Лұқа  9
Исаның елшілеріне тапсырма беруі
1
Бірде Иса он екі елшісін қасына шақырып алып, оларға барлық жындарды қуып шығарып, ауруларды сауықтыру құдіреті мен билігін тапсырды.
2
Оларды Құдайдың Патшалығын уағыздап, науқастарды сауықтыруға да жіберді.
3
Сонда Иса елшілеріне мына тапсырманы берді: «Жолға артық еш нәрсе алмаңдар: таяқ, жолдорба, нан, ақша, артық киімдерің болмасын.
4
Қай үйге түссеңдер, сонда қонып, сол үйден жолға шығыңдар.
а
5
Егер бір жерде сендерді қабылдамаса, сол қаладан шығып кетіп бара жатқанда аяқтарыңдағы шаң-тозаңды қағып тастаңдар.
ә
Бұл оларға ескерту болсын».
6
Елшілер жолға шығып, ауыл-ауылды аралады. Әр жерде Ізгі хабарды жариялап, ауру-сырқауларды сауықтырды.
Аймақ әкімі Иродтың Иса жайындағы сұрағы
7
Аймақ әкімі Ирод (Антипас)
б
Исаның істегендерінің бәрін естіп, абыржып аң-таң болды. Себебі кейбір кісілер: «Бұл өлімнен қайта тірілген Жақия екен» десе,
8
басқалары: «Ілияс пайғамбар жер бетіне қайтып келіпті»
в
деді. Тағы басқалар: «Ежелде өмір сүрген өзге пайғамбарлардың бірі қайта тіріліпті», — деп болжады.
9
Сонда Ирод: «Жақияның басын өзім шаптырған едім.
г
Ал осы естігендерімді істеп жүрген бұл Кісі кім екен?» — деп, Оны көруге құмартты.
Мәсіх Исаның бес мыңнан астам адамды тамақтандыруы
10
Исаның жіберген елшілері қайтып келіп, жасаған істері туралы Оған түгелдей баяндады. Иса оларды ертіп алып, Бетсайда деген қаланың маңындағы оңаша бір жерге жөнелді.
11
Ал халық мұны біліп алып, Оның соңынан ілесті. Иса оларды жылы қабылдап, Құдайдың Патшалығы туралы уағыз айтты және айығуға мұқтаждарды ауруларынан сауықтырды.
12
Күн кеш бола бастағанда он екі елшісі Исаның қасына келіп:
— Халықты таратып жіберіңіз. Олар жақын маңдағы ауылдар мен елді мекендерге барып, жатар орын мен жейтін тамақ тапсын. Мұнда құлазыған даладамыз ғой! — деген ұсыныс жасады.
13
Бірақ Иса:
— Оларға тамақты сендер беріңдер! — деп жауап қатты. Шәкірттері:
— Бізде бес күлше нан мен екі кепкен балықтан
ғ
өзге ештеңе жоқ. Әлде мына адамдардың бәріне тамақ сатып алуға барайық па? — деп сұрады.
14
Себебі сол жерде бес мыңдай ер адам болатын.
д
Ал Иса шәкірттеріне:
— Оларды шамамен елу-елуден топқа бөліп, жайғастырып отырғыза беріңдер! — деп тапсырды.
15
Шәкірттері бәрін солай етіп отырғызды.
16
Иса бес күлше нан мен екі кепкен балықты қолына алып, көкке қарап тұрып шүкірлік етті.
е
Оларды халыққа тарату үшін үзіп-үзіп, шәкірттеріне бере берді.
17
Барлығы да жеп тойды. Соңында олар нан мен балықтан артылып қалғандарын жинап алғанда, он екі себет
ж
толды.
Иса шын мәнісінде кім? Өзінің өліп, қайта тірілетінін алғашқы рет білдіруі
18
Бір күні Иса оңаша жерде мінажат етіп отырғанда шәкірттері қасында болатын. Сонда Иса оларға мынадай сұрақ қойды:
— Халық Мені кім деп жүр?
19
Шәкірттері:
— Біреулері Сізді — шомылдыру рәсімін жасаған Жақия, ал басқалары — Ілияс пайғамбар,
з
тағы басқалары — ежелгі пайғамбарлардың өзге біреуі қайта тіріліпті деп жүр, — деді.
20
Сонда Иса:
— Ал сендер Мені кім дейсіңдер? — деп сұрады. Петір Оған жауап беріп:
