Матай  11
Жақия пайғамбардың сұрағы әрі Ғалилея халқының теріс жолдарынан қайтпауы
1
Он екі шәкіртіне нұсқау беріп болғаннан кейін, Иса сол жерден кетіп, халыққа тәлім беріп, уағыз айту үшін Ғалилея қалаларын аралады.
2
Жақия пайғамбар Мәсіхтің жасаған істері туралы естігенде қамауда болатын.
а
Содан ол Мәсіхке бірнеше шәкірттерін жіберіп, Одан:
3
— Келетіні ежелден-ақ уәде етілген Құтқарушымыз шынымен Сіз бе? Әлде басқа біреуді күтуіміз керек пе? — деп сұратты.
ә
4
Иса оларға жауап беріп:
— Сендер көріп-естігендеріңді Жақияға барып, айтып беріңдер:
5
соқырлар көріп, сал болғандар жүріп, алапестер құлантаза сауығып, саңыраулар естіп, өлгендер қайта тіріліп, жарлыларға Ізгі хабар жарияланып жатыр.
б
6
Ал Маған деген сенімінен бас тартпаған әркім бақытты!
в
— деді.
7
Жақияның жіберген адамдары қайтып кеткеннен кейін, Иса жұртқа Жақия туралы былай деп айта бастады:
— Сендер айдалаға нені көруге бардыңдар? Жел тербеткен бір қамысты ма? (Жақия ондай емес!)
8
Тегі, нені көруге бардыңдар? Қымбат киім
г
киген біреуді ме? Жоқ, қымбат киім кигендер патша сарайларында тұрады ғой.
9
Сонда нені көруге бардыңдар? Бір пайғамбарды ма? Иә, сендерге айтамын: Жақия тіпті пайғамбардан да артық!
10
Киелі жазбада Құдайдың мына тәрізді сөздері бар: «Біліп ал, Мен хабаршымды алдыңнан жіберемін, ол жүретін жолыңды дайындап қояды»
ғ
Бұл хабаршы — Жақияның өзі.
11
Сендерге шындығын айтайын: адам баласы атаулының ішінде Жақия пайғамбардан жолы үлкен ешкім болған емес. Бірақ Құдай Патшалығындағы ең қарапайым деген адамдардың жолы онікінен үлкен.
д
12
Жақияның уағыздап, шомылдыру рәсімін орындаған уақытынан бері қазірге дейін Құдайдың Патшалығы күшпен алға басып, күш салғандар оны иемденуде.
е
13
Барлық Пайғамбарлар жазбалары мен Таурат Құдайдың хабарын Жақияға дейін жеткізіп келді.
14
Ал қабылдағыларың келсе, Жақия — келетіні алдын ала уәде етілген Ілияс пайғамбар.
ж
15
Құлағы барлар жақсылап тыңдап алсын!
16
Ендеше қазіргі ұрпақтың кісілерін кімге ұқсатайын? Олар тентек балаларға ұқсайды. Солар далада отырып, жолдастарына айқайлап:


17
«Сендер үшін сыбызғы тартсақ та, би билемедіңдер,
Сосын жоқтау айтсақ та, жылап еңіремедіңдер»,


— деп шағымданады.
18
Өйткені Жақия пайғамбар келгенде, кәдімгі тамақтарды ішіп-жемеді.
з
Олар оны «жынды» дейді.
19
Ал Мен, көктен келген Билеуші, кәдімгі тамақтарды ішіп-жеймін. Сонда олар: «Мынау тамақ жеп, шарап ішуді жақсы көреді, әрі салықшылармен, күнәкарлармен дос!» деп жамандайды.
и
Алайда даналықтың игілігі одан туындаған ізгі істермен дәлелденеді.
к
20
Сол уақытта Иса Өзінің істеген кереметтерін көбірек көрген қалаларды күнәларына өкініп, теріс жолдан қайтпағандары үшін айыптай бастады:
з
21
— Ей, Хоразин қаласы, қасіретке қаласың! Ей, Бетсайда қаласы, сен де қасіретке қаласың! Егер сендерде жасалған кереметтер (шетелдік) Тир мен Сидон қалаларында орын алған болса, олардың халқы әлдеқашан азалы киім киіп, күлге отырып,
и
теріс жолдарынан қайтқан болар еді.
к
22
Ендеше сендерге айтамын: қиямет соты күні Тир мен Сидонның тұрғындарының тартатын жазасы сендердікінен жеңілірек болмақ!
23
Ал, Қапарнаум қаласы, сенің атың мақталып, көкке шығарыла ма? Жоқ, сен түпсіз тұңғиыққа құлайсың!
қ
Егер сенде жасалған кереметтер ежелгі Содомда
л
орын алған болса, сол қала күні бүгінге дейін сақталған болар еді.
24
Ендеше сендерге айтамын: қиямет соты күні тіпті Содом халқының тартатын жазасы сендердікінен жеңілірек болмақ!
Қиналып шаршағандарға арналған қуанышты хабар!
25
Сол кезде Иса көктегі Әкесіне сиынып: «Көк пен жердің Иесі — Әке! Осы жайттарды данышпандар мен білгіштерден жасырып қалып, оларды
м
ашып көрсеткенің үшін Сені дәріптеймін.
26
Иә, Әке, Саған осылай болғаны ұнап тұр»,
н
— деп мақтау айтты. Содан кейін Иса тағы былай деді:
27
«Маған бәрін де Әкем сеніп тапсырған. Рухани Ұлының шынымен кім екенін Әкесінен өзге ешкім де білмейді. Әкенің кім екенін де Оның жалғыз рухани Ұлы — Мен ғана білемін. Әкемді кімдерге білдіргім келсе, солар да Оны жақыннан таниды.
о


