Матай  15
1
Сол кездері Иерусалимнен бірнеше дін мұғалімдері мен парызшылдар келді. Олар Исаға мына сұрақты қойды:
2
— Шәкірттеріңіз неге ата-бабаларымыздан қалған дәстүрлерді бұзады? Олар қол жуу рәсімін
а
орындамай-ақ тамақтана береді екен! —
3
Исаның жауабы мынау болды:
— Ал сендер неге өз дәстүрлеріңе бола Құдайдың өсиеттерін бұзасыңдар?!
4
Құдай: «Ата-анаңды сыйла!» және «Егер біреу әкесін не шешесін жамандайтын болса,
ә
ол өлтірілсін!» деп бұйырған еді ғой.
б
5
Бірақ сендер адамның өз әкесіне не шешесіне: «Менен көрмек игіліктеріңізді мен Құдай жолына бағыштадым» деуіне рұқсат бересіңдер.
6
Осылай ол әке-шешесін сыйлап, парызын орындауға міндетті емес деп үйретесіңдер. Сөйтіп сендер өз дәстүрлеріңе бола Құдайдың бұйрығын жоққа шығардыңдар!
в
7
Екі жүзділер! Сендер жайында Ишая пайғамбар алдын ала дәл айтып кеткен:
8
«Бұл халық Мені тек ауызбен ғана сыйлайды, ал жүректері Менен тым алшақ.
9
Адам баласы шығарған ережелерді үйретіп, Мені құрметтегенсиді, бірақ солары бекершілік!»
г
10
Содан Иса жиналған жұртты қасына шақырып алып, оларға былай деп ескертті: «Құлақ салып, жақсылап ұғып алыңдар:
11
адамның аузынан енген нәрселер оны арамдай алмайды. Керісінше, аузынан шыққандары адамды арамдайды».
ғ
12
Кейінірек шәкірттері Исаға келіп:
— Парызшылдардың осы айтқандарыңызға өкпелеп қалғанын байқадыңыз ба? — деп сұрады.
13
Иса оларға:
— Көктегі Әкем екпеген әр өсімдік түбірімен жұлынып тасталмақ!
д
14
Оларды қойыңдар, өздері — соқырлардың соқыр жетекшілері! Ал соқырды соқыр жетелесе, екеуі де орға құлап түсер, — деді.
е
15
Сонда Петір:
— Алдыңғы астарлап айтқандарыңызды түсіндіріп беріңізші, — деп өтінді.
16
— Сендер де айтқандарымды әлі түсінбей тұрсыңдар ма? — деп жауап берді Иса.
17
— Адамның аузы арқылы енген барлық тағамдар асқазанға жетіп, кейін денеден шығып кетеді, мұны ұқпайсыңдар ма?
18
Бірақ адамның аузынан шыққандары оның жүрегінен, яғни ішкі дүниесінен, шығады. Адамды арамдайтын, міне, осылар!
ж
19
Себебі жүректен шығатындар мыналар: жаман ойлар, кісі өлтіру, неке адалдығын бұзу, азғындық, ұрлық, өтірік, жамандау.
з
20
Осылар адамды арамдайды. Ал қол жуу рәсімін орындамастан тамақ ішу ешкімді арам қылмайды.
Шетелдік әйелдің Мәсіхке деген ғаламат сенімі
21
Иса сол жерден кетіп, Тир мен Сидон аймағына
и
барды.
22
Бұл өңірден шыққан бір қанахандық
к
әйел Оған: «Тақсыр, Дәуіттің Ұрпағы,
қ
рақым етіңіз! Қызымды жын соғып, қатты қинап жатыр!» — деп айқайлады.
23
Бірақ Иса оған бір сөз де айтпады.
л
Сонда шәкірттері Ұстазына келіп:
— Мынаның тілегін орындап, жібере салыңыз. Ол соңымыздан қалмастан айқайлап келеді, — деп өтінді.
24
Ал Иса:
— Мен тек адасып кеткен қойларға ұқсас Исраил халқына ғана жіберілгенмін, — деді.
м
25
Әйел Оның алдына келіп, иіліп тағзым етіп:
— Тақсыр, маған көмектесе көріңіз! — деп жалынғанда,
26
Иса оған астарлап:
— «Балалардың нанын алып қойып, үй күшіктеріне тастау дұрыс емес»,
н
— деді. Әйел:
27
— Айтқаныңыз дұрыс, Тақсыр! Дегенмен «үй күшіктері» де иелерінің дастарқанынан түскен ұсақ-түйек қалдықтармен қоректенеді ғой, — деп жауап берді.
28
Иса:
— Қарындас, сенімің ғаламат зор екен! Тілегенің болсын! — деді. Сол сәтте-ақ оның қызы сауығып кетті.
Мәсіхтің көптеген шетелдіктерді сауықтырып, тамақтандыруы
29
Иса сол жерден кетіп, Ғалилея көлінің бойымен жүрді. Бір төбенің басына шығып, отырды.
о
30
Исаның қасына қарақұрым халық жиналды. Олар сал болғандар, соқырлар, мылқаулар, мүгедектер және басқа да көптеген ауру-сырқауларды алып келіп, Оның алдына жайғастырды. Иса оларды сауықтырып жіберді.
31
Жұрт мылқаулардың сөйлегенін, мүгедектердің сауыққанын, сал болғандардың жүргенін және соқырлардың көздерінің ашылғанын көргенде, Исраилдің Құдайын мадақтап дәріптеді.
ө
32
Кейінірек Иса шәкірттерін қасына шақырып:
— Халыққа жаным ашиды. Олар үш күннен бері қасымда болып, жейтін азықтары қалмады. Оларды аш күйлерінде қайтарып жібергім келмейді: жолшыбай әлсіреп, құлап қалар, — деді.
33
Шәкірттері:
— Осы құлазыған далада соншама көп халықты тамақтандыруға жететін нанды қайдан табамыз? — деп жауап берді. Иса:
34
— Қанша нандарың бар? — деп сұрағанда олар:
— Жеті күлше мен бірнеше кепкен ұсақ балық
п
қана, — деді.
35
Сонда Иса жұртқа жерге жайғасуға бұйырды.
36
Жеті күлше мен балықтарды қолына алып, шүкіршілік етті де, үзіп-үзіп шәкірттеріне бере берді. Олар халыққа үлестірді.
37
Бәрі де тамақтанып, тойып алды.
Соңынан қалдықтарды жинап алғанда жеті үлкен себет толды.
38
Әйелдер мен балаларды есептемегеннің өзінде төрт мың ер адам тамақтанған болатын.
39
Иса халықты таратып жіберген соң қайыққа мініп, Мағдала
р
қаласының маңына кетті.