— Сіз Құдай тағайындаған Мәсіхсіз!
и
— деді.
21
Алайда Иса шәкірттеріне бұл туралы ешкімге тіс жармауды қатты ескертті.
к
22
Оларға тағы былай деді:
— Көктен келген Билеуші — Мен көп азап шегуге тиіспін:
қ
рубасылар, басты діни қызметкерлер және дін мұғалімдері Өзімнен бас тартулары әрі Менің өлтірілуім, бірақ содан кейінгі үшінші күні қайта тірілуім де қажет!
Мәсіхтің ізгі жолына толық бағышталу қажет
23
Бұдан кейін Иса халықтың бәріне арнап мынаны айтты:
— Маған еріп шәкіртім болғысы келген әркім өз еркі бойынша өмір сүруін қойсын, әрі айқышын арқалаған кісідей азапты өлімге күн сайын дайын болып Менің жолыммен жүрсін!
л
24
Себебі кім өмірімді сақтаймын десе, одан айырылады,
м
ал өмірін Мен үшін қиған әркім оны (мәңгі) аман сақтап қалады.
25
Адам бүкіл дүниеге ие болып, сол себепті өзін жойып жіберсе, яки өзіне мәңгілік зиян келтірсе,
н
бұдан оған не пайда?
26
Себебі кім Мені және айтқан сөздерімді танудан бас тартса, Мен де Билеуші ретінде Өзімнің салтанатыммен әрі Әкемнің және Оған бағышталған періштелердің салтанатымен көктен қайтып келген кезімде сол адамды танудан бас тартамын.
о
Мәсіхтің өз Патшалығының нұрлы салтанатымен үш елшісіне көрінуі
27
«Сендерге шын айтамын: осында тұрған кейбіреулерің Құдайдың Патшалығын өз көздеріңмен көрмей, өлмейсіңдер», — деді Иса.
28
Бұл сөздерді айтқаннан шамамен сегіз күн өткеннен кейін Иса Петір, Жохан және Жақыпты ертіп алып, сиынып мінажат ету үшін бір таудың басына шықты.
29
Иса сиынып тұрғанда, Оның бет-әлпеті өзгеріске түсіп, киімдері аппақ болып найзағайдың отындай жалтырап тұрды.
ө
30
Кенеттен екі адам пайда болып, Исамен сөйлесті. Бұлар (ежелде өмір сүрген) Мұса пайғамбар мен Ілияс пайғамбар еді.
31
Салтанатты ұлылықпен көрінген екеуі Исаның Иерусалим қаласында (Құдайдың еркін орындап) бұ дүниеден өтуге тиісті екендігі туралы айтты.
п
32
Ал Петірді және қасындағы жолдастарын ұйқы басты. Олар оянғанда Исаның салтанатты ұлылығын да, Онымен бірге тұрған екі кісіні де көрді.
33
Сол екеуі Исаның қасынан кете бастағанда, Петір Оған: «Ұстаз, бұл жерде болғанымыз қандай жақсы! Біреуін Сізге, біреуін Мұсаға, біреуін Ілиясқа арнап үш күрке
р
құрайық», — деп ұсынды. Ол өзінің не айтқанын ұққан да жоқ.
с
34
Петір осыны айтып тұрған кезде-ақ бір бұлт келіп, оларға көлеңкесін түсірді.
т
Бұлттың құшағына кіргенде шәкірттер қорқып кетті.
35
Сонда бұлт ішінен: «Бұл — Менің таңдап алған рухани Ұлым.
у
Оны тыңдаңдар!» — деген дауыс шықты.
36
Дауыс шыққаннан кейін Иса жалғыз Өзі қалды.
Ал шәкірттері осында көргендері туралы сол күндері ешкімге де тіс жарған жоқ.
ұ
Мәсіхтің жын азаптаған баланы сауықтыруы
37
Келесі күні Иса үш елшісімен таудан түскенде, Оны көптеген халық қарсы алды.
38
Сол сәтте халықтың арасынан біреу дауыстап былай деді:
— Ұстаз, Сізден өтінемін: менің ұлыма назар аудара көріңіз! Ол — жалғыз балам.
39
Жыны ұстағанда, ол кенеттен шыңғырып жібереді. Жын баланы қалшылдатып, аузынан көбігін ағызады; одан зорға дегенде кетіп, оны қатты азаптайды.
40
Шәкірттеріңізден жынды шығарып тастаңдар деп өтінген едім, бірақ қолдарынан келмеді. —
