Матай  5
Таудағы уағыздың басы: шынайы бақыт жайлы
1
Жиналған халықты көргенде Иса тауға көтеріліп, бір жерге жайғасып отырды. Сол кезде шәкірттері қасына келді.
2
Иса оларға былай деп тәлім берді:


3
— Құдай алдында құр алақан тұрғандар бақытты:
а
Құдайдың Патшалығы сондайларға арналған!
ә
4
Күнәларына өкініп қайғырғандар бақытты:
Құдай оларды жұбататын болады!
б
5
Кішіпейіл жандар бақытты:
олар жерді иемденетін болады!
в
6
Әділдікті аңсап зарыққандар бақытты:
олар қанағат табатын болады!
г
7
Мейірімділер бақытты:
Құдайдың мейірімі соларға түседі!
ғ
8
Жүректері пәк тазалар бақытты:
олар Құдайды көретін болады!
д
9
Татуластырушылар бақытты:
олар Құдайдың рухани балалары деп аталмақ!
е
10
Әділдік үшін қудаланғандар бақытты:
Құдай Патшалығы сондайларға арналған!


11
Адамдар сендерді Маған бола қорлап, қудалап,
әр түрлі жала жауып жамандаса, бақыттысыңдар!
12
Қуана шаттаныңдар,
себебі көкте сендерді зор сыйларың күтіп тұр!
Жұрт сендерден бұрынғы пайғамбарларды да солай қудалаған.
«Тұз» және «нұр»: сенушінің күнәкар дүниедегі іс-әрекеті
13
Сендер жер бетінде тұз сияқтысыңдар. Ал егер тұз өз күшінен айырылған болса,
а
онысын қалай қалпына келтіруге болады? Еш нәрсеге жарамсыз болып шыққандықтан, оны лақтырып тастап, аяқ асты ету ғана қалады.
14
Сендер дүниеге (Құдай жолын көрсететін) «нұрсыңдар».
ә
Төбе басына салынған қала жасырынып қала алмайды.
15
Ешкім шам жағып, оны ыдыспен бүркеп қоймайды. Қайта, оны шам қойғышқа
б
қояды, сонда оның жарығы үйдегілердің бәріне түседі.
16
Сол сияқты, сендердегі «нұр» адамдарға сәулесін төксін. Осылайша олар игі істеріңді көріп, көктегі Әкелеріңді
в
мадақтап дәріптесін.
Киелі жазбалардың толық мағынасы
17
Мені Таурат заңы мен Пайғамбарлар жазбаларының күшін жою үшін келді деп ойламаңдар: Мен оларды жою үшін емес, қайта, толық мағынасында жүзеге асыру үшін келдім.
18
Сендерге шындығын айтайын: аспан мен жер жойылып кетпейінше, Таурат заңының бірде-бір әрпі, тіпті бір кішкентай сызығы да күшінен айырылмайды, әуелі бәрі де жүзеге асады.
19
Сондықтан кімде-кім ондағы өсиеттердің тіпті ең кішкентайын болса да бұзып, басқаларды соған үйретсе, Құдай Патшалығындағы адамдардың арасында оның жолы ең кішкентай болады. Ал өсиеттерді орындап, жұртты соған үйреткендердің Құдай Патшалығындағы жолы үлкен болады.
20
Сендерге айтамын: егер Құдайдың әділ еркін дін мұғалімдері мен парызшылдардан
г
артық орындамасаңдар, Оның Патшалығына еш кіре алмайсыңдар!
Кісі өлтіру, жек көру және татуласу туралы
21
Ежелгі адамдарға: «Кісі өлтірме!
ғ
Кісі өлтірген әркім сотталуға тиіс» деп бұйырылғанын естідіңдер.
22
Ал Мен сендерге былай деймін: кімде-кім басқа адамға кәрін төксе,
д
сол сотталмақ. Басқаны «Сенен еш пайда жоқ!» деп балағаттайтын әркім Жоғарғы кеңес
е
алдында жауап бермек, ал «Құдайдан безген ақымақ!» деп жамандайтындар тозақ отына түседі.
23
Сонымен сен Құдайға арнаған сый-тартуыңды ғибадатханадағы құрбандық үстеліне алып барғанда,
ж
бауырласыңның
з
өзіңе өкпелеп жүргені сонда есіңе түссе,
24
алып келгеніңді сол жерде қалдыр да, бауырласыңа барып, онымен татулас! Бұдан кейін қайтып келіп, сый-тартуыңды Құдайға бағыштап ұсын.
25
Біреу саған қарсы дау көтерсе, оған еріп сотқа бара жатқанда онымен тезірек татуласуға тырыс! Олай етпесең, қарсыласың сені сот алдына апарады, ал сот сақшыға ұстап беріп, сақшы сені түрмеге қамайды.
