Лұқа  14
Діни ережені сақтау мен қайырым көрсетудің қайсысы маңыздырақ?
1
Иса бір діни демалыс күні парызшылдар қауымының қайсыбір бастығының үйіне дәм татуға келгенде, бәрі Оны бақылап отырды.
2
Кенеттен Оның алдына шемен ауруына ұшыраған біреу келді.
3
Сонда Иса Таурат заңын үйретуші ғұламалар мен парызшылдарға мына сұрақты қойды:
— Демалыс күні ауруды сауықтыруға бола ма?
а
4
Олар үндемегенде Иса әлгі адамға қолын тигізіп, оны сауықтырды да, өз жөніне жіберді.
5
Мұнан кейін жиналғандарға:
— Егер біреуіңнің есегің немесе өгізің құдыққа түсіп кетсе, оны демалыс күні болса да, дереу шығарып алмас па едіңдер?! — деген сауал қойды.
6
Олар бұған қарсы ештеңе айта алмады.
ә
Өзімшілдік және кішіпейілділік
7
Қонақтардың төрдегі құрметті орындарды таңдап алып жатқанын байқаған Иса соны мысалға алып, мынадай тәлім берді:
8
— Біреу сені тойға шақырғанда, төрдегі құрметті орынға жантая кетпе! Шақырылғандардың ішінде жолы сенен де үлкен біреу болуы мүмкін.
9
Онда екеуіңді шақырған үй иесі келіп, саған: «Мына кісіге орныңды бер», — дейді, ал сен ұялып, амалсыздан ең төменгі орынға барып отырасың.
10
Сондықтан қонаққа барғанда ең төменгі орынға отыр. Сонда үй иесі қасыңа келіп: «Досым, жоғары шық», — демек. Осылай дастарқандас болғандардың алдында мәртебең өсіп қалады.
11
Өйткені өзін-өзі жоғарылатқан әркім төмендетіледі, ал өзін төмен ұстаған жоғарылатылады.
б
12
Содан кейін Иса Өзін шақырған үй иесіне қарап былай деді:
— Түскі немесе кешкі қонақасы бергенде дос, бауыр, туысқандарыңды, я болмаса бай көршілеріңді шақырма. Себебі олай етсең, олар да сені қонаққа шақырып, есесін қайтармақ.
13
Керісінше, той жасағанда дастарқаныңа жарлы-жақыбайларды, кемтар, ақсақ, соқырларды шақыр!
14
Олар саған есесін қайтара алмайтындықтан бақытты боласың.
в
Әділдер
г
қайта тірілетін қиямет күні саған соның есесі қайтарылатын болады, — деді.
Үлкен тойға шақырылғандар
15
Исамен бірге дастарқандас болғандардың бірі осыны естігенде Оған: «Құдайдың Патшалығындағы тойға
ғ
қатысатындар бақытты!» — деді.
16
Иса оған астарлап былай деді: «Біреу үлкен қонақасын дайындап, көп адам шақырады.
17
Тамақ ішетін уақыт болғанда, шақырғандарына қызметшісін жіберіп былай дегізеді:
— Келіңдер, барлығы дайын тұр!
18
Бірақ бәрі бірдей кешірім сұрап, біреуі:
— Егіндік жер сатып алдым, соны барып көруім керек. Өтінемін, маған кешірім ете гөр! — десе,
19
келесі біреуі:
— Бес пар өгіз сатып алып едім, соларды сынап жегіп көруге бара жатырмын.
д
Өтінемін, мені кешір! — дейді.
20
Ал тағы біреуі:
— Мен жаңа ғана үйленген едім, сондықтан бара алмаймын, — дейді.
21
Қызметшісі қайта оралып, мұны қожайынына айтып береді. Үй иесі қаһарланып, қызметшісіне:
