Миха  1
Кіріспе
1
Яһуда еліне Жотам, Ахаз және Езекияның патшалық құрған замандарында
а
Жаратқан Ие морешеттік Михаға
ә
сөзін арнады. Көрген аяндарында Михаға ашылған хабарлар
б
Самария мен Иерусалим
в
туралы болды.
2
«Уа, күллі халықтар, тыңдаңдар! Уа, жер мен онда тұратындардың барлығы, құлақ түріңдер! Жаратушы Тәңір Ие сендерге қарсы куәлік келтіреді. Ол Өзінің (көктегі) киелі үйінен сендерді әшкерелеп, айыптайды».
Солтүстік Исраил мен Яһуданың сотталуы
3
«Қараңдар! Жаратқан Ие Өзінің көктегі тұрағынан шығып,
г
төмен түсіп келіп, жердің биіктеу орындарын
ғ
басып таптайды.
4
Сонда таулар Оның табанының астында отқа еріген балауыздай балқып, аңғарлар қақ айырылады. Жартастар су іспетті тау баурайынан ылдилап ағып жатады.
5
Бұның барлығы Жақыптың ұрпақтарының бас көтерулеріне әрі Исраил халқының жасаған күнәларына бола осылай болып отыр. Ал Жақыптың ұрпақтарының бас көтеруі қай жерден басталды? Ол Самария қаласынан басталды емес пе?! Сондай-ақ, Яһуданың жалған тәңірлерге табынатын биіктеу орны дегеніміз не? Сол Иерусалим емес пе?!»
6
(Жаратқан Ие мынаны айтады:) «Сондықтан Мен Самария қаласын даладағы қираған үйіндіге, жүзімдік отырғызатын қаңыраған бос жерге айналдырамын! Оның қамалының тастарын сайға қарай домалатып құлатамын, іргетастарын жалаңаштап ашып тастаймын.
7
Самарияның барлық тәңірлерінің мүсіндері қиратылып, соларға бағышталған сыйларының бәрі отқа өртеліп, ондағы алтын-күміс балқытылады. Осылай Мен оның бүкіл тәңірсымақтарын құртамын. Қала осы алтын-күмісін жезөкшеліктің
д
ақысы ретінде жинағандықтан, олары (басқа жаққа әкетіліп) қайтадан жезөкшелік үшін төлем ретінде пайдаланылатын болады».
Яһуда еліндегі жылау және қасірет
8
(Миха былай деді:) «Сол себепті мен Самарияны жоқтап жылаймын, жалаң аяқ та жалаңаш
е
жүретін боламын. Шибөрідей ұлып, жапалақтай қайғылы дыбыс шығарамын.
9
Өйткені Самарияның жарасы жазылмайтындай ауыр, ол Яһудаға да жетті. Осы пәле халқымның қақпасына,
ж
тіпті Иерусалим қаласына да жетіп қалды.
10
(Філістір еліндегі) Ғат қаласында мұны хабарламаңдар, еш жылап-сықтамаңдар! Бет-Офраның халқы, қайғырып топыраққа аунаңдар!
з
11
Шафирдің тұрғындары, жалаңаштанып масқара болып, жер аударылып кетіңдер! (Яһудадағы) Сананда тұратындар қорқып далаға шықпайды. Бет-Еселдегілер: «Оның қорғауы сендерден алынып қойылды-ау!» — деп жоқтау айтады.
12
Мароттың тұрғындары құтқарылуды тағатсыздана тосуда. Ал Жаратқан Ие апат жіберіп, ол тіпті Иерусалимнің қақпаларына жетіп қалды.
13
Уа, Лахыштың тұрғындары, күймелеріңе аттарыңды жегіп, қашыңдар! Сион қаласының күнәға батуы сендердің кесірлеріңнен болды. Өйткені Солтүстік Исраилдің күнәсі (яғни жалған тәңірлерге табынушылығы) сендер арқылы тарады.
14
Ал енді Морешет-Ғат қалашығына соңғы сый-тартуларыңды беріңдер! Ахзиб қаласы да Исраилдің патшаларының үміттерін ақтамай, қиратылып жоқ болады.
15
Марешада
и
тұратындар, мен тағы да сендерге қарсы жаулап алушыны жіберемін! Содан Исраилдің атақтылары Адулламға қашып барып, (ондағы үңгірлерде бас сауғалайды).
16
Өздеріңе сондай сүйікті балаларыңды аза тұтып, шаштарыңды тақырлап алып тастаңдар! Бастарыңды тазқараның басындай қылып тақырлаңдар! Өйткені балаларың жер аударылып айдалып әкетіледі».

а  Пат4 15:5,32,38; 16:1,20; 18:1; Иш 1:1; Ош 1:1.

ә  Ерм 26:18.

б  Амо 1:1; Абқ 1:1.

в  Кейде Самария бүкіл Солтүстік Исраилді, ал Иерусалим бүкіл Яһуда елін білдіреді (Пат3 13:32; Иш 10:10).

г  1:2; Иш 26:21.

ғ  Яғни таудағы бекіністерді және жалған тәңірлерге бағышталған табыну орындарын (1:4,5; Амо 4:13).

д  Жалған тәңірлерге табыну жезөкшелік және неке адалдығын бұзу деп астарлап айтылатын (Мыс 34:15, Бил 2:17,19; Езк 23:29-30).

е  Яки: сырт киімсіз, тек бел орауыш тағып алып (Иш 20:2-3).

ж  Яки: халқымның басшыларына. (Қала қақпасының жанындағы алаңда басшылар отырып билік айтатын: Рут 4:1-4; Пат3 22:10.)

з  Иш 47:1.

и  Осы қаланың аты түпнұсқа тілінде «жаулап алушы» деген іспетті естіледі.