26
Саған шындығын айтамын: сен берешегіңді соңғы тиынына дейін төлемейінше, сол жерден шыға алмайсың!
Неке адалдығы әрі сөзінде тұру жайында
27
«Неке адалдығын бұзба!»
и
деген өсиетті де естідіңдер.
28
Ал Мен сендерге былай деймін: кім бір әйелге құмарта қараса, оның өз жүрегінде сол әйелмен неке адалдығын бұзғаны.
29
(Иса сөзін жалғастырып, астарлап былай деді:) Егер оң көзің (секілді өте құнды нәрсең) сені күнәға азғырса, ол сен үшін «ойып алып, лақтырып тасталған» сияқты жоқ болсын.
к
Бүкіл денеңнің тозаққа лақтырылғанынан гөрі бір мүшесінен айырылғаның артық болар еді.
30
Яки оң қолың (сияқты өте қажетті нәрсең) сені күнәға азғырса, ол сен үшін «шауып алып, лақтырып тасталған» сияқты жоқ болсын!
қ
Бүкіл денеңнің тозаққа лақтырылғанынан гөрі бір мүшесінен айырылғаның артық болар еді.
31
«Кім әйелімен ажыраспақ болса, оған арнайы куәлік қағазын беруге тиіс»
л
деген бұйрық та берілген.
32
Ал Мен сендерге былай деймін: жеңіл жүріске түспеген әйелімен ажырасқан әркім соның неке адалдығын бұзуына себепші болады. Кім күйеуімен ажырасқан әйелге үйленсе, сол да неке адалдығын бұзады.
м
33
Ежелде жұртқа: «Анттарыңды бұзбаңдар,
н
Жаратқан Иеге берген уәделеріңді орындаңдар!» деп бұйырылғанын естідіңдер.
34
Ал Мен сендерге былай деймін: үстірт ант етуші болмаңдар! Не көкті атап ант бермеңдер, ол Құдайдың «тағы»,
35
не жермен де ант бермеңдер, ол Оның «табан тіреніші», не Иерусалиммен де ант етпеңдер, ол «Ұлы Патшаның қаласы»!
36
Өз басыңмен де ант берме! Себебі шашыңның бір талын шын мәнінде не ағартып, не қарайту қолыңнан келмейді.
37
Қайта, сендердің «иә» дегендерің шынымен «иә», «жоқ» дегендерің шынымен «жоқ» болсын! Бұған қоса айтқандарыңның бәрі жамандықтарыңнан келеді.
о
Таспен атқанды аспен ат
38
Сендер «көзге көз, тіске тіс»
ө
дегенді естідіңдер.
39
Ал Мен сендерге айтамын: зұлымдық жасағаннан кек алма! Егер біреу бетіңнің оң жағын ұрса, оған сол жағын да тос.
40
Біреу сенімен соттасып, көйлегіңді тартып алғысы келсе, оның шапаныңды да алуына қарсы болма!
41
Немесе біреу сені бір шақырым жерге еріп (жүгін көтеріп) жүруге мәжбүр етсе,
п
онымен екі шақырым жүр.
42
Сұрағанға мұқтажын бер, қарыз алғысы келгеннен де теріс айналма.
р
43
Сендер «Маңайыңдағы адамды
с
жақсы көріп, жауыңды жек көр!»
т
дегенді де естідіңдер.
44
Ал Мен сендерге айтамын: жауларыңды жақсы көріңдер!
у
Өздеріңді қудалағандар үшін Жаратқан Иеге мінажат етіңдер!
ұ
45
Осылайша көктегі Әкелеріңнің рухани балалары боласыңдар: Ол жамандарға да, жақсыларға да күн сәулесін бірдей түсіріп, әділдерге де, әділетсіздерге де жаңбырды бірдей жауғызады.
46
Ал егер өздеріңді жақсы көретіндерді ғана жақсы көрсеңдер, онда сендерге қандай сый берілмек? Тіпті күнәлі салықшылар
ү
да солай етпей ме?
47
Сондай-ақ, өз бауырларыңмен ғана жарқын жүзбен амандассаңдар, онда басқаларға қарағанда қандай ерекше іс істейсіңдер? Тіпті Құдайға мойынсұнбайтындар
ф
да солай етпей ме?
48
Сонымен көктегі Әкелерің қандай мүлтіксіз болса, сендер де сондай мінсіз болыңдар!
х

а  Яки: Өздерінің рухани жарлы, яғни Құдайдың кешірімі мен Киелі Рухына мұқтаж екендіктерін мойындағандарға Құдай риза болып, оларды жарылқайды (Тім1 2:3-4).

