Матай  10
1
Иса он екі шәкіртін тағы да қасына шақырып алып, оларға жындарды қуып шығаратын әрі барлық ауру-сырқауды сауықтыратын билік берді.
2
Осы он екі елшінің есімдері мыналар: алдымен Шимон, ол Петір деп те аталатын, әрі соның інісі Әндір; сондай-ақ Зебедей ұлдары Жақып пен Жохан;
а
3
Філіп пен Барталмай;
ә
Тома мен салықшы Матай;
б
Әлпей ұлы Жақып және Тадей (деген Лебей);
4
Діншіл
в
Шимон және кейін Исаға опасыздық жасаған Яһуда Исқариот.
г
5
Осы он екі елшісін Иса төмендегі тапсырмаларымен жіберді:
— Басқа ұлт адамдарының жерлеріне бармаңдар, самариялық
ғ
қалаларға да кірмеңдер;
6
қайта, адасып кеткен қойларға ұқсас Исраил халқының адамдарына
д
барыңдар!
7
Аралай жүріп: «Құдай Патшалығының жер бетінде орнайтын кезі таяп қалды!» деп уағыздаңдар.
е
8
Ауруларды сауықтырып, өлгендерді қайта тірілтіңдер, алапестерді құлантаза айықтырып, жындарды қуып шығарыңдар.
ж
Тегін алдыңдар, тегін беріңдер де!
з
9
Қалталарыңа
и
алтын, күміс, бақыр ақша салмаңдар.
к
10
Жолға дорба, артық киім, аяқкиім және таяқ та алмаңдар. Еңбек еткен жейтін тамағына қақылы ғой.
11
Қай қалаға не ауылға кірсеңдер де, сол жерде өздеріңе түсуге лайықты адамды
қ
іздестіріп тауып алып, қайтадан жолға шыққанша соның үйінде қалыңдар.
12
Үйге кіргенде амандасып: «Осы үйге амандық пен тыныштық болсын!»
л
деп бата беріңдер.
13
Сол үйдегілер лайықты болса, берген баталарың қонады, ал лайықсыз болса, баталарың өздеріңе қайтып келеді.
14
Егер біреу сендерді қабылдамаса не сөздеріңе құлақ салмаса, сол үйден немесе қаладан шығып кетіп бара жатқанда аяқтарыңдағы шаң-тозаңды қағып тастаңдар.
м
15
Сендерге шын айтамын: қиямет соты күні сондай қала тұрғындарының тартатын жазасынан тіпті Содом мен Ғомора халқының
н
жазасы жеңілірек болады!
16
Естеріңде болсын: Мен сендерді қасқырлар арасына жіберілген қойлар сияқты жіберіп отырмын. Сондықтан жыландай көреген, көгершіндей ақкөңіл болыңдар!
17
Жұрттан сақтанып жүріңдер, олар сендерді соттарға ұстап беріп, өздерінің мәжілісханаларында дүре соғатын болады.
18
Менің жолыма түскендеріңе бола сендерді әміршілер мен патшалар алдына да апарады. Осылайша соларға және басқа ұлт адамдарына Мен туралы ашық айтасыңдар.
о
19
Адамдар сендерді ұстап бергенде, қалай және не айтатындарыңды ойлап уайымдамаңдар! Айтатын сөздерің сол сәтте ауыздарыңа салынады.
20
Осылай өздерің емес, сендер арқылы көктегі Әкелеріңнің Киелі Рухы сөйлейтін болады.
21
Сонда тіпті бауыры өз бауырын, әкесі өз баласын ажалға ұстап беріп, балалары да әке-шешелеріне қарсы көтеріліп, оларды өлімге душар етеді.
22
Менің атымды мойындағандарыңа бола барлық жұрт сендерді жек көретін болады. Ал ақырына дейін табандылық танытқан әркім құтқарылады.
23
Бір қалада қудаласа, басқасына қашыңдар. Шын айтамын: сендер Исраилдің барлық қалаларын аралап шықпай жатып-ақ, Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келемін.
ө
24
Шәкірті ұстазынан, қызметшісі қожайынынан жоғары емес.
25
Шәкірті ұстазына, қызметшісі қожайынына ұқсаса, соған қанағат тұтсын. Жұрт «үйдің Иесін» белзебүл (шайтан) деп атаса,
п
оның үй ішіне одан бетер жаман ат тақпай ма?
26
Сонымен олардан қорықпаңдар! Ашылмайтын сыр, білінбейтін құпия болмайды.
27
Сендерге қараңғыда айтқанымды жарықта айтыңдар, әрі құлақтарыңа сыбырлаған сөздерімді жұртқа жариялаңдар!
р
28
Тәнді өлтірсе де, жанды өлтіре алмайтындардан қорықпаңдар! Одан гөрі жанды да, тәнді де тозақта құрта алатын Құдайдан қорқып, Оны терең қастерлеңдер!
с
29
Екі торғайды бір теңгеге
т
сатпай ма? Дегенмен көктегі Әкелеріңнің еркінсіз бірде-бір торғай жерге құлап түспейді.
30
Тіпті бастарыңдағы шаштарыңның саны да Оған белгілі!
31
Сондықтан адамдардан қорықпаңдар: Құдай үшін сендер көптеген торғайлардан да әлдеқайда қымбатсыңдар!
32
Сонымен Мені адамдар алдында мойындаған әркімді Мен де көктегі Әкемнің алдында мойындаймын.
у
33
Бірақ Менен жұрт алдында танған әркімнен Мен де көктегі Әкемнің алдында танбақпын.
34
Мені дүние жүзіне (жалған) татулық әкелу үшін келді деп ойламаңдар. Мен сондай татулықты емес, жақсы мен жаманды бір-бірінен ажырататын айыруды
ұ
әкелу үшін келдім.
35
Сөйтіп (пайғамбардың алдын ала айтқан мына тәрізді сөздерін) жүзеге асыруға келдім: «Өз ұлы әкесіне, қызы шешесіне, келіні енесіне қарсы шығады.
36
Адамның дұшпаны өз үй іші болады».
ү
37
Кім әке-шешесін не ұл-қызын Менен артық көрсе, сол Менікі болуға лайықты емес.
38
Сондай-ақ, кім айқышын арқалаған кісідей өз мүддесінен бас тартып, тіпті азапты өлімге дайын болып Менің соңымнан еріп жүрмесе,
ф
сол Менікі болуға лайықты емес.
39
Өміріне өзі иелік еткен әркім одан айырылады, ал өмірін Мен үшін қиған оған мәңгі иелік етеді.
х
40
Кім сендерді қабылдаса, соның Мені қабылдағаны. Ал кім Мені қабылдаса, оның Мені Жібергенді де қабылдағаны.
41
Бір пайғамбарды Құдайдың хабаршысы болғандықтан қабылдағандар сол пайғамбар алатын сыйға ие болады, әрі әділ кісіні әділ болғаны үшін қабылдағандар соның алатынындай сыйды иемденеді.
42
Сендерге шындығын айтайын: атақ-шені жоқ осылардың біреуіне
ц
Менің шәкіртім болғаны үшін ең болмағанда бір тостаған салқын су берген әркім сол үшін алатын сыйынан құр қалмайды!