а  Түсіндірмедегі «Тазару рәсімдерін» қараңыз.

ә  Немесе: әкесін не шешесін қарғайтын болса.

б  Мыс 20:12; 21:17; Заң 5:16; Леу 20:9.

в  Немесе: Құдайдың сөзінің (яки өсиеттерінің) күшін жойдыңдар! (15:4)

г  Иш 29:13.

ғ  15:18-20.

д  13:40-41; 3:10; 7:19; Жох 15:2-6.

е  23:16,24; Лұқ 6:39.

ж  12:34; Мар 7:20; Пат1 24:14; Нқл 15:28.

з  (Жыр 13:1; Рим 3:13-14; Ғал 5:19-21) Немесе: неке адалдығын бұзу, нәпсіқұмарлық (яки жезөкшелік), ұрлық, өтірік, Құдайды қорлау.

и  Тир мен Сидон Ғалилеядан елу не сексен шақырымдай қашықтықта қазіргі Ливан елінің (ежелгі Финикия өлкесінің) теңіз жағасында орналасқан, кеме тоқтайтын үлкен қалалар болатын.

к  Сол жердің алғашқы қоныстанушылары болған қанахандықтар яһуди діні мен әдет-ғұрыптарын ұстанбайтын. Сондықтан яһудилер оларды «арам» деп есептейтін.

қ  Яһудилер көптен бері күтіп келген Мәсіхтің атағы (1:1; 9:27; 12:23; Түсіндірмені де қараңыз).

л  Осылай Иеміз бұл әйелдің сенімінің шынайылығын сынамақ болды (15:26,28; Заң 8:2).

м  Алғашқыда Иса Құдай ерекше Келісім жасаған Исраил халқына арнап қызмет еткенмен, кейін барлық халықтарға да Жаңа Келісім арқылы Құдаймен тікелей байланыс жолын ашты (10:5-6; 12:21; 26:26-28; 28:18-20).

н  Мар 7:24-28.

о  Бұл жер Құдайға мойынсұнбайтын шетелдік Онқала аймағында орналасқан еді (Мар 7:31).

ө  Мар 2:12; 7:37; Елш 3:10-13.

п  Яки: бірнеше тұздап кептірілген шабақ (14:17).

р  Мағадан деп те аталатын бұл қала (мағдалалық Мәриямның шыққан жері: 27:56) Ғалилея көлінің батыс жағасындағы Далманутаға жақын орналасқан еді (Мар 8:10).