ә  25:34.

б  Иш 61:2-3; Лұқ 6:21.

в  Жыр 36:11.

г  Иш 55:1-2.

ғ  Жақ 2:13.

д  Жыр 23:3-4; 72:1; 16:15; 41:3.

е  Сенушінің Құдаймен байланысы әке мен баласындай жақын. Сенуші Құдай Рухының арқасында қайта туылып, Құдайдың (рухани) баласы деп аталады (5:44-45; Лұқ 6:35; Жох 1:12; 3:5; Рим 14:19).

ж  Сол заманда жұрт теңіз суынан айырып алған тұз қосындыларын қарапайым қыш құмыраларда сақтайтын. Тұрған жері дымқыл болса, ас тұзы еріп, қыштан өтіп кетіп, қалғаны дәмсіз әрі тағамды бұзылудан сақтауға жарамай қалатын (Лұқ 14:34-35).

з  Флп 2:15-16; Еф 5:8-14.

и  Яғни шамдалға (майшамға арналған тұғырға).

к  5:9,44-45; Жох 1:12; 3:5.

қ  23:2-5,23-28; Лұқ 11:39-40; 18:10-14; Түсіндірмедегі «Дін мұғалімі» мен «Парызшылды» да қараңыз.

л  Бұл Құдайдың адамдарға тапсырған басты он өсиетінің бірі (Мыс 20:13; Леу 24:17; Заң 5:17).

м  Немесе: бауырласына ашу-ызасын сақтаса (Нқл 14:17,29; Уағ 7:9; Еф 4:26-27).

н  Яһудилердің ең жоғарғы діни және саяси мекемесі (Жох 11:47; Түсіндірмені де қараңыз).

о  Заң 16:16-17; Иш 1:10-17; Амо 5:21-24.

ө  Яғни басқа адамның (5:22).

п  Мыс 20:14; Заң 5:18.

р  Немесе: оны ойып алып, лақтырып таста. (Әлбетте, Иса ешкімнің осы қатаң бұйрықты нақты түрде жүзеге асыруын көздеген жоқ! Қайта, Ол біздің Құдайдың еркін орындауға кедергі болатын кез келген зұлым нәрселерден арылуымызды астарлап нұсқады: Мар 9:43-47.)

с  Немесе: оны шауып алып, лақтырып таста (5:29).

т  Заң 24:1.

у  Себебі Құдайдың тұрғысынан ерлі-зайыптылар «... біртұтас. Сонымен Құдай қосқанды адам баласы ажыратпасын!» (19:4-6)

ұ  Немесе: Өтірік (яки ат үсті) ант бермеңдер! (Леу 19:12; Рул 30:3)

ү  Немесе: әзәзіл шайтаннан келеді (Жох 8:44).

ф  Яки: Қанға қан, жанға жан. (Құдай мұндай ережені адамдарды кек алуға жұмылдыру үшін емес, қайта, кек алуды шектеу үшін берген еді: Мыс 21:24; Леу 24:20; Заң 19:21. Ал Иса бұған қоса сүйіспеншілік ережесін де міндеттеді: 5:39-45; 22:36-40; Рим 13:8-10).

х  Бұл билік иелерінің әдеті еді (27:32).

ц  Яки: Нағыз бейшараларға жомарттықпен жәрдем бер (25:35-36).

ч  Яки: Басқаларды (өмір жолыңда Құдай саған кездестірген адамдарды). Немесе: Жақыныңды (19:19; Леу 19:18; Лұқ 10:27,29-36).

ш  Заң 23:3,6; Жыр 138:19-22.

ы  Яки: жауларыңа мейірімділік пен сүйіспеншілік көрсетіңдер! (Лұқ 6:27-31; 23:34; Рим 12:14)

і  Яки: Жаратқан Иеге сиыныңдар! (Лұқ 6:27-28,34-35; 23:34; Нақ 25:21)

э  9:9-10; Түсіндірмені де қараңыз.

ю  Яки: жалған тәңірлерге құлшылық етуші бөтен ұлт адамдары (4:15; 6:7).

я  Лұқ 6:36; Леу 19:2; Пет1 1:16.