Малахи  3
1
«Біліп алыңдар, Мен алдымнан хабаршымды жіберемін, ол жүретін жолымды дайындап қояды. Сендер іздеп жүрген Жасаған Ие кенеттен Өзінің ғибадатханасына келеді. Сендер аңсап жүрген Келісімнің Хабаршысы
а
еш шүбәсіз келетін болады», — деп ескертеді Әлемнің Иесі.
2
Бірақ Оның келетін сол күніне кім төзе алады? Ол келіп, ашық көрінген күні кім берік тұра алатын болады? Себебі Ол күмісті балқытып тазалайтын зергердің оты әрі мата ағартушының сілтісі сияқты әрекет етпек.
3
Сонда Ол күмісті балқытып, қоқысынан айырып тазартатын зергер іспетті леуіліктерді алтын-күмістей тазартып, зұлымдық атаулыдан арылтады. Содан кейін олар қайтадан Жаратқан Иеге арнап таза сый-тартулар ұсына алады.
4
Осылайша Яһуда мен Иерусалимнің халқы әкелген сый-тартулар баяғы күндер мен ежелгі жылдардағыдай Жаратқан Иеге ұнамды болады.
5
«Сондықтан Мен сендерді тергеп соттау үшін жақындап келемін. Мен сиқыршыларға, неке адалдығын бұзушы мен ант бұзушыларға, жұмыскерлердің ақысын жеп, жетім-жесірлерге зорлық-зомбылық жасап, жат жұрттықтарды құқықтарынан айырғандарға қарсы куәлік келтіріп, әшкерелеуге ынтызармын», — деп нық айтады Әлемнің Иесі.
Жаратқан Иеге лайықты қызмет көрсету
6
— Мен, Жаратқан Ие, еш өзгермеймін, (Келісіміме адал болып қаламын). Сондықтан да сендер, уа, Жақыптың ұрпақтары, құрып кеткен жоқсыңдар.
7
Сонау ата-бабаларыңның заманынан-ақ сендер Менің ережелерімнен жалтарып, оларды ұстанбай келесіңдер. Енді кері бұрылып, Маған қайтып келіңдер. Сонда Мен де сендерге қайтып келемін, — деп уәде етеді Әлемнің Иесі.
Бірақ сендер: «Біз қалайша қайта аламыз?» деп сұрайсыңдар.
8
Әлде адамның Құдайдан ұрлауына бола ма? Алайда сендер Менен ұрлайсыңдар! «Сенен қалайша ұрлайды екенбіз?» деп сұрасаңдар, жауабым мынау: Өнімнің он бөлігінің бірін
ә
және өзге де тиесілі сый-тартуларды бермеулерің арқылы!
9
Сендердің барлығың, бүкіл халқың да қарғысқа ұшырадыңдар!
б
Себебі сендер Менен ұрлап жатырсыңдар!
10
Киелі үйімде әрдайым тамақ болуы үшін қоймама өнімнің он бөлігінің бірін толықтай алып келіңдер! Менің не істейтінімді осы арқылы сынап көріңдер! — деп ұсынады Әлемнің Иесі. — Сонда Менің аспаннан мол жауын-шашын жаудырып, сендерді жарылқауымның ағыл-тегіл болатыны соншама, оның бәрін жайғастыратын орындарыңның да болмай қалғанын көресіңдер!
11
Егістіктеріңдегі егінді ешбір пәлекет құртпайды, жүзімдіктеріңнің жемістері де жерге түсіп қалмайды, — деп уәде етеді Әлемнің Иесі. —
12
Сонда барлық ұлттар сендерді «Жарылқанған халық!» деп атайтын болады,
в
себебі сендер тамаша ел боласыңдар. — Әлемнің Иесі осыны нық айтады.
13
— Сендер Мен туралы ауыр сөз айттыңдар! — дейді Жаратқан Ие. — «Біз Саған қарсы қандай ауыр сөз айттық?» деп сұрасаңдар, міне, жауап:
14
Сендер былай дедіңдер: «Құдайға қызмет ету құр бекершілік! Әлемнің Иесінің талаптарын орындап, Оның алдында қасірет шеккен адамдар сияқты болып жүргенімізден бізге не пайда болды?
15
Қайта, бұдан былай өркөкіректерді жарылқанған деп есептейміз. Расында зұлымдықпен шұғылданушылар табысқа кенеліп, Құдайды еркінсіп сынап келгендер аман-есен жүр ғой!» дейсіңдер.
Жаратқан Иенің әділдерді ескеріп марапаттауы
16
Содан соң Жаратқан Иені терең қастерлеушілер өзара сөйлесіп, Жаратқан Ие оларды ден қойып тыңдады. Сонда бұлар туралы Оның алдындағы естелік кітапқа жазылды. Сол кітапқа Жаратқан Иені терең қастерлеп, Оның есімін құрметтейтіндер тіркелген.
г
17
«Мен сот жүргізетін күні олар Менің өз халқым әрі ерекше құнды меншігім
ғ
болады, — деп уәде етеді Әлемнің Иесі. — Әке өзінің адал қызмет етіп келген ұлына мейірім көрсететініндей, Мен де оларға мейірім көрсетемін!
18
Сол кезде сендер әділдер мен зұлымдардың, Құдайға қызмет ететіндер мен қызмет етпейтіндердің арасындағы айырмашылықты қайтадан көретін боласыңдар».

а  Яғни Құдай уәде еткен Құтқарушы Мәсіх (Иш 7:14; 9:6; 42:6; 49:8).

ә  (1:8,13; Заң 12:6; 14:22; Нех 13:5,11-12) Яки: Өнімнің оннан бір бөлігін.

б  2:2; Заң 11:26-28; 28:20.

в  Иш 61:9; 65:23-24.

г  Дан 12:1.

ғ  Мыс 19:5; Заң 7:6; Иш 43:21.