Матай  6
Сенушінің Құдай алдындағы өмірі: шынайы мейірім, мінажат және ораза
1
Байқаңдар, мейірімді істеріңді жұрт алдында көзге түсу үшін істемеңдер! Әйтпесе сендердің көктегі Әкеден ешқандай сыйларың болмайды.
2
Сондықтан қайыр бергенде оны екі жүзділер секілді жұрт мақтасын деп мәжілісханалар мен көшелерде жариялатпаңдар!
а
Сендерге шындығын айтамын: олар алмақ сыйларын осымен-ақ алып қойды.
3
Ал сендер қайыр бергенде, не істегендеріңді сырлас достарың да білмесін!
ә
4
Осылайша жасаған қайырымдылықтарың құпия болмақ. Сонда құпия істердің бәрін көретін Әкелерің сендерге сыйын бермек.
б
5
Құдайға сиынғанда да екі жүзділердей болмаңдар: олар жұрт көзіне түсу үшін мәжілісханаларда, көше бұрыштарында тұра қалып мінажат етуді
в
жақсы көреді. Сендерге шындығын айтамын: олар алмақ сыйларын осымен-ақ алып қойды.
6
Ал сендер мінажат еткенде өз бөлмелеріңе кіріп, есігін жауып алып, көзге көрінбейтін Әкелеріңе сиыныңдар! Сонда құпия істердің бәрін көретін Әкелерің сендерге сыйын бермек.
7
Құдайға сиынғанда жалған тәңірлерге құлшылық етушілер
г
іспетті құр сөз сөйлей бермеңдер! Олар көп сөз айтсақ еститін болады деп есептейді.
8
Сендер сондайларға ұқсамаңдар! Себебі көктегі Әкелерің өздерің сұрамай тұрып-ақ, сендерге не керек екенін біледі.
9
Сонымен Құдайға мына іспетті мінажат етіп сиыныңдар:
ғ


Көктегі Әкеміз!
Сенің киелі есімің қастерлене берсін,
10
Патшалығың осында орнасын!
д
Сенің еркің көкте орындалғандай,
Жер бетінде де орындала берсін!
11
Күнделікті нанымызды бүгін де бере гөр.
12
Бізге күнә жасағандарды кешіргеніміздей,
Сен де күнәларымызды кешіре гөр.
13
Азғырылуымызға жол бермей,
Бізді жамандықтан сақтай гөр.
е
(Патшалық, құдірет және ұлылық
Мәңгі бақи Сенікі! Аумин.)


14
Егер өздеріңе күнә жасағандарды кешірсеңдер, онда көктегі Әкелерің сендерді де кешіреді.
15
Ал егер басқалардың күнәларын кешірмесеңдер, онда көктегі Әкелерің сендердің де күнәларыңды кешірмейді.
16
Ораза ұстағанда екі жүзділердей беттеріңді тұнжыратып жүрмеңдер! Олар ораза тұтқандарын мұңайған түрлерімен жұртқа әдейі білдіреді. Сендерге шындығын айтамын: олар алмақ сыйларын осымен-ақ алып қойды.
17
Ал сендер ораза ұстағанда да бастарыңды жуып, шаштарыңды ретке келтіріңдер.
ж
18
Осылайша ораза ұстағандарыңды жұрт емес, көзге көрінбейтін Әкелерің ғана білетін болсын. Сонда құпия істердің бәрін де көретін Әкелерің сендерге сыйын бермек.
Мәңгі жоғалмайтын байлық жинап, уайымдамай өмір сүру
19
Жер бетінде өздеріңе дүние-байлық жинамаңдар! Оларды күйе жеп, тот басады немесе ұры бұзып кіріп, ұрлап кетеді.
20
Қайта, өздеріңе байлықты көкте жинаңдар! Сол жерде оны не күйе жемейді, не тот та баспайды, ұры да бұзып кіріп, ұрлап кетпейді.
21
Байлықтарың қайда болса, жүректерің
з
де сонда.
22
Дененің «шамы» — көз.
и
Көзің кіршіксіз таза болғанда өмірің түгелдей нұрға кенеледі.
23
Ал егер ашкөз болсаң, бүкіл өміріңді қараңғылық басады. Сонымен, егер өміріңде нұр орнына қараңғылық болса, ол қандай қара түнек болмақ!
к
24
Ешкім екі қожайынға бірдей қызмет ете алмайды. Өйткені ол біреуін екіншісінен артық көріп, соған бағышталады, ал екіншісіне немкетті қарайтын болады. Сол сияқты, сендер де Құдайға және байлыққа бірдей бағышталып қызмет ете алмайсыңдар!
қ
25
Сондықтан сендерге мынаны айтамын: не ішіп-жейміз деп өмірлеріңді, не киеміз деп тәндеріңді уайымдамаңдар! Өмір тамақтан, тән киімнен артық қой!
26
Әуеде ұшқан құстарға назар салыңдаршы: олар егін екпейді де, ормайды да, өнімін қамбаға жинамайды да, бірақ көктегі Әкелерің оларды асырайды. Ал сендер құстардан әлдеқайда артық емессіңдер ме?!
27
Сондай-ақ осындай мәселелерді уайымдап, араларыңдағы қайсың өз бойын тіпті бір қарыс ұзарта алады?
л
28
Неге киімдеріңді ойлап уайымдап жүрсіңдер? Даладағы қызғалдақтардың қалай өсіп тұрғанына көңіл бөліңдерші: олар еңбек те етпейді, жіп те иірмейді.
29
Сендерге былай деймін: тіпті Сүлеймен патша өзінің бар сән-салтанатында сол гүлдердің біріндей әдемі киінбеген.
30
Ал енді, бүгін далада өсіп тұрған, ертең отқа тасталатын шөпті Құдай солай киіндірсе, сендерді, әлбетте, одан бетер киіндірмей ме, сенімі аздарым-ай!
31
Сондықтан не ішіп-жейміз, не киеміз деп уайымдамаңдар!
32
Тәңірге мойынсұнбайтындар барлық сондай нәрселерге ие болуға тынымсыз ұмтылуда. Ал бұлардың бәрінің сендерге қажет екенін көктегі Әкелерің біледі ғой.
33
Ең бастысы, Құдайдың Патшалығының қамын ойлап, Құдайдың әділ еркін орындауға ұмтылыңдар!
м
Сонда көктегі Әкелерің сендерге бұлардың бәрін қосып береді.
34
Сонымен, ертеңгі күн туралы уайымға салынбаңдар! Ертеңгі күннің өз уайымдары болады.
н
Әр күннің қиыншылығы өзіне жетерлік.
о

