Леуіліктер  6
1
а
Жаратқан Ие Мұсаға тағы да нұсқау беріп былай деді:
2-3
Егер біреу басқа бір кісінің өзіне сеніп тапсырған немесе қарамағына қалдырған нәрсесін не өтірік айтып, не ұрлап, не мәжбүрлеп иемденіп алса, немесе біреудің жоғалтып алған нәрсесін тауып алып, ол туралы айтпай, антпен де мойындамаса, немесе адам осы сияқты басқа да күнә жасаса, онда сол адамның Жаратқан Иеге де опасыздық жасағаны.
4
Біреу осылай күнә жасаса, айыпты болып қалады. Онда ол ұрлап не мәжбүрлеп алып қойғанын, сондай-ақ, біреудің өзіне сеніп тапсырғанын, не біреудің жоғалтып, ал өзі иемденіп алғанын,
5
не жалған ант ішіп иемденіп алғанын түгелдей қайтаруы керек. Адам өзінің айыбын мойындаған күні
ә
сол заттың толық құнын, үстіне құнның бестен бірін қосып иесіне қайтарып беруге тиіс.
6
Адам өзінің айыбын өтейтін құрбандығын діни қызметкерге алып келіп, оны Жаратқан Иеге ұсынсын. Құрбандығы еш мінсіз, құны белгілі мөлшерге сәйкес қошқар болсын.
7
Осылайша діни қызметкер Жаратқан Иенің алдында адамды жасаған күнәсінің арамдығынан тазартып, адам өзін айыпты қылған осы істерінің бәрі үшін Жаратқан Иенің кешіріміне ие болады.
Шалынып, түгелдей өртелетін құрбандық жайлы қосымша нұсқаулар
8
Жаратқан Ие Мұсаға тағы да нұсқау беріп былай деді:
9
— Діни қызметкер Һарон мен оның ұлдарына мына бұйрықты жеткіз: Шалынып түгелдей өртелетін құрбандық туралы нұсқаулар мынадай: Осы құрбандық өртеліп жатқанда құрбандық үстелінің үстінде түні бойы таң атқанша қалуы керек. Құрбандық үстеліндегі от өшіп қалмай, түні бойы жанып тұрсын.
10
Таңертең діни қызметкер өзінің бәтестен жасалған сырт киімі мен шалбарын
б
кисін. Ол өртелген құрбандықтың күлін құрбандық үстелінен алып, оның жанына қойсын.
11
Содан соң діни қызметкер үстіндегі сол киімдерін шешіп, басқасын киіп, күлді ел қонысының сыртына бір таза жерге апарсын.
12
Құрбандық үстеліндегі отты ұдайы жандыра беру керек, ол ешқашан сөнбесін. Әр күні таңертең діни қызметкер оған ағаш отын салып, оттың үстіне түгелдей өртелетін құрбандықты салып өртесін және онда қарым-қатынасқа ризашылық білдіретін құрбандығының майлы бөліктерін де өртейтін болсын.
13
Сонымен құрбандық үстеліндегі отты ұдайы жандыра беру керек, ол ешқашан сөнбесін.
Астық тартуы жайлы қосымша нұсқаулар
14
Астық тартуы жайындағы нұсқаулар мынадай: Һаронның ұлдары оны құрбандық үстелінің алдына Жаратқан Иеге арнап алып келсін.
15
Діни қызметкер таңдаулы бидай ұнынан бір уыс, аздап зәйтүн майынан және астық тартуының үстіндегі барлық хош иісті шайырды алып, астық тартуының осы естелік бөлігін Жаратқан Иеге ұнамды, хош иісті тарту ретінде құрбандық үстелінде өртесін.
16
Һарон мен оның ұлдары астық тартуының қалған бөлігін ашымаған нан ретінде кездесу шатырының ауласындағы киелі орында жеулері керек.
17
Осы нанды ешқашан ашытқымен пісіруге болмайды.
в
Мен (Жаратқан Ие) оны Өзіме арнап өртелу арқылы ұсынылатын тартулардан олардың үлестері ретінде діни қызметкерлерге беремін. Күнәнің құнын өтейтін және айыпты өтейтін құрбандықтар сияқты бұл тарту да ерекше киелі.
г
18
Һаронның барлық еркек кіндікті ұрпақтарының одан жеулеріне болады. Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылатын тартулардың барлығынан оларға әрдайым бұйырылған үлес осы болмақ. Онымен жанасқан әр нәрсе де Жаратқан Иеге бағышталып киелі болады.
ғ


