Лұқа  2
Құтқарушы Исаның дүниеге келуі
1
Сол күндері Рим патшасы Август
а
жер жүзінің барлық тұрғындарына салық төлеу үшін тізімге тіркелуге жарлық шығарды.
2
Бұл Сирия өлкесін Кирини басқарған замандағы алғашқы халық санағы болатын.
3
Сонда әркім тізімге тіркелу үшін өзінің атамекеніне
ә
барды.
4
Жүсіп те Ғалилеядағы Назарет қаласынан
б
жолға шығып, Дәуіт патшаның туған қаласына, Яһудея аймағындағы Бетлехемге,
в
тізімге тіркелуге барды. Себебі Жүсіп Дәуіттің әулеті мен руынан шыққан еді.
5
Аяғы ауыр әйелі
г
Мәриям оған еріп жүрді.
6
Олар Бетлехемде болғанда Мәриямның босанатын уақыты жетіп,
7
тұңғыш Ұлын тапты. Оны құндақтап, қорадағы шөп салатын ақырға жатқызды. Себебі қонақүйде оларға орын болмады.
Малшыларға жеткізілген Ізгі хабар
8
Сол өңірде малшылар жүретін. Олар далада түнеп, малдарын күзетіп жатты.
9
Кенеттен қастарына Жаратқан Иенің періштесі келіп, төңіректеріне Иеміздің нұрлы салтанаты
ғ
сәулесін төгіп жіберді. Малшылар зәрелері ұша қорықты.
10
Ал періште оларға тіл қатып: «Қорықпаңдар! Мен сендерге үлкен қуаныш жариялаймын, ол қуаныш барлық халыққа да ортақ:
11
бүгін Дәуіттің қаласында сендердің Құтқарушыларың дүниеге келді, Ол — Иеміз Мәсіх!
д
12
Мұның сендер үшін белгісі мынау: сендер ақырда
е
құндақтаулы жатқан Нәрестені көресіңдер», — деді.
13
Кенеттен періштенің қасына көктегі періштелердің үлкен бір тобы қосылып, Құдайды былай деп дәріптеді:


14
«Заңғар көкте Құдай мадақталсын!
Жер жүзінде Өзі риза болған
Адамдарға тыныштық болсын!»
ж


15
Бұдан кейін періштелер көкке көтеріліп, малшылардың қасынан алыстап кетті. Ал малшылар өзара сөйлесіп: «Кәне, Бетлехемге барайық! Сол жерде не болғанын, Жаратқан Иенің бізге білдіргенін көрейік», — деді.
16
Олар тездетіп барып, Мәриям мен Жүсіпті және ақырда жатқан Нәрестені тапты.
17
Оны көрген соң, малшылар осы Сәби туралы алған хабарды сол жердегілерге айтып берді.
18
Мұны естігендердің бәрі малшылардың әңгімесіне қайран қалысты.
19
Ал Мәриям осы сөздердің барлығын көңіліне түйіп, есіне сақтады.
20
Малшылардың көріп-естігендері түгелдей періштенің айтқанындай болған соң, олар Құдайды даңқтап, дәріптеп-мадақтап, қайтып кетті.
21
Сегіз күн өткеннен кейін Нәрестені сүндеттейтін мезгіл жеткенде, Оның атын Иса деп қойды. Шешесі құрсақ көтермес бұрын періште оған осы есімді айтқан еді.
з
Қарт пайғамбарлар Шимон мен Аннаның Құтқарушыны тануы
22
Мұса пайғамбар арқылы берілген Таурат заңына
и
сәйкес тазару кезеңі
к
біткенде, әке-шешесі Исаны Жаратқан Иенің алдына апару рәсімін орындау үшін Иерусалимге алып келді.
23
Себебі Жаратқан Ие тапсырған Таурат заңында мынадай ереже жазылған: «Құрсақтан шыққан әрбір тұңғыш ұл бала Жаратқан Иеге бағышталсын!»
қ
24
Әке-шешесі Таурат заңында тағы айтылғандай, «екі орман кептерін немесе екі жас көгершінді»
л
құрбан етпекші де болды.
25
Сол кезде Иерусалимде Шимон есімді кісі тұратын. Ол Исраил елінің көрген азабынан құтқарылуын аңсап күтіп келген
м
әділ, Құдайды қастерлейтін жан еді. Киелі Рух оған қонған болатын.
н
26
«Жаратқан Ие жіберген Құтқарушы Мәсіхті көрмей тұрып өлмейсің», — деп Киелі Рух Шимонға алдын ала айтқан еді.
27
Енді Шимон Киелі Рухтың жетелеуімен ғибадатханаға барды. Таурат заңына сәйкес рәсімдерді атқару үшін әке-шешесі Сәбиі Исаны ғибадатханаға әкелгенде,
28
Шимон Оны қолына алып, Құдайды былай деп мадақтады:


