Лұқа  4
Мәсіх Исаның айдалада сынақтан өтіп, әзәзілді жеңіп шығуы
1
Киелі Рухқа кенелген
а
Иса Иорданнан қайтқанда, Киелі Рух Оны айдалаға бастап алып барды.
2
Сол жерде әзәзіл шайтан Оны қырық күн бойы сынады. Иса сол күндері нәр татпай, осы мерзім аяқталғанда әбден ашықты.
3
Сонда әзәзіл шайтан Оған:
— Егер Құдайдың рухани Ұлы болсаң, мына тас нанға айналсын деп бұйыра гөр, — деді.
4
Иса оған былай деп жауап қатты:
— «Адам тек нанмен ғана емес (Құдайдың әрбір сөзімен) өмір сүреді»
ә
деп (Тауратта) жазылған ғой!
5
Бұдан кейін әзәзіл шайтан Оны ертіп алып биік бір жерге шығарып, әп-сәтте әлемнің барлық мемлекеттерін көрсетіп:
6
— Осы мемлекеттердің бүкіл билігін, олардың сән-салтанатын Саған беремін. Бұл билік маған тапсырылған, оны көңілім қалағанға сыйлаймын.
7
Сонымен маған ғибадат етсең
б
бәрі де Сенікі болады, — деді.
8
Иса оған былай деп жауап қатты:
— (Кет қасымнан, шайтан!) «Құдай Иеңді терең қастерлеп, жалғыз Оған ғана қызмет ет!»
в
деп (Тауратта) жазылған ғой!
9
Мұнан соң әзәзіл шайтан Оны Иерусалим қаласына апарып, ғибадатхананың төбесіне шығарып, былай деді:
— Егер Құдайдың рухани Ұлы
г
болсаң, мына жерден төмен қарай секіре гөр!
10
Өйткені «Періштелеріне Ол Сен жайлы бұйрық береді: олар Сені қорғап күзетеді.
11
Сен аяғыңды тасқа соғып алмауың үшін қолдарына көтеріп Сені алып жүреді»
ғ
деп (Забурда) жазылған ғой. —
12
Иса оған жауап қайтарып:
— «Құдай Иеңді еркінсіп сынама!»
д
деп (Тауратта) айтылған ғой! — деді.
13
Әзәзіл шайтан барлық сынақтарын бітірген соң уақытша Оның қасынан кетіп қалды.
Исаның Ізгі хабарды жариялауы, ал Назарет халқының қиқарлануы
14
Киелі Рухтың құдіретіне кенелген Иса Ғалилея аймағына қайтып келді. Ол туралы хабар бүкіл төңірекке тарап кетті.
15
Иса халыққа мәжілісханаларында
е
тәлім беріп, бәрі Оны мадақтады.
16
Өзі өскен Назарет қаласына келген соң, Иса әдетіне сай демалыс күні
ж
мәжілісханаға барды. Ол Киелі жазбалардан оқып беру үшін орнынан тұрғанда,
17
Оған Ишая пайғамбардың жазбасы берілді. Иса сол шиыршық кітапты
з
ашып, мына жерін тауып, оқып берді:
18
«Маған Жаратқан Ие Өзінің Рухын қондырды. Ол мені жарлыларға ізгі хабар жеткізуге тағайындады, сондай-ақ тұтқындарға босатылып, соқырларға көре алатындарын жар салуға жіберді. Жаратқан Ие мені езілгендерді қанаудан азат етуге
19
және Өзінің кешірім беретін мейірімділік жылын жариялауға да жұмсады».
и
20
Иса жазбаны жауып, қызметшіге қайтарып берді де, орнына отырды. Мәжілісханадағы бүкіл жамағат Оған көз тікті. Иса:
21
«Сіздер естіген осы сөздер бүгін орындалды», — деп оларға уағыз айта бастады.
22
Бәрі Оған ризалық білдіріп, аузынан шыққан ұнамды сөздеріне таңғалды.
Бұдан кейін олар:
— Мынау Жүсіптің Баласы емес пе? — деп өзара сұрасты.
к
23
Иса оларға былай деп жауап берді:
— Әрине Маған «Дәрігер болсаң, өзіңді емде» деген мәтелді келтіріп, «Қапарнаумда жасаған керемет істерің туралы естідік. Мына өскен жеріңде де сондайларды істе!» дерсіздер.
24
Сіздерге шындығын айтамын: өз елінде пайғамбардың қадірі болмас.
қ
25
Естеріңізде болсын: Ілияс пайғамбардың тұсында үш жыл алты ай бойы ешқандай жауын жаумай, барлық жерде қатты ашаршылық болған кезде Исраил елінде жесір әйелдер көп еді.
26
Бірақ Құдай Ілияс пайғамбарды солардың ешқайсысына емес, тек шетелдік Сидон елінің
л
Сарепта қаласындағы бір жесір әйелге жіберді.
м
27
Сондай-ақ Еліше пайғамбардың тұсында алапеспен
н
ауырған кісілер Исраилде көп еді. Бірақ сириялық Нағыманнан
о
басқа ешкім ауруынан жазылған жоқ.
28
Мұны естігенде мәжілісханадағы адамдардың бәрі қатты ашуланды.
ө
29
Олар орындарынан тұрып, Оны қаладан қуып шығып, қала тұрған таудың тік жарынан құлатпақ болып төбесіне алып барды.
30
Бірақ Иса араларынан өтіп шығып, кетіп қалды.
Қапарнаумдағы аурулар мен жын қинағандардың дерттерінен арылуы
31
Содан Иса Ғалилеядағы Қапарнаум қаласына ылдилап барды.
п
Сол жерде демалыс күні халыққа тәлім берді.
32
Иса Құдайдан келген ерекше билікпен
р
сөйлегендіктен, жұрт Оның тәліміне қатты қайран қалды.
33
Мәжілісханада жын
с
соққан бір кісі де болды. Ол қатты дауыстап:
34
— Тоқта, назареттік Иса, бізде нең бар? Құртуға келдің ғой бізді. Кім екеніңді білемін: Сен Құдайдың Киелісісің, — деп айқайлады.
35
Бірақ Иса жынға:
— Үніңді өшір, шық одан! — деп қатаң бұйырды. Сонда жын сол кісіні мәжілісхананың ортасына құлатып тастады, алайда оған еш зиян келтірместен денесінен шығып кетті!
36
Барлық жұрт үрейлері ұшып: «Бұл не деген сөз? Ол жындарға билікпен және құдіретпен бұйрық беріп, олар шығып кетеді ғой!» — деп таңғалысты.
37
Бұдан кейін Иса туралы хабар төңіректегі барлық жерге жайылды.
38
Иса мәжілісханадан шыққан соң Шимонның үйіне барды. Оның қайын енесі безгекпен қатты ауырып,
т
төсек тартып жатқан еді. Үйдегілер Исадан сол кісіге көңіл бөлуін өтінді.
39
Иса әйелдің қасына барып, қызуға тыйым салды. Сонда қызуы басылып, әйел дереу орнынан тұрып, оларды күтіп қызмет ете бастады.
40
Күн бата бүкіл жұрт әр түрлі науқастармен ауырған адамдарын Исаға алып келді. Ол солардың әрқайсысының үстіне қолын қойып, сауықтырып жіберді.
41
Көп адамның бойындағы жындар шығып: «Сен Құдайдың рухани Ұлысың»,
у
— деп айқайлады. Өзінің Мәсіх екендігін білгендіктеріне бола, Иса жындарға тыйым салып, сөйлетпей тастады.
42
Таң атқанда Иса үйден шығып, оңаша бір жерге барды. Халық Оны іздеп, қасына келіп:
— Бізді тастап кетпеңіз, — деп, Оны тоқтатпақшы болды.
43
Бірақ Иса оларға:
— Құдайдың Патшалығы
ұ
туралы Ізгі хабарды басқа қалаларға да жариялауға тиістімін. Себебі Мен сол үшін осында жіберілдім, — деді.
44
Бұдан кейін Иса Ғалилея аймағындағы яһудилердің мәжілісханаларында
ү
уағыз айтып жүрді.

