Лұқа  13
1
Сол кезде кейбіреулер Исаға келіп, римдік әмірші Пилаттың бірнеше ғалилеялықтарды ғибадатхананың алаңында өлтірткені туралы айтты. Солардың қаны өздерінің құрбандыққа шалған малдарының қанымен араласып кеткен болатын.
2
Иса мұны айтқандарға былай деп жауап берді:
— Сендер «Бұл ғалилеялықтар осындай азапқа ұшырағандықтан, олардың күнәлары барлық жерлестерінің күнәларынан ауыр болған екен» деп ойлайсыңдар ма?
3
Жоқ, деймін сендерге, олай емес. Егер сендер теріс жолдарыңнан қайтып, Құдайдың жолына түспесеңдер, бәрің де осылай құрисыңдар!
4
Әлде сендер «Силоғам мұнарасы үстеріне құлап өлген он сегіз кісінің күнәлары Иерусалимнің барлық басқа тұрғындарының күнәларынан ауыр болған екен» деп ойлайсыңдар ма?
5
Жоқ, деймін сендерге, олай емес. Егер сендер теріс жолдарыңнан қайтып, Құдайдың жолына түспесеңдер, бәрің де осылай құрисыңдар!


6
Иса мына астарлы әңгімені де айтып берді: «Бір кісінің жүзім бағында інжір ағашы да болыпты. Иесі барып, ағаштан жеміс іздейді, бірақ түк те таба алмайды.
а
7
Содан ол жүзімшіге:
— Көрдің бе, мына ағашқа үш жылдан бері келіп, бірде-бір жемісін таба алмадым. Оны кесіп таста! Ол босқа орын алып тұр, — дейді.
ә
8
Жүзімші бақтың иесіне:
— Мырза, оны биылша қалдырыңызшы. Мен оның айналасын қопсытып, қи төгейін;
9
мүмкін жеміс беріп қалар. Егер бермесе, келесі жылы кестіріп тастарсыз,
б
— дейді».
Мүгедек әйелдің діни демалыс күні сауығуы
10
Бір демалыс күні
в
Иса мәжілісханалардың бірінде жұртқа тәлім беріп жатты.
11
Сол жерде бүкірейіп қалған бір ауру әйел де бар еді. Ол жын соққандықтан он сегіз жылдан бері денесін тік ұстай алмайтын.
12
Иса әйелді көріп, қасына шақырды да:
— Замандас, енді ауруыңыздан құтыласыз, — деп,
13
үстіне қолын қойды. Әйел сол сәтте-ақ бойын жазып түрегеліп, Құдайға мақтау айта бастады.
14
Бірақ мәжілісхананың жетекшісі Исаның ауруды діни демалыс күні болса да сауықтырғанына ашуланып, жұртқа:
— Жұмыс істейтін алты күн бар. Емделуге демалыс күні емес, басқа күндері келіңдер! — деп бұйырды.
15
Ал Иеміз оған:
— Ей, екі жүзді! Демалыс күні болса да, әрқайсың өгізің мен есегіңнің байлауын шешіп босатып, суаруға апарасыңдар ғой?!
16
Ал енді, Ыбырайым атаның мына ұрпағын шайтан он сегіз жылдан бері байлап-матап келді.
г
Оны сол бұғаудан демалыс күніне бола босатпау қажет пе еді? — деп жауап берді.
17
Иса осыны айтқанда, Оған қарсылық көрсеткендердің бәрі ұялып қалды. Ал басқа жұрт түгелдей Оның істеген кереметтеріне қуанды.
Құдайдың Патшалығы кішкентай болып басталып, үлкейе бермек
18
Содан кейін Иса былай деді:
— Құдайдың Патшалығы қандай нәрсеге ұқсас, оны немен салыстырайын?
19
Ол бір адамның бақшасына еккен қыша дәніне
ғ
ұқсас: сол майда тұқым өскенде биік болып шығып, бұтаға айналады. Оның бұтақтарына құстар ұшып келіп, паналайды.
д
20
Иса мынаны да айтты:
— Құдайдың Патшалығын тағы немен салыстырайын?
21
Ол ашытқыға да ұқсас: әйелдер үш астау
е
ұнға аздаған ашытқы қосып, араластырғанда сол ашытқы бүкіл қамырды ашытып, көтереді.
Шынайы өмірге апаратын есік
22
Мұнан кейін Иса Иерусалим қаласына қарай сапар шегіп бара жатып, жолындағы қалалар мен ауылдарды аралай жүріп, жұртқа тәлім берді.
23
Біреу Оған:
— Мырза! (Келешектегі қаһарлы жазадан) құтқарылатындар
ж
тым аз бола ма? — деген сұрақ қойды.
24
Сонда Иса жұртқа қарап былай деді:
— Тар есіктен кіруге барынша тырмысыңдар! Сендерге шын айтамын: көп адамдар кіруге ұмтылғанмен кіре алмайды.
з
25
Үй Иесі орнынан тұрып, есікті бекітіп қоймақ. Артынша сендер сыртта тұрып, есікті қағып: «Тақсыр Ие, бізге есікті аша көріңіз!» — деп дауыстайтын боласыңдар. Бірақ Ол: «Сендерді (өз адамдарым ретінде) танымаймын, қайдан екендеріңді білмеймін»,
и
— деп жауап қайтаратын болады.
26
Сонда сендер: «Біз көз алдыңызда ішіп-жедік, Сіз біздің жерімізде
к
тәлім беріп тұрдыңыз ғой», — дей бастайсыңдар.
27
Бірақ Ол: «Сендерге қайталап айтамын, кім және қайдан екендеріңді білмеймін. Әділетсіздік істеген бәрің де, Менен аулақ кетіңдер!» — дейтін болады.
28
Сендер зар еңіреп жылап, қинала тістенетін боласыңдар.
қ
Себебі Ыбырайым, Ысқақ, Жақып пен барлық пайғамбарлардың да Құдайдың Патшалығында жүргенін, ал өздеріңнің сыртқа қуылғандарыңды көретін боласыңдар.
29
Сонда шығыс пен батыстан, солтүстік пен оңтүстіктен жат жұрттық адамдар келіп, Құдайдың Патшалығындағы дастарқан басына жайғасатын болады!
30
Осылай алдыңғы қатарға шығатын соңғылар бар, әрі соңғы болатын алдыңғы қатарлылар да бар.
л
Мәсіхтің Иерусалимнің қирайтыны туралы қайғыруы
31
Сол сәтте бірнеше парызшыл адамдар Исаның қасына келіп:
— Бұл арадан кете гөр, (аймақ әкімі) Ирод
м
Сені өлтірмекші! — дегенде,
32
Иса оларға былай жауап берді:
— Барып, ол «түлкіге» мынаны айтыңдар: «Мен бүгін және ертең жындарды қуып шығып, ауруларды сауықтырамын, ал үшінші күні ісімді аяқтаймын».
33
Әрине, Мен бүгін, ертең және бүрсігүні де өз жолыммен жүруге тиістімін. Өйткені бір пайғамбардың Иерусалимнен басқа жерде шейіт болуы жөнсіз.
н
34
Ей, Иерусалим, пайғамбарлардың көзін құртып, Құдай өзіңе жіберген хабаршыларды тас лақтырып өлтіретін Иерусалим-ай! Балапандарын қанатының астына алған құс сияқты, Мен де сенің халқыңды қанша рет жинамақшы болдым. Бірақ сендер одан бас тарттыңдар!
35
Сондықтан үйлерің қаңырап, бос қалдырылады.
о
Сендерге шындығын айтайын: бұдан былай, «Жаратқанның атынан келе жатқан (Патша) жарылқанған!» деп шақырған уақыттарыңа дейін, Мені қайтып көрмейсіңдер.
ө

