Матай  4
Мәсіх Исаның сынақтан өтіп, әзәзілді жеңіп шығуы
1
Бұдан кейін Киелі Рух Исаны шайтанның сынағынан өтуі үшін айдалаға бастап алып барды.
2
Иса қырық күн, қырық түн ораза тұтып, соңында әбден ашықты.
3
Сонда азғырушы әзәзіл Оның қасына келіп:
— Егер Құдайдың рухани Ұлы болсаң, мына тастар нанға айналсын деп бұйыра гөр! — деді.
4
Иса оған былай деп жауап қатты:
— «Адам тек нанмен ғана емес, Құдайдың аузынан шыққан әрбір сөзімен өмір сүреді»
а
деп (Тауратта) жазылған ғой!
5
Бұдан кейін әзәзіл шайтан Оны қасиетті қалаға (Иерусалимге) апарып, ғибадатхананың төбесіне шығарып, былай деді:
6
— Егер Құдайдың рухани Ұлы болсаң, төмен қарай секіре гөр! Өйткені «Періштелеріне Ол Сен жайлы бұйрық береді: Сен аяғыңды тасқа соғып алмауың үшін қолдарына көтеріп Сені алып жүреді»
ә
деп (Забурда) жазылған ғой.
7
Иса оған жауап қайтарып:
— Алайда «Құдай Иеңді
б
еркінсіп сынама!» деп те (Тауратта) жазылған ғой! — деді.
8
Содан кейін әзәзіл шайтан Оны тағы да ертіп алып бір биік таудың басына шығарды. Оған әлемнің барлық мемлекеттері мен олардың сән-салтанатын көрсетіп:
9
— Егер аяғыма жығылып маған ғибадат етсең, бұлардың бәрін де Саған беремін, — деді.
10
Сонда Иса оған былай деп жауап қайтарды:
— Кет қасымнан, шайтан! «Құдай Иеңді терең қастерлеп,
в
жалғыз Оған ғана қызмет ет!» деп (Тауратта) жазылған ғой!
11
Мұнан соң әзәзіл шайтан Оның қасынан кетіп қалды. Сол сәтте періштелер келіп, Исаға қызмет көрсетті.
Мәсіхтің өз қызметіне кірісіп, алғашқы шәкірттерін таңдауы
12
Жақия пайғамбардың тұтқындалғаны туралы
г
естігенде Иса Ғалилея аймағына жүріп кетті.
13
Ол Назарет қаласын тастап, Забулон мен Нафталим руларының жерінде көл жағасында орналасқан Қапарнаум қаласына көшіп барып, сонда тұрды.
14
Ишая пайғамбардың алдын ала айтып кеткен мынадай сөздері осылай жүзеге асты:


15
Забулон мен Нафталимнің отаны,
Теңізге баратын жол бойындағы
Әрі Иорданның батыс жағындағы
Бөтен ұлттар
ғ
тұрған Ғалилея аймағы:
16
Халық қараңғыда ғұмыр кешіп келеді,
Ал енді бір ғаламат Нұрды көреді,
Түнек басқан жерде
д
тұратын елге
Таңның шапағы сәулесін төгуде!
е


17
Сол уақыттан бастап Иса: «Теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсіңдер! Себебі Құдай Патшалығының
ж
жер бетіне орнайтын кезі таяп қалды!» деп уағыздап жүрді.
18
Бірде Ғалилея көлінің жағасымен келе жатып, Иса ағайынды екі жігітті: Шимон Петір мен інісі Әндірді көрді. Балық аулап күнелтіп жүрген олар көлге ау салып жатты.
19
Иса оларға тіл қатып: «Соңымнан еріңдер! Мен сендерді балық аулағандарың сияқты бұдан былай адамдарды жинап әкелетін етемін»,
з
— деді.
20
Екеуі дереу ауларын тастап, Исаға шәкірт болып ерді.
21
Сол жерден әрі қарай кетіп бара жатып, Иса ағайынды тағы екі жігітті: Зебедейдің ұлдары Жақып пен Жоханды көрді. Олар әкелерімен бірге қайықта ауларын жамап отыр екен. Иса оларды да Өзіне шақырды.
22
Екеуі дереу қайықты да, әкелерін де тастап, Исаға шәкірт болып ерді.
23
Бұдан кейін Иса бүкіл Ғалилея аймағын аралап жүріп, мәжілісханаларында
и
тәлім берді. Құдай Патшалығы туралы Ізгі хабарды уағыздап, адамдарды барлық ауру-сырқауларынан сауықтырды.
24
Иса туралы хабар бүкіл Сирия өлкесіне де тарап, жұрт Оған түрлі дерттері бар қиналып науқастанғандардың бәрін де, жын соққандарды, ұстамалы-қояншықтар мен сал болғандарды алып келіп жатты, ал Иса оларды сауықтырды.
25
Ғалилея, Онқала және Яһудея аймақтарынан, Иерусалим қаласынан әрі Иорданның шығыс бетінен көптеген халық келіп, Оның соңынан ілесті.

а  Заң 8:3.

ә  Жыр 90:11-12.

б  (Заң 6:16) Яки: Құдайың — Жаратқан Иені.

в  (Заң 6:13-14,20) Яки: Құдайың — Жаратқан Иеге иіліп ғибадат (немесе: тағзым) етіп.

г  14:3; Мар 6:17.

ғ  Яки: Жаратқан Иеге мойынсұнбайтындар (5:47).

д  Немесе: Өлім көлеңкесінде. Яки: Үмітсіздік пен қауіп-қатер жайлаған жерде (Жыр 22:4; 106:10,14; Лұқ 1:78-79).

е  Иш 9:1-2.

ж  3:2.

з  Яки: адамдарды Құдай жолына түсірушілер етемін (4:17; Мар 3:14-19; Лұқ 10:1-9,16).

и  Мәжілісхана: яһудилердің жиналып, Құдайдың сөзін оқып, дұға ететін үйі (Лұқ 4:16-17; Түсіндірмені де қараңыз).