41
Сонда Иса:
— Ей, сенбейтін, шындық жолынан тайған ұрпақ-ай!
ү
Қанша уақыт қастарыңда болып, сендерге төзбекпін?! Кәне, ұлыңды мұнда әкел! — деп жауап берді.
42
Бала келе жатқанда, жын оны жерге жығып, қатты қалшылдатты. Иса жынға қатаң тыйым салып, баланы сауықтырды. Содан оны әкесіне тапсырды.
43
Бәрі де Құдайдың ұлы құдіретіне қайран қалды.
Мәсіхтің Өзінің алда шегетін азабын екінші рет білдіруі
Бүкіл халық Исаның барлық істеріне таңырқап тұрғанда, Ол шәкірттеріне (өз басынан өткізетіндері туралы) былай деді:
44
«Осы сөздерімді құлақтарыңа құйып алыңдар: көктен келген Билеушіні
ф
адамдардың қолына ұстап береді!»
45
Шәкірттері Исаның бұл айтқандарын түсінбеді. Мәні өздеріне жасырын болғандықтан, олар оны ұға алмады. Алайда сол туралы Исаға сұрақ қоюға батылдары бармады.
Мәсіхтің жолын қуушылардың ең үлкені кім?
46
Шәкірттердің арасында: «Қайсымыздың жолымыз ең үлкен?» — деген ой туындады.
47
Олардың жүрек түкпірлеріндегі ойларын ұққан Иса бір кішкентай баланы алып, жанына тұрғызып қойып былай деді:
48
— Кім осындай сәбиді Менің атыммен қабылдаса, соның Мені де қабылдағаны. Ал кім Мені қабылдаса, оның Мені Жібергенді де қабылдағаны. Естеріңде болсын: араларыңда ең кішік кім болса, ең ұлыларың — сол.
49
Сонда Жохан:
— Ұстаз, Сіздің атыңызбен адамдардың жындарын қуып шығарып жатқан біреуді көрдік. Оған тыйым салдық. Ол бізбен бірге Сізге еріп жүрген жоқ қой, — деді.
50
Бірақ Иса Жоханға:
— Оған тыйым салмаңдар! Сендерге қарсы болмағанның сендерге жақтас болғаны,
х
— деп жауап берді.
Исаның Иерусалимге соңғы рет сапарға шығуы әрі самариялықтардың Оны қабылдамауы
51
Иса көкке көтерілетін күні жақындаған кезде Иерусалимге баруға бел буды.
52
Содан Ол Өзінің алдынан хабаршыларын жіберді. Олар Исаға түнейтін орын дайындау үшін самариялық
ц
бір ауылға барды.
53
Ал Иса Иерусалимге бет алғандықтан, самариялықтар Оны қабылдамады.
54
Шәкірттері Жақып пен Жохан мұны көріп:
— Мырза, мақұл көрсеңіз, (Ілияс пайғамбар істегендей) көктен от түсіп, оларды жойсын деп бұйырайық, — деді.
ч
55-56
Бірақ Иса екі шәкіртіне бұрылып, оларға тыйым салды.
ш
Содан кейін олар басқа ауылға беттеді.
Мәсіхтің жолымен жүруге белді бекем буу
57
Иса шәкірттерін ертіп жолда кетіп бара жатқанда, бір кісі Оған:
— Мырза, қайда барсаңыз да, мен Сізге еремін, — деді.
58
Иса оған:
— Түлкінің іні бар, құстың ұясы бар, ал көктен келген Билеушінің бас тірейтін тұрағы да жоқ,
ы
— деп жауап берді.
59
Басқа біреуге Иса:
— Маған шәкірт болып ер, — деді. Ол:
— Мырза, алдымен үйге барып, әкем қайтыс болғанша қасында болып, сүйегін жерлеп келейін. Рұқсат етіңізші, — деп сұрады.
60
Иса оған:
— Өлгендерін жерлеуді (рухани) өлілерге қалдыр!
і
Ал сен ел аралап, Құдайдың Патшалығы туралы Ізгі хабарды жарияла! — деп тапсырды.
61
Тағы басқа біреу Исаға:
— Мырза, мен Сізге еремін. Бірақ алдымен қайтып барып, үй ішіммен қоштасып келуге рұқсат етіңізші, — деді.
62
Иса оған:
— Артына қарай берген соқашыдай жалтақ адам
э
Құдайдың Патшалығы үшін тиімсіз, — деп жауап берді.