а  4:18,21; 16:18.

ә  Яки: Талмай ұлы. (Есімі — Натанайыл, әкесінің есімі — Талмай: Жох 1:45.)

б  Матай Леуі (9:9).

в  Яки: Ұлтшыл. (Бұл жанама ат оның бұрын дінге ерекше берілгенін немесе өз елінің тәуелсіздігі үшін қара күшпен күресуші топтың мүшесі болғандығын білдіреді: Елш 5:36-37.)

г  Яки: Иуда Исқариот (26:14-16,47-50).

ғ  Лұқ 9:52-54; Жохан: 4:9,22; Түсіндірмедегі «Самариялықты» да қараңыз.

д  9:36; 15:24.

е  3:2; 4:17; Лұқ 10:9.

ж  10:1; Мар 16:18; Лұқ 10:9.

з  Елш 3:6; 8:18-21; 20:33-35.

и  Немесе: Белдіктеріңе.

к  Елшілер Құдайға сеніп аралап жүрген жерлеріндегі халықтың көмегімен күн көретін болды (10:10-13; Лұқ 22:35).

қ  Яғни өздеріңді қарсы алып, сендер әкелген Ізгі хабарға көңіл бөлуге дайын адамды (10:12-14; Елш 9:43; 16:14-15).

л  Яки: «Ассалаумағалайкүм» (Рут 2:4).

м  Бұл салт енді осы жердің тұрғындарымен рухани қатынасым болмайды, әрі Құдайдың жазасын тартатындарына өздері кінәлі болады дегенді білдіретін (Лұқ 9:5; 10:10-12,16).

н  Ежелгі Содом мен Ғомора қалаларының тұрғындары істеген азғындықтарына бола кең танымал болатын (Жар 18:20).

о  Яки: және басқа ұлт адамдарына Ізгі хабар туралы куәгерлік етесіңдер.

ө  Яки: Құдай тағайындаған Билеуші («Адам Ұлы», яғни Иса Мәсіх: 8:20) дүниеге қайта оралған кезге дейін Ізгі хабар Исраил халқына уағыздала береді (Рим 10:1; 11:13-15; Лұқ 17:30).

п  9:33; Мар 3:22.

р  Немесе: құлақтарыңа сыбырланғанды үй төбесінен жар салыңдар! (Сол өлкедегі үй төбелері жалпақ: 24:17; Мар 2:4; Лұқ 12:3.)

с  13:40-42; 25:30,41; Лұқ 12:4-5.

т  Түпнұсқада: бір ассарионға. (Осы ежелгі теңгенің құны жай жұмысшының бір күндік жалақысының он алтыдан бір бөлігіне тең болатын.)

у  Яғни Менің шәкіртім деп мойындаймын (25:34; Лұқ 12:8; Аян 3:5).

ұ  Немесе: сондай (жалған әрі үстіртін) татулықты емес, семсерді (Лұқ 12:51). (Семсер соттың белгісі болатын: Рим 13:4; Евр 4:6-13.)

ү  (Мих 7:6) Әлбетте, Мәсіх шынайы татулық пен тыныштықты орнатуды көздейді (Иш 9:6; Лұқ 2:14; Жох 14:27). Бірақ Құдайдың нұрында адамның әділетсіз ой-ниеті мен іс-әрекеті әшкереленгендіктен, қара ниеттілер ашуланып, әділдерге қарсы шығады (5:9-10; Лұқ 12:51-53; Жох 3:19-21; 15:18-19).

ф  16:24; Лұқ 14:27; Флп 3:10-11; Ғал 2:20; Түсіндірмедегі «Айқышты» қараңыз.

х  16:25; Мар 8:34-38; Евр 10:38-39; Аян 2:7,11; 3:5.

ц  Немесе: осы кіші адамдардың біреуіне.