а  Немесе: жиналыс үйлері мен көшелерде керней тартқызып жариялатпаңдар!

ә  Немесе: Ал сен қайыр бергенде, оң қолыңның не істегенін сол қолың білмесін (яки: соған мақтанып, көкіректенбе) (25:34-40).

б  Немесе: сыйын (құпия емес, ашық) бермек. (6-аятта да осылай.)

в  Яки: тұра қалып Құдайға сиынып дұға оқуды.

г  Яки: (шынайы) Құдайға мойынсұнбайтындар, бөтен ұлт адамдары (4:15; 5:47).

ғ  Яки: Сонымен (Құдайдың еркі орындалсын деп шынайы сеніммен) Оған былай деп мінажат етіңдер (Жох 15:9-16; 16:23-24; Жақ 1:5-6).

д  Яки: Осы дүниеде ізгілікті билігің орнап, адамдар Саған мойынсұнсын! (3:2; Лұқ 11:2; Түсіндірмедегі «Құдайдың Патшалығын» да қараңыз.)

е  Яки: Бізді азғыратын сынаққа түсірмей, әзәзіл шайтанның ықпалынан құтқара гөр (Қор1 10:13; Пет2 2:9; Жақ 1:13-15).

ж  Немесе: бастарыңа май жағып, беттеріңді жуыңдар. (Шашқа май жағу сол заманғы дәстүр болатын: Лұқ 7:46.)

з  Яки: жан дүниелерің мен арман-тілектерің (5:8; 12:34-35; Нқл 4:23).

и  Яки: Жарық адамға көзі арқылы кіріп, шындықты көріп білуіне мүмкіндік береді.

к  Немесе: Ал егер көзің зұлым болса, бүкіл денең қараңғы болады. Сонымен, егер ішіңдегі нұр (яки пенделік данышпандық) қараңғылық болса, онда ол қандай қараңғылық! (Еф 4:18; Рим 1:21; Иш 44:18)

қ  4:10; Еш 24:15; Лұқ 14:26; 16:13.

л  Немесе: қайсың өз өмірін тіпті біраз уақыт ұзарта алады? (Лұқ 12:25)

м  Немесе: Құдайдың Патшалығына еніп, Ол сыйлайтын әділдікке ие болуға ұмтылыңдар! (3:2; 7:13-14; 13:44-46; Лұқ 12:31; Жох 6:27).

н  Немесе: Құдай ертеңгі күннің де қам-қарекетін ойлайды (6:11,25).

о  Яғни бүгінгі мәселені бүгін шеш (Лұқ 10:41-42; 12:11-12; Пет1 5:7; Тім1 5:8; Қор1 12:25; Сал2 3:6-12).