Матай  28
Мәсіх қайта тірілді!
1
Діни демалыс өткеннен кейін жексенбі күні
а
таң ата мағдалалық Мәриям мен өзге Мәриям қабірді көруге барды.
2
Кенеттен жер қатты сілкінді. Өйткені Жаратқан Иенің бір періштесі аспаннан түсіп, қабірге жақындап, қақпақ тасты домалатып алып тастады да, үстіне отырды!
3
Оның сырт көрінісі найзағай іспетті, ал киімі қардай аппақ еді.
4
Одан зәрелері ұшқан күзетшілер дірілдеп-қалшылдап, өліп қалғандай жерге құлап түсті.
5
Періште әйелдерге қарап: «Қорықпаңдар! Айқышқа шегеленген Исаны іздеп келгендеріңді білемін.
6
Ол мұнда жоқ, Өзі алдын ала айтқандай қайта тіріліп кетті! Бері келіп, Иенің жатқан орнын қараңдар!
7
Енді тезірек барып, Оның шәкірттеріне мынаны жеткізіңдер: «Иеміз өлімнен қайта тірілді! Ол сендерден бұрын Ғалилеяға барады.
ә
Сол жерден Оны көресіңдер». Сендерге айтатыным осы», — деді.
8
Әйелдер әрі қорқып, әрі қатты қуанып, дереу мазардан шығып кетті. Олар Исаның шәкірттеріне айту үшін асығып жүгіре жөнелді.
9
Кенеттен Иса олардың алдынан кездесіп: «Сәлем, қуаныңдар!» — деп амандасты. Әйелдер Оның қасына жақындап, иіліп тағзым етіп, аяғына қолдарын тигізді.
10
Иса оларға: «Қорықпаңдар! Бауырларыма
б
барып, «Ғалилеяға жөнелсін, сонда Мені көреді» деген хабарды жеткізіңдер», — деп тапсырды.
Ел басшыларының таратқан өтірігі
11
Әйелдер жолда бара жатқанда, күзетшілердің кейбіреулері қалаға кіріп, басты діни қызметкерлерге болған оқиғаны түгелдей айтып берді.
12
Сонда олар рубасылармен бірге жиналып, кеңес құрды. Жасақшыларға едәуір ақша беріп,
13
былай деп бұйырды: «Халыққа: «Түнде біз ұйықтап қалғанда шәкірттері келіп, мәйітін ұрлап әкетіпті» деңдер!
14
Ал егер бұл туралы қауесет әміршінің құлағына жетсе, біз оны көндіріп, сендерді пәледен құтқарып аламыз».
15
Пара алған күзетшілер солардың тапсырғанындай істеді. Содан осы жалған лақап яһудилер арасында күні бүгінге дейін таралуда.
Мәсіхтің сенушілерге берген Ұлы аманаты
16
Он бір шәкірті Ғалилеяға барып, Иса айтқан тауға көтерілді.
17
Олар Исаны көргенде алдында иіліп тағзым етті, ал бірқатары әлі де күдіктенді.
18
Иса қастарына таяу келіп, былай деді:
«Маған көк пен жердің бүкіл билігі берілген!
в
19
Сондықтан барлық халықтарға барыңдар! Оларды Менің шәкірттерім етіп, Құдай Әкенің, рухани Ұлының және Киелі Рухының атымен
г
шомылдыру рәсімінен
ғ
өткізіңдер,
20
әрі сендерге өсиет еткендерімнің бәрін де ұстануға үйретіңдер! Естеріңде болсын: Мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын!» (Аумин)

а  Немесе: аптаның бірінші күні.

ә  26:32; 28:16.

б  12:50.

в  Яки: Құдай Әке Маған көк пен жер үстіндегі бүкіл билікті тапсырған (11:27; 26:64; Дан 7:13-14; Флп 2:9-11; Қол 2:10).

г  Яғни Құдай Әкеге, рухани Ұлына және Киелі Рухына бағыштап.

ғ  3:6,11.