29
«Уа, Әлемнің Әміршісі, сонымен Сен енді,
Өзің алдын ала айтқандай, мендей пендеңді
Тыныштықпен о дүниеге аттандырасың.
о
30-32
Сен бар ұлттар алдында дайындаған құтқаруың
ө
Саған бағынбаған ұлттардың көзін ашатын,
Әрі халқың Исраилдің даңқын шығаратын
«Нұрыңды» мен қазір өз көзіммен көріп тұрмын!»
п


33
Жүсіп те, Нәрестенің шешесі Мәриям да Иса туралы айтылғандарға қайран қалды.
34
Шимон оларға батасын беріп, Мәриямға былай деді: «Осы Бала Исраилдегі көп адамдардың сүрініп, құлауына,
р
ал басқалардың жоғарылауына
с
себепші болады. Ол Құдайдың еркін білдіріп, көбі Оған қарсы шығады.
35
Сонда жүрек түкпірлеріндегі ой-ниеттері білініп қалады. Ал, Мәриям, сенің жаның жүрегіңді қылышпен тілгілегендей қатты ауыратын болады».
т
36
Осы жерде Ашир руынан шыққан Фануел қызы Анна пайғамбар да бар еді. Ол кезінде күйеуге шығып, онымен жеті жыл отасқан, ал енді жасы ұлғайған қарт адам болатын.
37
Сексен төрт жастағы жесір әйел ораза тұтып, күні-түні Құдайға сиынып қызмет етіп, ғибадатханадан шықпайтын.
38
Бұл кісі де сол сәтте-ақ келіп, Жаратқан Иені мадақтады. Содан ол Иерусалим қаласының құтқарылуын
у
аңсап күтіп жүргендердің барлығына осы Нәресте туралы хабарды жеткізді.
39
Мәриям мен Жүсіп Жаратқан Ие бұйырған Таурат заңына сай қажетті рәсімдердің бәрін орындап болғаннан кейін Ғалилеядағы өз қалалары Назаретке қайтып барды.
ұ
40
Бала өсіп, күш жинап, даналыққа кенеле берді. Құдайдың мейір-шапағаты Оның үстінде болды.
ү
Он екі жасар Исаның ғибадатханада дін мұғалімдерімен пікірлесуі
41
Әке-шешесі жыл сайын Құтқарылу мейрамын
ф
мерекелеу үшін Иерусалимге баратын.
42
Иса он екі жасқа толғанда, олар ережеге сай мейрамды тойлауға тағы да Иерусалимге келді.
43
Мейрам күндері бітіп, әке-шешесі қайтып кетті, ал жасөспірім Иса Иерусалимде қалып қойды. Жүсіп пен Мәриям мұны білмей,
44
Исаны басқа жолаушылармен бірге келе жатыр деп ойлады. Бір күндік жол жүргеннен кейін Оны туысқандары мен таныстарының арасынан іздей бастады.
45
Таппаған соң олар Иерусалимге қайта оралды.
46
Үш күн өткенде ғана Исаны ғибадатханада ұстаздардың ортасынан айтқандарын тыңдап, сұрақтар қойып отырған жерінен тапты.
47
Тыңдап отырғандардың бәрі Исаның ұғымталдығына және берген жауаптарына қайран қалысты.
48
Әке-шешесі Оны көргенде аң-таң болды. Шешесі:
— Балам, бұл не қылғаның? Әкең екеуіміз қатты алаңдап, Сені іздеп келдік! — деді.
49
Иса:
— Мені неге іздедіңіздер? Менің Әкемнің ісімен шұғылдануым қажет,
х
әлде мұны білмедіңіздер ме? — деп жауап берді.
50
Бірақ әке-шешесі Оның айтқан сөздерін түсінбеді.
51
Иса Назарет қаласына бірге оралып, оларға мойынсұнып жүрді. Осы сөздердің бәрін
ц
шешесі көңіліне түйіп алды.
52
Ал Исаның ойы
ч
да, бойы да, Құдай мен адамдарға ұнамдылығы да арта түсті.