28
Қиналып қатты шаршап-шалдыққандар,
Еңселерін тым ауыр жүк басқандар,
Менің қасыма келіңдер, бәрің,
Жандарыңды Мен рақатқа бөлеймін!
29
Қамытымды бірге киісіп,
ө
үйреніңдер Өзімнен,
Өйткені жуас, кішіпейілмін шын жүректен,
Тыныштық табады сонда көңілдерің.
30
Себебі ыңғайлы — қамытым Менің,
Әрі жеңіл — жүктейтін міндеттерім».
п

а  14:3-5; Лұқ 3:19-20; 7:18.

ә  Жақия пайғамбар халыққа Құтқарушы Патша Мәсіхтің келуін жариялаған еді (3:1-2,11-12; 11:10-11). Енді ол түрмеде азап шегіп, Мәсіх мені неге күшпен босатпайды деп күдіктене бастады (11:6). Ол Мәсіхтің қара күшпен емес, адамдарға мол игілік істеп, сонында Өзін олар үшін құрбан етуі арқылы адамзатты құтқаруын (11:4-5; 16:21; Жох 3:16) әлі де түсінбеген сияқты.

б  Иш 61:1; Лұқ 7:22.

в  Яки: Маған ренжімейтін, сенімінен безбейтін әркімге Құдай риза (Лұқ 7:23; Аян 2:9-11; 14:12-13).

г  Яки: Жұмсақ киім. (Жақияның киімі өте қарапайым болатын: 3:4.)

ғ  Құдайдың хабаршысы Жақия пайғамбар Исраил елін Мәсіхтің келуіне дайындады (3:11-12; Мал 3:1).

д  13:17; Евр 11:39-40; Жох 1:12.

е  Немесе: Құдайдың Патшалығы зорлық көріп келеді, ал рухани күшпен тырысқандар оған кіреді (Лұқ 13:24; 16:16).

ж  Ілияс пайғамбардың атқаратын қызметін, яғни халықты Құдай жолына қайтуға шақыруды, Жақия пайғамбар жүзеге асырды (17:10-13; Лұқ 1:16-17; Мал 3:1; 4:5-6).

з  3:4.

и  9:10-11; Лұқ 7:34.

к  Немесе: Алайда Құдайдың даналығы оны қабылдағандардың ізгі істерімен ақталады (Лұқ 7:29; 7:35).

қ  11:1,4-6,16-19; Мар 6:45,53-56; 8:22-26.

л  Яки: беттерін тырнап, шаштарын жұлып қайғырып.

м  3:2,11-12; 4:17; 8:16-17; 10:1; 11:1.

н  (4:13,16; 7:13,19,21; 8:5-6,13-17) Немесе: Ал, Қапарнаум, сен көкке шығарылдың. Енді о дүниеге (яки тозаққа) құлайсың!

о  Содом мен Ғомора қалаларының тұрғындары істеген азғындықтарына бола кең танымал болатын (Жар 18:20; 19:24-28).

ө  Яки: нәресте іспетті білімсіздерге. (Құдайдың құдіреті мен мәңгілік өмір туралы құпияларды адам баласы өз ақылы мен даналығы арқылы емес, Құдай сыйласа ғана ұғады: 5:3; 19:14-15; Қор1 1:18-31.)

п  Яки: Сенің ізгі еркің осындай болды (21:15-16; Рим 1:21-22; Қор1 1:19-25; 2:14).

р  28:18; Жох 3:34-35; 17:25-26.

с  Немесе: Мойынтұрығымды бірге киісіп. (Жас көлік малды қамытқа үйрету үшін кәрі малмен бірге жегетініндей, шәкірті де Ұстазының тәжірибесі мен рухани күшінен тәлім алады. Сол заманда Таурат заңының ережелері «қамыт, мойынтұрық» деп те аталатын: 23:4.)

т  Немесе: Себебі Менің мойынтұрығым ыңғайлы, жүгім де жеңіл (Жыр 54:23; Жох1 5:3).