Леуіліктер  19
Құдайға бағышталған таза өмір сүру
1
Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:
2
— Исраил халқының бүкіл қауымына мынаны жеткіз: Мен, сендердің Құдайларың Жаратқан Ие, киелімін, сондықтан сендер де Өзіме бағышталып киелі болыңдар!
а
3
Әрқайсың өз әке-шешелеріңді терең қастерлеңдер! Мен белгілеген демалыс күндерімді сақтаңдар! Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін.
4
Жалған тәңірлерге бет бұрмаңдар! Олардың мүсіндерін
ә
жасап алмаңдар! Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін.
5
Сендер Менің Өзіммен — Жаратқан Иемен қарым-қатынастарыңа ризашылық білдіретін құрбандық шалған кезде Мен соларыңды ізгілікпен қабылдайтындай етіп шалыңдар!
6
Құрбандықтың етін оны шалған күні немесе ертеңіне жеңдер. Үшінші күнге артылып қалғанының барлығын өртеп жіберулерің керек.
7
Егер сол еттен үшінші күні де желінсе, ол арамданып, жиренішті болады. Мұндай құрбандық қабыл болмайды.
8
Одан үшінші күні жеген адамның Жаратқан Иеге бағышталған киелі нәрсені қор қылғаны. Ондай адам өз айыбын өзі көтереді, ол халқының арасынан аластатылсын!
9
Егістік жеріңнің өнімін жинаған кезде оның шет жағын ормай қалдыра сал, әрі жерге түскен масақтарды қайтып келіп жинамай-ақ қой!
10
Жүзімдігіңдегі қалып қойған не түсіп қалған жүзім шоқтарын да жинама. Оларды жарлылар мен жат жұрттықтарға қалдыр. Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін.
11
Ұрлық жасама!
Өтірік айтпа!
Бір-біріңді алдамаңдар!
12
Менің атыммен өтірік ант беріп, Құдайларыңның есімін қорламаңдар! Мен Жаратқан Иемін.
13
Басқа кісіге жәбір көрсетпе, оның мүлкін тонама!
Жалдаған адамыңның жалақысын тиесілі күні қолма-қол бер, оны ертеңге дейін күттіріп қойма.
б
14
Саңырауды қарғама, соқырдың алдына сүріндіретін бөгет тастама.
в
Құдайыңды терең қастерлейтініңді осылай көрсет. Мен Жаратқан Иемін.
15
Сотта әділдікті бұрмалама! Не кедейге орынсыз жеңілдік жасамай, не байға орынсыз құрмет көрсетпей, адамдарды соттағанда әділ бол!
16
Жұрттың арасында өсек-аяң таратушы болма. Басқа адамның өміріне қауіп төндіре алатын еш нәрсе істеме. Мен Жаратқан Иемін.
17
Жақыныңа өкпелеп, мұныңды көңіліңе сақтама! Оған қатесін ашық айт, әйтпесе оның кінәсіне ортақ боласың.
18
Кек алушы болма, басқаға реніш сақтама! Керісінше, өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй! Мен Жаратқан Иемін.
19
Менің ережелерімді сақтап орындайтын болыңдар!
Екі түрлі жануарды бір-бірімен шағылыстырмаңдар.
г
Егістік жерге бір мезгілде екі түрлі тұқым сеппеңдер. Екі түрлі жіптен тоқылған матадан тігілген киім кимеңдер.
20
Егер ер адам басқа біреуге айттырылған күңмен жақындасқан болса, ал сол қыздың құны әлі төленбеген, оған бас бостандығы әлі берілмеген болса, онда сол адам лайықты жазасын тартсын. Бірақ оларды өлімге кесуге болмайды, себебі қыз әлі азат етілмеген.
21
Алайда сол адам кездесу шатырының кіреберісіне Жаратқан Иеге арнап айыпты өтеу құрбандығына бір қошқарды алып келсін.
22
Діни қызметкер жаңағы қошқарды айыпты өтеу құрбандығына шалсын. Осылай ол Жаратқан Иенің алдында сол ер адамды күнәсіне бола арамданған күйінен тазартады. Сонда оның күнәсі кешіріледі.
23
Қанахан еліне келіп қоныстанғаннан кейін түрлі жеміс ағаштарын отырғызсаңдар, содан кейінгі үш жыл бойы олардың жемістерін жинамаңдар! Үш жыл бойы жемістерін тыйым салынған
ғ
деп санап, жемеңдер!
24
Төртінші жылы сол ағаштардың жемістерін түгелдей Жаратқан Иеге мадақтау тартуы ретінде бағыштаңдар!
25
Ал бесінші жылы олардың жемістерін жей берулеріңе болады. Осылай ететін болсаңдар, өнімдерің мол болады. Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін.
26
Қаны ағызылып тасталмаған етті жемеңдер!
Сәуегейлікпен және сиқыршылықпен айналыспаңдар!
27
Өлгенді аза тұтып
д
самай шашын қырып, сақал шеттерін қырықпаңдар,
28
әрі денелеріңнің терісін тілгілеп жарақаттап, инемен таңба да салмаңдар! Мен Жаратқан Иемін.
29
Қызыңды жезөкшелікке салып, арамдама! Әйтпесе жезөкшелік бүкіл елге жайылып, ел азғындыққа толады.
30
Менің белгілеген демалыс күндерімді сақтап, киелі орнымды терең қастерлеңдер. Мен Жаратқан Иемін.
31
Аруақ шақырушыға, бақсы-балгерлер мен сәуегейлерге жүгінбеңдер! Бұларыңмен өздеріңді арамдағандарың. Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін.
32
Жасы үлкен адамды сыйлап орныңнан тұрып Құдайыңды терең қастерле. Мен Жаратқан Иемін.
33
Еліңде тұрып жатқан жат жұрттыққа жәбір көрсетпе.
34
Еліңде тұрып жатқан жат жұрттыққа өз адамыңдай қара. Өзіңді қалай сүйсең, оны да солай сүй! Өздерің де Мысырда жат жұрттық болдыңдар ғой. Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін.
35
Ұзындық,
е
салмақ, көлем өлшегенде әділетсіздік жасамаңдар!
36
Барлық таразыларың, кір тастарың
ж
және көлем өлшейтін ыдыстарың
з
дұрыс болу керек. Мен сендерді Мысырдан алып шыққан Құдайларың Жаратқан Иемін.
37
Менің барлық ережелерім мен шешімдерімді сақтап орындаңдар. Мен Жаратқан Иемін.

а  11:44-45.

ә  Яғни балқытылған алтын не күмістен құйылған тәңір мүсіндерін (26:1; Мыс 20:23; 32:4; 34:17).

б  Заң 24:14-15; Нқл 22:22.

в  Заң 27:18.

г  Немесе: екі түрлі жануарды бірге жекпеңдер.

ғ  Яки: сүндеттелмеген. (Көне келісімде ұл баланың сүндеттелмей тұрып Құдайға бағышталмағанындай, сол ағаштардың жемістері де алғашқы үш жыл бойы Құдайға бағышталмай арам деп саналатын.)

д  Немесе: Аруаққа арнап (21:5; Заң 14:1; Ерм 16:6; 48:37).

е  Немесе: Не сот жүргізгенде, не ұзындық.

ж  Заң 25:13-16; Езк 45:10.

з  Яки: (құрғақ заттар өлшейтін) ефа, (сұйық заттар өлшейтін) хин (23:13; Мыс 29:40).