Матай  9
Мәсіхтің күнәні кешіруге деген билігі
1
Иса қайыққа мініп, көлдің батыс жағасына өтіп, Өзі тұрған Қапарнаум қаласына
а
қайта оралды.
2
Міне, біреулер Оған сал болып ауырған бір адамды төсегімен көтеріп алып келді. Иса олардың сенімдерін көріп, сал адамға: «Жігерлен, балам, сенің күнәларың кешірілді!» — деді.
3
Сонда дін мұғалімдері: «Бұл Кісі Құдайды қорлап тұр ғой!» — деп іштей наразы болды.
4
Олардың осы ойларын біле қойған Иса:
— Неге сондай жамандық ойлайсыздар?
5
Қайсысын айту оңайырақ: «Сенің күнәларың кешірілді!» деу ме, әлде: «Орныңнан тұрып, жүре бер!» деу ме?
6
Ал Билеуші ретінде көктен келген Менің жер бетінде күнәларды кешіруге билігімнің бар екендігін
ә
білулеріңіз үшін,.. — деп, сал адамға қарап: — Орныңнан тұр да, төсенішіңді жинап алып, үйіңе бар! — деп тапсырды.
7
Ауру адам орнынан тұрды да, үйіне кетті!
8
Мұны көрген халықтың зәрелері ұшып, олар адамдарға осындай билік берген Құдайға мақтау айтты.
Мәсіхтің күнәкарларды тәубеге шақыруы әрі салықшы Матайдың шәкірттерге қосылуы
9
Иса сол жерден кетіп бара жатып, салық кеңсесінің қасында отырған Матай есімді салықшыны
б
көрді. Оны: «Соңымнан ер!» — деп шақырды. Сонда Матай орнынан тұрып, Исаға шәкірті болып ерді.
10
Кейін Иса Матайдың үйінде дастарқан басында отырды. Көптеген салық жинаушылар және өзге де күнәкарлар сонда келіп, Исамен және шәкірттерімен дастарқандас болды.
11
Ал мұны көргенде парызшылдар
в
Оның шәкірттеріне:
— Ұстаздарың неге салықшылармен және басқа күнәкарлармен бірге тамақ ішіп отыр? — деп наразылық білдірді.
12
Иса мұны естіп, оларға былай деп жауап берді:
— Дәрігер дені сауға емес, ауру адамға қажет.
13
Сендер Жаратқан Иенің: «Мен құрбандық шалғандарыңнан гөрі берік мейірімділік көрсеткендеріңді қалаймын»
г
деген сөзінің мағынасын ұғынып алыңдар! Мен «әділдерді»
ғ
емес, күнәкарларды (теріс жолдан қайтуға) шақыру үшін келдім.
Ораза туралы сұрақ
14
Сол кездері Жақия пайғамбардың шәкірттері Исаға келіп:
— Біздер де, парызшылдар да жиі ораза ұстаймыз, ал Сіздің шәкірттеріңіз неге ораза ұстамайды? — деп сұрады.
15
Иса оларға астарлап былай деп жауап берді:
— Күйеу жігіт қастарында болғанда тойға келгендер қайғыра ала ма?
д
Бірақ та «Күйеуді» қастарынан алып кететін күн туады;
е
сол кезде олар ораза ұстайтын болады.


16
Ескі киімді жаңа матамен жамамас.
ж
Олай етсе, жамау отырып,
з
ескі матадан жұлынып қалады, сонда жыртық бұрынғысынан бетер үлкен болады.
17
Сондай-ақ, жас шарапты ескі торсыққа құймас. Олай етсе, быршып ашыған шарап торсықты жарып, ағып кетеді, торсық та пайдадан қалады. Керісінше, жас шарапты жаңа торсыққа құйған дұрыс. Сонда екеуі де сақталады.
Мәсіхтің ауру мен өлімнен құтқаратын құдіреті
18
Иса оларға осыны айтып отырғанда, Оның қасына бір мәжілісхана жетекшісі келді. Жетекші Исаға тізе бүгіп тағзым етіп: «Қызым жаңа ғана қайтыс болды! Бірақ Сіз барып, қолыңызды тигізе көріңізші. Сонда ол тіріледі», — деп өтінді.
19
Иса орнынан тұрып, шәкірттерімен бірге оған ерді.
20
Сол заматта бір әйел Исаның арт жағынан жақындап келіп, Оның шапанының шетіне қолын тигізді. Әйел он екі жыл бойы қан кетіп қиналып жүрген еді.
21
Ол өзіне-өзі: «Тек Оның шапанына қолымды тигізсем болғаны, сонда сауығып кетер едім», — деген болатын.
22
Иса бұрылып, оны көріп: «Қарындас,
и
жігерлен, сенімің арқылы құтқарылдың!» — деді. Әйел сол сәтте-ақ сауығып кетті.