а  Цезарь Август Октавиан б.з.б. 31 жылдан б.з. 14 жылына дейін Рим империясының императоры (патшасы) болған.

ә  Немесе: өз қаласына (2:4).

б  1:26-27; 2:39.

в  Пат1 16:1,11-13; 17:12; 20:6.

г  Яки: қалыңдығы. (Сол замандағы дәстүр бойынша Жүсіпке айттырылған Мәриям оның әйелі деп саналды. Бірақ олар әлі де үйлену тойларын өткізбеген, бір-бірімен жақындаспаған болатын: Мат 1:25.)

ғ  9:29; Мыс 40:34-35; Леу 9:23; Шеж2 7:1-3; Езк 1:28.

д  Мәсіх: май жағу рәсімінен өткен, Құдай ежелде жіберуге уәде еткен Құтқарушы және Патша (2:26; 9:20; Жох 20:31; Түсіндірмені де қараңыз).

е  Яки: (малға шөп салатын) оттықта (2:7).

ж  Немесе: «Заңғар биіктікте Құдайға құрмет, жер үстінде амандық пен тыныштық, адамдарға ізгілік!» (19:38; Жыр 148:1; Иш 9:6-7)

з  1:21.

и  Таурат заңы: Жаратқан Ие ежелде Мұса пайғамбар арқылы Исраил халқына тапсырған өсиеттер мен ережелердің жинағы (Мыс 20:1-17; 21:1; Заң 1:3,5; 4:1-2).

к  Ұл бала туғаннан кейінгі қырық күн. Осы кезең біткенде Иерусалимдегі ғибадатханада арнайы рәсім атқарылатын (Леу 12:2-4,6-7).

қ  Мыс 13:2,12-13.

л  Леу 12:6-8.

м  Яки: Құдайдың Исраилді жұбатып жаудың билігінен азат етуін күтіп келген (1:68; 2:38).

н  1:35; Мыс 31:3; Бил 3:10; Пат1 10:6,10; 16:13; Пат2 23:2.

о  Демек, Сен алдын ала уәде еткендей өз пендең — Мені жақсылықпен қызметімнен босатасың.

ө  Немесе: Сен күллі ұлттар үшін жіберген Құтқарушың (Иш 49:6; 51:5-6; 52:10).

п  1:79; Иш 49:6.

р  Иш 8:14-15; Ош 14:9; Мат 21:42-44.

с  Елш 2:36-41; 6:7; 9:17-20.

т  Жох 19:25,34.

у  Яғни Иерусалим қаласының құны төленіп (Құдайға мойынсұнбайтындардың үстемдігінен) азат етілуін (1:68; 2:25; 24:21; Иш 40:1-2,9; 52:8-10).

ұ  2:4.

ү  Яки: Құдай Оған риза еді.

ф  22:1,7; Мыс 12:1-16; Түсіндірмені де қараңыз.

х  Яки: (Рухани) Әкемнің (1:35) киелі үйінде болуым қажет.

ц  Яки: (Басынан өткізген) осындай жайттардың бәрін.

ч  Яки: даналығы.