Лұқа  21
1
Иса айналасына қарап, байлардың құдайы сыйлықтарын арнайы сандықтарға салып жатқандарына назар аударды.
2
Сонымен қатар бір бейшара жесір әйелдің жалпы құны төрт теңгелік екі бақырды салғанын да көріп,
3
былай деді: «Сендерге шындығын айтайын: мына бейшара жесір бәрінен де көп салды!
4
Себебі басқалардың бәрі өздерінен артылғанын ғана садақа етсе, бұл әйел өзі бейшара бола тұра, күнелтетін нәрсесінің бәрін аямастан берді».
Ғибадатхананың қиратылуы әрі осы заманның ақыры
5
Кейбіреулер ғибадатханаға нұсқап, оның әдемі тастармен салынып, арнайы сый-тартулармен тамаша әшекейленгенін айтты. Иса бұған былай деп жауап берді:
6
— Сендер көріп тұрған мына ғимараттардың қаланған бірде-бір тасы қалмай барлығының да күл-талқаны шығатын күндер туады!
7
Олар Исадан:
— Ұстаз, бұл қашан болады? Оның іске асатын кезін қандай белгі білдірмек?
а
— деп сұрады.
8
Исаның жауабы мынау болды:
— Сендер алданып, теріс жолға түсіп кетуден сақтаныңдар! Себебі көптеген адамдар Менің атымды жамылып келіп: «(Құтқарушы Мәсіх) Менмін!» және «Ақырзаман жақындап қалды!» дейтін болады. Ондайлардың соңынан ермеңдер!
ә
9
Соғыстар мен көтерілістер туралы естігенде үрейленбеңдер! Алдымен осылар болуға тиісті, бірақ заманның ақыры бір дегеннен бола қоймайды. —
10
Бұдан кейін Иса оларға айтқан сөзін жалғастырып былай деді: — Ұлт ұлтқа қарсы, мемлекет мемлекетке қарсы аттанады.
11
Түрлі жерлерде қатты жер сілкіністер, ашаршылық және індеттер болады. Аспанда қорқынышты құбылыстар әрі зор ғажайып белгілер көрінбек.
Сенушілердің қудаланып, Иерусалимнің жазалануы
12
Ал осының бәрі іске аспастан бұрын жұрт сендерге Менің жолыма түскендеріңе бола зорлық көрсетеді. Олар сендерді қудалайды, мәжілісхана соттарына ұстап беріп, түрмеге салады және патшалар мен әміршілердің алдына апарады.
13
Осылайша сендер Мен туралы ашық айтуға мүмкіндік аласыңдар.
б
14
Ал енді, қалай жауап береміз деп алдын ала ойламаймыз деген берік шешім қабылдаңдар!
в
15
Себебі Мен сендерге жауларың қарсы сөйлеп, дәлел келтіре алмайтындай шешендік пен даналық дарытатын боламын.
16
Сендерді тіпті әке-шешелерің мен бауырларың, туыстарың мен дос-жарандарың да ұстап беріп, кейбіреулеріңді өлімге душар етеді.
17
Менің атымды мойындағандарыңа бола барлық жұрт сендерді жек көретін болады.
18
Алайда Құдайдың еркінсіз сендер қылдай да қиянат шекпейсіңдер.
г
19
Табанды болыңдар, сонда шынайы өмірге жетесіңдер!
20
Ал Иерусалим қаласын әскерлер қоршап алғанын көрсеңдер, оның ойрандалатын кезінің жақындап қалғанын білесіңдер.
21
Сонда Яһудея аймағында тұратындар тауларға қашып құтылсын! Иерусалимдегілер қаладан шығып, ал оның маңындағылар қалаға кірмей, қашып кетсін!
22
Себебі сол кез — Құдайдың халықты жазалайтын күндері. Осылайша Киелі жазбаларда бұл туралы жазылғандардың бәрі де жүзеге аспақ.
ғ
23
Сол күндері аяғы ауыр және бала емізіп жүрген әйелдер қандай қасіретке ұшырайтын болады! Өйткені осы ел үлкен апатқа душар болып, халықтың басына қаһарлы жаза түспек.
24
Олар қылыштан өледі немесе тұтқындалып, барлық басқа ұлттардың елдеріне айдалады. Құдайға сенбейтін халықтар өз дәурендері өткенше Иерусалим қаласын табандарымен таптап, білгендерін істейтін болады.
Мәсіх Исаның дүниені соттау үшін қайтып келуіне дайын болу керек
25
Күнде, айда, жұлдыздарда ғажайып белгілер
д
пайда болып, жерде теңіздер шулап долданатын болады. Содан халықтар зәрелері ұшып, не істерін білмей дал болмақ.
26
Аспан денелері орындарынан қозғалғандықтан, адамдар қорқып, әлемге төнетін апаттарды күтіп естерінен тана үрейленетін болады.
е
27
Сол уақытта олар Менің Билеуші ретінде ғаламат құдіретпен, салтанатты ұлылықпен бір бұлтта келе жатқанымды көреді.
ж
28
Сендер бұл оқиғалар бола бастаған кезде бастарыңды көтеріп, жоғары қараңдар, себебі құтқарылуларың жақын!
з
— деді Иса.
29
Содан кейін Иса тыңдап тұрғандарға болашақтағы мына жағдайды түсіндірді: «Інжір ағашы мен барлық басқа ағаштарға қараңдар:
30
жапырақтарының шыға бастағанын көргенде жаздың таяп қалғанын білесіңдер.
31
Сол сияқты, сендер осы оқиғалардың болып жатқанын көргенде, Құдайдың Патшалығының жер бетінде орнайтын кезінің таяп қалғанын білетін боласыңдар.
32
Сендерге шындығын айтайын: осы ұрпақ өлмей тұрып-ақ, мұның бәрі іске асады.
и
33
Аспан мен жер жойылатын болады, бірақ Менің сөздерім еш жойылмайды.
к
34
Алайда өздеріңе сақ болыңдар: той-думан жасап, мас болып немесе күнделікті тұрмысты уайымдап, жүректерің шеменденіп кетпесін! Әйтпесе Менің қайта оралатын күнім сендерге қапылыста келеді.
қ
35
Себебі сол күн жер бетінде тұрғандардың бәрінің
л
басына түскен тор сияқты кенеттен туа қалады.
36
Әрқашан сергек болып, сиынып мінажат етіңдер! Осылайша сендер алдағы осы апаттардан құтылуға әрі Билеуші ретінде көктен келген Менің алдымда тұра алуға рухани күш-қуат иемденіңдер».
м
37
Иса күндіз ғибадатханада тәлім берді, ал кешке қаладан шығып, Зәйтүн тауына барып, сол маңайда түнеп жүрді.
38
Таң ата бүкіл халық Исаны тыңдау үшін ғибадатханаға Оның қасына келетін.