23
Иса жетекшінің үйіне жеткенде, азалы әуен тартып жатқан сыбызғышыларды және абыржыған жоқтаушы жұртты көрді. Оларға:
24
«Бұл жерден шығыңдар! — деп бұйырды. — Қыз өлген жоқ, ұйықтап жатыр». — Бірақ олар Оның айтқанына күлді.
25
Алайда жұрт сыртқа шығарылғаннан кейін Иса ішке кіріп, қыздың қолынан ұстады. Сонда ол тіріліп, орнынан тұрды!
26
Бұл керемет туралы хабар бүкіл аймаққа тарады.
27
Иса сол жерден кетіп бара жатқанда, Оның соңынан екі соқыр кісі ілесіп:
— Дәуіттің Ұрпағы, бізге рақым ете көріңіз! — деп айқайлап жалбарынды.
28
Иса үйге кіргеннен кейін сол екі зағип Оның қасына келді. Иса:
— Менің солай істей алатыныма сенесіңдер ме? — деген сұрақ қойды. Олар:
— Иә, Тақсыр, сенеміз, — деп жауап берді.
29
Сонда Иса:
— Сенімдеріңе сай болсын! — деп, көздеріне саусағын тигізді.
30
Сонда зағиптардың көздері ашылып, көретін болды! Иса оларға: «Байқаңдар, бұл туралы ешкім білмесін!» — деп қатты ескертті.
31
Алайда олар далаға шығып, Иса туралы хабарды сол төңіректегі барлық жұртқа жайды.
32
Бұлар кетіп бара жатқанда, жұрт Исаның алдына жын соққан бір мылқауды алып келді.
33
Жыны қуып шығарылғаннан кейін мылқау сөйлей бастады. Көптеп жиналған халық қайран қалып:
— Мұндай керемет оқиға Исраилде ешқашан болған емес! — десті.
34
Бірақ парызшылдар:
— Ол жындарды солардың әміршісінің күшімен қуып шығарады!
к
— деп жала жапты.
Мәсіхтің он екі елшісін Ізгі хабарды жариялауға жіберуі
35
Бұдан кейін Иса барлық қалалар мен ауылдарды аралап, мәжілісханаларында
қ
халыққа тәлім берді; Патшалық туралы Ізгі хабарды уағыздап, адамдарды ауру-сырқау атаулыдан сауықтырды.
36
Иса көптеп жиналған халықты көргенде, оларға жаны ашыды. Себебі адамдар бағушысы жоқ қойлардай қалжыраған бейшара күйде болатын.
л
37
Сонда Ол шәкірттеріне: «Оратын егін көп, бірақ жұмысшылар аз.
38
Сондықтан егіннің Иесінен оны жинап алатын жұмысшылар жіберуін өтініңдер!» — деп тапсырды.
м



а  4:13; Мар 2:1.

ә  Немесе: Ал Құдай тағайындаған Билеушінің (8:20; яки «Адам Ұлының») жер бетінде күнәларды кешіруге билігінің бар екендігін (Жох 5:27).

б  (5:46; 10:3) Матайдың қосымша аты: Леуі (Мар 2:14; Лұқ 5:27). Ол кейін осы «Ізгі хабарды» жазып қалдырды.

в  3:7; 5:20; Түсіндірмені де қараңыз.

г  Құдайдың Ошия пайғамбар арқылы жолдаған хабары (Ош 6:6).

ғ  Яғни әділсінгендерді (өздерін әділміз деп санайтын діндарларды: Лұқ 18:9-14; Рим 3:10; Жыр 13:3).

д  Иса («Күйеу») сенушілерімен бірге болған уақыт той сияқты көңілді кезең, сонда қайғырып ораза ұстау жөнсіз (Ош 2:19-21,23; Мар 2:19; Жох 3:29; Қор2 11:2).

е  16:21.

ж  Немесе: Ешкім ескі киімді ағартылмаған жаңа матамен жамамас. (Яғни діндарлардың үйіп-төгіп шығарған ескі ережелері және Құдайдың жаңа Ізгі хабары бір-біріне сәйкес келмейді: 11:28-30; 22:36-38; 25:34-40; Лұқ 11:46; 10:25-37.)

з  Яки: апшып (қысқарып).

и  Немесе: Қызым. (Осы қаратпа сөзбен Иса сол қиналған әйелге деген жанашырлығы мен мейірімділігін білдірді.)

к  Яғни жындарды әзәзіл шайтанның күшімен қуып шығарады. (Парызшылдардың осы жаласы Құдайдың Киелі Рухын қорлаумен тең еді: 12:24,28,32.)

қ  4:23.

л  Езк 34:5-6.

м  10:6-7,16; Лұқ 10:2; Жох 4:35-36,39,41.