19
Жаратқан Ие Мұсаға тағы былай деп нұсқау берді:
20
— Діни қызметкер май жағу рәсімі арқылы тағайындалған күні
д
Һарон мен оның ұлдары (Маған) Жаратқан Иеге мына астық тартуын ұсынулары керек: пұттың оннан бір бөлігіндей мөлшердегі таңдаулы бидай ұнын. Бұл күн сайынғы астық тартуы болады. Оның жартысын олар таңертең, қалған жартысын кешке ұсынулары керек.
21
Сол ұнды зәйтүн майымен жақсылап араластырып, жалпақ табада пісіріп,
е
үзіп-үзіп астық тартуы ретінде Жаратқан Иеге ұсыну қажет. Бұл Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған хош иісті де ұнамды сый-тарту болады.
22
Һаронның діни қызметкер болып тағайындалып, май жағу рәсімінен өткен әрбір еркек кіндікті ұрпағы да болашақта осы тартуды Жаратқан Иеге ұсынатын болсын. Бұл — мәңгілік ереже. Тарту Жаратқан Иеге арналып түгелдей өртелсін.
23
Діни қызметкердің өзі ұсынған әрбір астық тартуын түгелдей өртеп жіберу қажет. Оның ешқандай бөлігін жеуге болмайды.
Күнәнің құнын өтейтін құрбандық жайлы қосымша нұсқаулар
24
Содан соң Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:
25
— Һаронға және оның ұлдарына мынаны айт: күнәнің құнын өтейтін құрбандық жайлы нұсқаулар мыналар. Күнәнің құнын өтейтін құрбандық Жаратқан Иенің алдында, түгелдей өртелетін құрбандықтар шалынатын орында шалынсын. Ол ерекше киелі.
26
Күнәнің құнын өтейтін құрбандықты ұсынған діни қызметкер оның етін жесін. Оны кездесу шатырының ауласындағы киелі орында жеуі керек.
27
Құрбандықтың етіне жанасқан әр нәрсе Жаратқан Иеге бағышталып киелі болады.
ж
Егер құрбандықтың қаны киімге тамса, сол киімді киелі орында жуу керек.
28
Құрбандықтың еті пісірілген ыдыс қыштан жасалған болса, сол ыдысты сындырып тастау керек, ал қоладан жасалған болса, оны ысқылап тазалап, сумен жуып-шаю керек.
29
Тек діни қызметкердің отбасындағы барлық ер адамдардың ғана сол құрбандықтың етін жеулеріне болады. Ол Жаратқан Иеге бағышталған ерекше киелі.
30
Ал егер күнәнің құнын өтейтін құрбандықтың қанының бір бөлігі киелі орында адамды күнәсінің арамдығынан тазарту мақсатында ұсынылу үшін
з
кездесу шатырының ішіне әкелінсе, сондай құрбандықты жеуге болмайды. Оны түгелдей өртеп жіберу керек.
и

а  Бірнеше аудармада 1-7 аяттар 5:19-дан кейін беріліп, 6 тараудағы аяттардың сандары осыған сәйкес өзгерген.

ә  Немесе: айыбын өтейтін тартуды ұсынған күні.

б  16:4; Мыс 28:42.

в  2:11.

г  6:25-26,29; 7:7; 10:16-18.

ғ  (6:27) Немесе: Оған жанасқан әркім Жаратқан Иеге бағышталып киелі болуға тиіс (22:3-6).

д  Мыс 28:41; 29:2,7.

е  2:5; 7:9.

ж  6:18.

з  (4:6-7) Немесе: адамның орнына оның құнын өтеуші тарту ретінде ұсынылу үшін.

и  4:1-21.