— Тез барып, қаланың үлкенді-кішілі көшелерін аралап, жарлы-жақыбайларды, кемтар, ақсақ, соқырларды алып кел! — деп бұйырады.
22
Кейінірек қызметшісі:
— Мырза, бұйрығыңызды орындадым, бірақ әлі де бос орын бар, — дейді.
23
Ал қожайыны былай деп тапсырады:
— Қаладан шығып, үлкен жолдарда әрі үйлердің айналасында жүргендерді шақырып, келуге көндір! Осылайша үйім толсын.
24
Сендерге шындығын айтамын: алдымен шақырылғандардың ешқайсысы да қонақасымнан ауыз тимейді!» (Неге десеңдер, шақырылғандар көп, ал таңдап алынғандар аз.)
е
Жан-тәнімен Мәсіхтің жолымен жүру
25
Жолшыбай қарақұрым халық еріп келе жатқанда, Иса оларға бұрылып, былай деді:
26
— Кім Маған келіп, Мені әке-шешесінен, әйелі мен балаларынан, бауырларынан
ж
және өз өмірінен артық көрмесе, сол Менің шәкіртім бола алмайды.
27
Кім айқышын арқалаған кісідей өз мүддесінен бас тартып, тіпті азапты өлімге дайын болып Менің соңымнан еріп жүрмесе, сол Менің шәкіртім бола алмайды.
28
Сендердің біреуің бір мұнара салғысы келеді дейік. Сонда ол құрылысты аяқтауға қаражатының жетер-жетпесін білу үшін алдымен отыра қалып, кететін шығынды есептеп алады.
29
Ол солай етпесе, іргетасын қалағаннан кейін бастаған ісін аяқтай алмас еді. Мұны көргендердің бәрі:
30
«Мынаның құрылысты бастағанымен аяқтауына шамасы жетпеді, ә?!» — деп оны мазақтар еді.
31
Немесе бір патша басқа бір патшамен соғысатын болса, келе жатқан қарсыласының жиырма мың жасақшысына өзінің он мыңымен төтеп бере ала ма, жоқ па — алдымен отыра қалып, соны ақылға салмас па еді?
32
Шамасы келмейтін болса, ана патша әлі де алыста келе жатқан кезде оған елшілерін жіберіп, бітім шартын сұрар еді.
33
Сол сияқты, сендердің ешқайсың да бар нәрсеңнен бас тартпай
з
Менің шәкіртім бола алмайсыңдар.
34
(Тағамды бұзылудан сақтау үшін) тұз пайдалы. Ал егер тұз өз күшінен айырылған болса, онысын қалай қалпына келтіруге болады?
и
35
Ол тіпті жер өңдеуге не қиға қосуға жарамсыз болып шыққандықтан, жұрт оны лақтырып тастайды.
Құлағы барлар жақсылап тыңдап алсын!

а  13:10,15-16.

ә  (13:17; 20:40; 22:68; Мат 22:46; Рим 9:20) Яки: бұған жауап бере алмады.

б  18:14.

в  Яки: Құдай саған риза әрі сені жарылқайтын болады (6:20; 14:15).

г  Яки: Құдай алдында ақталғандар (3:3,8; Мат 25:46; Жох 3:16,21; 5:29).

ғ  13:29; Иш 25:6.

д  Пат3 19:19.

е  Мат 22:14.

ж  Яки: аға-інілері мен апа-қарындастарынан не әпке-сіңлілерінен (18:29-30; Мат 10:37-39).

з  Демек, Исаның шәкірті қолындағы барларын өзімдікі деп есептемей, Құдайдың еркі бойынша қолданғаны жөн (14:26-27; 18:29-30; Мат 15:3-9).

и  Сол заманда жұрт теңіз суынан айырып алған тұз қосындыларын жай қыш құмыраларда сақтайтын. Тұрған жері дымқыл болса, ас тұзы еріп, қыштан өтіп кететін, ал қалғаны дәмсіз әрі тағамдарды бұзылудан сақтауға жарамай қалатын (Мат 5:13; Мар 9:50).