; Лұқ 4:18; Жох 1:32-34.)

қ  Яки: сүйікті Ұлымсың (1:1).

л  Мат 4:1-11.

м  Мат 4:12; Лұқ 3:20.

н  Немесе: Құдайдың жер бетіне жүргізетін ізгілікті билігі туралы Ізгі хабарды.

о  (1:14; Мат 6:9-10) Яки: Құдайдың Патшалығы таяп келді!

ө  Яғни Шимон Петірді (3:16).

п  Немесе: адамдарды Құдайдың ізгі жолына түсірушілер етемін (3:14; 6:7-13; Лұқ 10:1-9,16).

р  Ғалилея көлінің жағасындағы үлкен қала (9:33; Лұқ 4:31; 10:15; Жох 4:46).

с  Исраил халқының демалып, Жаратқан Иеге сиынуға жиналатын күні сенбі болатын. Мәжілісхана: жиналыс үйі (Түсіндірмені қараңыз).

т  Түсіндірмені қараңыз.

у  Яки: өкілеттік (Исаның Киелі жазбаларды түсіндіруге өзіндік еркі мен түсінігі бар еді: Лұқ 2:46-47; 4:32).

ұ  Билік: Лұқ 4:32.

ү  Яки: (әзәзіл шайтанға бағынышты) арам рух, пері (5:2; 7:25; 9:25; Мат 12:43-45).

ф  Яки: Сен Құдайға бағышталғансың (Түсіндірмедегі «Киеліні» қараңыз).

х  1:16,19.

ц  Яки: Шимон Петірдің қайын енесінің қызуы көтеріліп. (Көл жағасындағы батпақты жерлерде безгек ауруы кең жайылған еді.)

ч  5:41-42; Жох 4:52.

ш  Құдай пайғамбарлары арқылы уәде еткен Құтқарушы Патша (1:1; 3:11-12; Лұқ 4:41).

ы  1:23-25; 3:1-12.

і  Яки: барып, көктегі Әкесіне сиынды (1:1,11).

э  1:21.

ю  Алапес секілді тері ауруларымен науқастанғандар таза емес (арам) деп есептеліп, адамдардың арасынан аластатылатын (Леу 13).

я  Леу 14:2-32.