Малахи  4
Жаратқан Иенің ұлы да қорқынышты соты күні
1
— Сот күні еш шүбәсіз келе жатыр! Ол лаулап жанған пешке ұқсамақ. Сол кезде барлық өркөкіректер мен зұлымдық жасаушылар сабан іспетті болады. Осы келе жатқан күн оларды өртеп жібереді! — деп нық айтады Әлемнің Иесі. — Олардың бірде-бір тамырын да, бұтағын да қалдырмайды!
2
Бірақ Менің есімімді терең қастерлейтін сендерге ақталу сыйлайтын күн шығады,
а
оның сәулесінің аясында жандарың сауығады. Сонда сендер қорадан шығып, секіріп ойнайтын торпақтардай азат жүресіңдер.
3
Сол кезде зұлымдарды таптап тастайсыңдар. Мен осының бәрін іске асырған күні олар табандарыңның астындағы күл сияқты болады, — дейді Әлемнің Иесі.
4
Хориб тауында өз қызметшім Мұса арқылы бүкіл Исраилге тапсырған Таурат заңындағы ережелер мен шешімдерімді естеріңде сақтаңдар!
5
Біліп қойыңдар, «Жаратқан Иенің ұлы да қорқынышты соты күні»
ә
келмес бұрын Мен сендерге Ілияс пайғамбарды жіберемін.
6
Ол әкелерді балаларымен, балаларды әкелерімен шын жүректен татуластыратын болады. Ал егер олар мойынсұнбаса, Мен келіп, бүкіл елді қарғап, қиратамын.

а  Иш 45:8; 46:13; 53:5; 60:1,19.

ә  4:1; Жое 2:31.