а  Інжір ағашы не жеке адамдардың, не Исраил халқының бейнесі бола алады (3:8-9; Мар 11:13-14,20-21).

ә  3:9; Мат 7:19; Мар 11:13-14,20-21.

б  3:9; Жох 15:2,16.

в  Яһуди халқы дем алып, Құдайға сиынатын сенбі күні ешқандай жұмыс істеуге болмайтын (6:1-2,8; 14:3-5).

г  13:11; 4:18-19.

ғ  Яки: горчица тұқымына.

д  Құдайдың игілікті Әкімшілігі керемет өсіп, онда яһудилермен қатар басқа халықтардың адамдары үшін де орын болады (24:47; Дан 4:11-12; Жох 10:16; Рим 11:17).

е  «Сатон» деген өлшемнің көлемі он үш литр шамасында болатын.

ж  Яки: Күнәкар дүниеге төніп тұрған Құдайдың қаһарынан құтқарылатындар (3:7; Жох 3:36).

з  3:7-9; 15:28; 18:22-27; Мат 7:13-14; Жох 12:42-43.

и  10:20; Мат 7:23; 25:12,41.

к  Немесе: көшелерімізде.

қ  Немесе: жылап, өкініп бармақтарыңды тістейтін боласыңдар (Мат 8:12).

л  Мат 20:16; 19:30; Мар 10:31.

м  Ғалилея мен Перея аймақтарының әкімі Ирод Антипас (3:1,19; 9:9; 23:7-12).

н  (11:47-51; 13:34) Иерусалим Яһудея аймағы мен бүкіл Исраил елінің астанасы және Құдайдың киелі үйі орналасқан қала еді (13:35).

о  Яғни Құдай киелі үй мен қаланы тастап кетпек (Лұқ 21:20-24).

ө  19:38; Жыр 117:26.