а  3:21-22.

ә  Заң 8:3; Мат 4:4.

б  Яки: менің алдымда иіліп табынсаң.

в  Яки: Құдайың — Жаратқан Иеге иіліп тағзым етіп, жалғыз Оған ғана қызмет (ғибадат) ет! (Заң 6:13)

г  Немесе: Құдайдың Ұлы (1:32,35; 3:22).

ғ  Жыр 90:11-12.

д  Заң 6:16.

е  Мәжілісхана: яһудилер Құдайға сиынып, Таурат, Забур және Пайғамбарлардың жазбаларын оқып-үйренетін жиналыс үйі (Түсіндірмені де қараңыз).

ж  Яки: сенбі күні. (Исраил халқының демалып, Құдайға сиынуға жиналатын күні.)

з  Яғни (түтік сияқты оралған) қағазды (свиток) (Түсіндірмені қараңыз).

и  Иш 61:1-2.

к  Мат 13:55,57.

қ  Яки: өз елінде ешбір пайғамбар құрметпен қабылданбас (Мат 13:57; Мар 6:4; Жох 4:44).

л  Бүгінгі Ливан елінде. (Сол заманда онда Құдайға мойынсұнбайтын басқа ұлт адамдары тұратын.)

м  Пат3 17:8-16.

н  Алапес: түпнұсқадағы сөз жүйке жүйесін істен шығаратын жұқпалы тері ауруларының жалпы атауы болатын.

о  Пат4 5:1-14.

ө  Сол заманда яһудилер өздерін басқа ұлт адамдарынан әлдеқайда жоғары санайтын. Сондықтан Иса Құдайдың оларды да қамқорлап, жарылқайтыны жайлы айтқанда, яһудилер бұған қатты ренжіп ашуланды (3:8-19; 20:16; Мат 8:11-12).

п  Назарет Ғалилеяның қыратты жеріндегі шағын қала, ал Қапарнаум төменде, Ғалилея көлінің жағасында орналасқан сауда орталығы болатын.

р  Яки: өкілеттікпен. (Құдай сөзін уағыздауға Исаның өзіндік еркі мен терең түсінігі бар еді: 3:21-22; 4:18-19,22,36; Мат 7:29; Мар 1:22; Елш 2:22.)

с  Яки: (әзәзіл шайтанға бағынышты) арам рух, пері (8:29; 9:42; 11:15).

т  Яки: қайын енесі қызуы қатты көтеріліп.

у  Немесе: «Сен Мәсіхсің — Құдайдың (рухани) Ұлысың!» (1:35)

ұ  Құдайдың адамдарға жүргізетін игілікті әкімшілігі (6:20-21; 9:11; 9:27-30,34-36; 18:29-31; Түсіндірмені де қараңыз).

ү  4:15; Мат 4:23; Мар 1:39.