Матай  19
Отбасы туралы тәлім
1
Иса осы айтқандарын тамамдаған соң, Ғалилеядан шығып, Яһудея аймағына әрі Иордан өзенінің шығыс бетіне барды.
а
2
Оның соңынан халық көптеп еріп, Иса оларды сол жерде ауруларынан сауықтырды.
3
Бірнеше парызшылдар қасына келіп, Исаны сынақтан өткізбек болып:
— Күйеуінің кез келген себептен әйелімен ажырасуына
ә
бола ма? — деген сұрақ қойды.
4
Исаның жауабы мынау болды:
— Сендер Жаратқан Иенің әуел бастан-ақ «адамды бірін еркек, бірін әйел қылып» жаратқанын (Тауратта) оқымап па едіңдер?!
б
5
Сол кезде Ол былай деген: «Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады».
в
6
Осылайша олар енді екеу емес, біртұтас. Сонымен Құдай қосқанды адам баласы ажыратпасын! —
7
Парызшылдар қарсылық білдіріп:
— Олай болса, күйеуі арнайы куәлік қағазын жазып берсе, әйелімен ажырасуына болады деген ережені Мұса пайғамбар неге жазып қалдырған?
г
— деді.
8
Иса оларға былай деп жауап қатты:
— Мұса жүректеріңнің (Құдайдың еркіне мойынсұнбай) қасарысқандығына бола әйелдеріңмен ажырасуға жол берген. Алайда әуел баста бұл олай болмаған еді.
9
Сендерге айтамын: кім жеңіл жүріске түспеген әйелімен ажырасып, басқаны алса, сол неке адалдығын бұзады.
ғ
(Күйеуімен ажырасқан әйелге үйленген де неке адалдығын бұзады.)
10
Сонда шәкірттері:
— Егер еркектің әйелінің алдындағы міндеті осындай болса, онда үйленбеген артық, — деді. Иса:
11
— Бұл айтқандарымды жұрттың бәрі емес, Құдай бұйырғандар ғана ұға алады.
12
Себебі үйлене алмайтын түрлі адамдар бар: кейбіреулері некеге жарамайтын болып туған, басқаларын кісілер сондай еткен, ал тағы біреулері — Құдай Патшалығына көбірек қызмет ету үшін некеден бас тартқандар. Мұны ұғына алатындар ұғынсын! — деп сөзін қорытты.


13
Жұрт Исаға балаларын алып келіп, Одан қолын балалардың үстіне қойып мінажат етіп бата берсін деп өтінді. Бірақ шәкірттері оларға тыйым салды.
14
Ал Иса былай деді: «Балалардың Маған келуіне жол беріңдер, оларға кедергі жасамаңдар! Құдайдың Патшалығы сондайлар үшін».
д
15
Содан Иса бұл жас балалардың үстіне қолын қойып бата берді; мұнан кейін сол жерден кетіп қалды.
Байлықтың қаупі, ал Мәсіхтің жолындағы игіліктер
16
Сол кезде біреу Исаға келіп:
— Ізгі Ұстаз! Мәңгілік өмірге ие болу үшін қандай игі істер істеуім керек? — деген сұрақ қойды. Иса оған:
17
— Менен неге игілік туралы сұрайсың? Нағыз игілікті — Біреу-ақ. Мәңгілік өмірге ие болу үшін Оның өсиеттерін орындайтын бол! — деп жауап берді. Әлгі кісі:
18
— Қайсыларын? — деп сұрады.
— «Кісі өлтірме; неке адалдығын бұзба; ұрлық жасама; жалған куәлік берме;
19
ата-анаңды сыйла!» және «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды
е
да солай сүй!» — деді Иса.
20
Жігіт:
— Бұлардың бәрін де (жастайымнан) орындап келемін. Маған тағы не нәрсе жетіспейді? — дегенде,
21
Иса оған былай жауап берді:
— Егер мүлтіксіз болғың келсе, барып, мал-мүлкіңді сатып, түскен ақшаны мұқтаждарға үлестіріп бер. Сонда сенің қазынаң көкте болады. Өзің қайтып келіп, шәкіртім болып соңымнан ер!
ж
22
Бұл сөзді естігенде жігіт еңсесі түсіп, қапаланып, сол жерден кетіп қалды. Себебі ол аса дәулетті болатын.
23
Содан Иса шәкірттеріне қарап былай деді:
— Сендерге шындығын айтамын: байлардың Құдай Патшалығына кіруі тым қиын!
24
Тағы да айтамын: байдың Құдай Патшалығына кіруінен гөрі түйенің ине көзінен өтуі оңай. —
25
Мұны естіген шәкірттері қатты таңғалып:
— Ендеше кім (Құдайдың қаһарынан) құтқарыла алады?! — деген сауал қойды.
26
Иса оларға қарап:
— Бұл, адамның қолынан келмейді, бірақ Құдайдың қолынан бәрі де келеді, — деп жауап берді.
27
Петір:
— Міне, біз барлығын қалдырып, Сіздің соңыңыздан еріп жүрміз. Сол үшін бізді не күтіп тұр? — деп сұрады.
28
Сонда Иса былай деп жауап қатты:
— Сендерге шындығын айтамын: әлем жаңарған кезде, Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келіп, салтанатты тағымда отырғанда, сендер де он екі тақта отырып, Исраилдің он екі руына билік жүргізетін боласыңдар.
29
Үй-жайын, бауырларын,
з
әке-шешесін, бала-шағасын не жер-суын Маған бола қалдырған әркімге қарымтасы жүз есе артығымен қайтарылады, әрі ол мәңгілік өмірге ие болады.
и
30
Сол заманда көптеген алдыңғы қатарлылар соңғылар болады, ал соңғылар алдыңғы қатарға шығады.
к

а  Мар 10:1.

ә  5:31.

б  Жар 1:27; 5:2.

в  Яки: әйеліне (ажырамастай берік) жабысады, сөйтіп екеуі «бір тән» (жаңа бірлік) болады (Жар 2:24).

г  5:31; Заң 24:1-4.

ғ  Яғни сол бұрынғы әйеліне қарсы опасыздық жасайды (5:32; Лұқ 16:18).

д  18:3; Мар 10:14-15; Лұқ 18:16-17.

е  Яки: басқаларды (өмір жолыңда Құдай саған кездестірген адамдарды) (5:43; Мыс 20:12-16; Леу 19:18; Заң 5:16-20; Лұқ 10:25-27).

ж  4:19-22; 6:20; Лұқ 12:33-34; 16:9-13; 18:22.

з  Яки: аға-інісін, апа-қарындасын, әпке-сіңлісін.

и  Құдай адамдарға ата-анасын сыйлап, үй ішіне қамқорлық жасауды бұйырған (19:19; Тім1 5:4,8). Ал егер сенуші Құдайдан ерекше тапсырма алып не сенімге қас адамдардан қудаланып, ел-жұртынан қол үзуге мәжбүр болса, Құдай барлығын өз қамқорлығына алады, әрі сенушіге арнайы сыйын беретін болады (6:25-33; 25:46; Жох 5:28-29).

к  20:16; Мар 10:31; Лұқ 13:30.