а  Осылай елшілер Құдайға кәміл сенуді үйренуге тиіс еді. Олар үй-үйді аралап, қонақтап жүрмей, өздерін алдымен шақырған отбасыларының қонақжайлылығына риза болсын (12:22-23; 20:46-47).

ә  Бұл салт енді осы жердің тұрғындарымен рухани қатынасым болмайды, әрі Құдайдың жазасын тартатындарына өздері кінәлі болады дегенді білдіретін (10:10-12,16; Елш 13:50-51).

б  3:19-20; Мат 14:1; Мар 6:14.

в  Мат 11:14; 17:10-13; Мар 6:15; Мал 4:5.

г  3:19-20; Мат 14:6-12; Мар 6:21-29.

ғ  Сол елдің жұрты тұздалып кептірілген балықты нанға қосып жейтін (11:11).

д  Бұған қоса әйелдер мен балалар да болды (Мат 14:21).

е  Яғни көктегі Әкесіне ризашылық білдіріп тамаққа бата берді (Мат 14:19; 26:26).

ж  Яки: он екі кәрзеңке.

з  Діндар яһудилердің көбі Мәсіх келмес бұрын Ілияс және тағы басқа бір пайғамбар дүниеге қайта келуге тиіс деп сенетін (1:17; Мар 9:11-12; Мал 4:5; Заң 18:18).

и  Яки: Құдай тағайындаған Құтқарушы Патшасыз (2:11,26; Мат 16:14; Түсіндірмені де қараңыз).

к  Халық Мәсіхтен өздерін Римнің езгісінен құтқаруды күтсе, Иса олардан ең алдымен теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсулерін талап етті (Мар 1:14-15).

қ  Яки: Құдай тағайындаған Билеуші («Адам Ұлы») көп азап шегуге тиіс.

л  Яки: өз мүддесінен бас тартып, күн сайын айқышын көтеріп алып Менің соңымнан ілессін (Мат 16:24; Мар 8:34; Флп 3:10-11; Ғал 2:20).

м  Яки: кім (бұ дүниедегі) өмірімді сақтаймын десе, (шынайы) өмірден құр қалады (Мар 8:34-38; Евр 10:36,39).

н  Немесе: сол себепті шынайы өмірден құр қалса, яки мәңгілік жаза тартса (12:5; 16:23-26; Аян 2:7,11; 3:5).

о  Немесе: Кім Менен және сөздерімнен ұялса, Құдай тағайындаған Билеуші де («Адам Ұлы» да) Өзінің, Әкесінің және Оған бағышталған (қасиетті) періштелердің салтанатты ұлылығымен көктен қайтып келген кезінде сол адамнан ұялады (демек, Мен оны өз шәкіртім деп мойындамаймын: 12:8-9; Мат 10:32-33).

ө  2:9; Мыс 19:16; 40:35; Аян 1:13-16.

п  9:22; 24:26-27,44-47,51.

р  Немесе: үш (киелі) шатыр (Мыс 25:9; Евр 8:5).

с  Себебі Петірді үрей биледі (Мар 9:6).

т  Немесе: бір (нұрлы) бұлт келіп, оларға қонды (Мыс 24:16; 30:4; Түсіндірмедегі «Жарық бұлтты» да қараңыз).

у  Немесе: Менің сүйікті Ұлым (1:35; 3:22; Иш 42:1).

ұ  Мат 17:9; Мар 9:9.

ү  17:6; Мат 17:17,20; Мар 9:29; 11:23-25.

ф  (9:21) Яки: Құдай тағайындаған Билеуші («Адам Ұлы») ретінде көктен келген Мені.

х  Мар 9:39-41.

ц  10:33; 17:16; Жох 4:9; Түсіндірмедегі «Самариялықты» қараңыз.

ч  Пат4 1:10,12.

ш  Немесе: бұрылып: («Қандай рухтың (яки ойдың) ықпалында екендеріңді білмейсіңдер. Мен адамдардың жандарын құртуға емес, құтқаруға көктен келдім», деп) тыйым салды (19:10).

ы  Мар 1:45.

і  Яки: Сондай жұмыстармен айналысуды Құдайдың рухани өмірі (яғни Онымен шынайы қатынасы) жоқ адамдарға қалдыр! (Мәсіхтің шәкірттері халыққа шынайы өмір туралы Ізгі хабарды уағыздауға тиісті еді: 6:20-21; Жох 3:16,36; Қор1 7:29-35.)

э  Немесе: Қолына соқа алып, артына (жалтақтап) қарай берген адам (Флп 3:13).