а  Яки: қандай ерекше оқиға не құбылыс алдын ала білдірмек?

ә  17:23; Мат 24:5; Мар 13:6.

б  Яки: Мұның нәтижесі сендердің (Ізгі хабар туралы) куәгерлік етулерің болады.

в  (12:11-12) Яки: Ал енді, қорғану жайын алдын ала ойламаймыз деп жүректеріңде берік шешім қабылдаңдар!

г  Немесе: Құдайдың еркінсіз бастарыңдағы шаштарыңның бірі де түспейді (12:6-7; Мат 10:29-30).

ғ  Иш 63:10,18; Дан 9:26; Ош 9:7-9.

д  Яки: ғажайып құбылыстар (оқиғалар).

е  Немесе: апаттарды үрейлене күтіп, жан тапсыратын болады.

ж  Немесе: олар «Адам Ұлының» ғаламат құдіретпен, салтанатты ұлылықпен бір бұлтта келе жатқанын көреді (Дан 7:13-14; Мат 24:30; Мар 13:26; Аян 1:7).

з  1:77-79; 18:7; Жыр 30:25; 37:16; 41:6.

и  Немесе: мұның бәрі іске асқанша осы нәсіл (Исраил халқы) жойылып кетпейді.

к  Мат 5:18; Пет1 3:7,10; Аян 21:1.

қ  8:14; 12:40,45-46; Мат 24:41.

л  17:24; 21:25-27; Мат 24:30.

м  22:40; Еф 3:16; 6:13,18.