Ешуа  7
Аханның опасыздығынан Исраил халқының жеңілуі
1
Бірақ исраилдіктер Тәңір Иеге бағышталып жойылуға тиісті нәрселерге қатысты опасыздық жасаған еді. Ол былай болды: Яһуда руының Ахан есімді бір кісісі Жаратқан Ие тыйым салған
а
кейбір заттарды иемденіп алды. Сондықтан Жаратқан Иенің қаһары исраилдіктерге қарсы лаулады.
ә
Ахан Қармидың ұлы, Забдидің
б
немересі, Зарахтың шөбересі болатын.
2
Бұл оқиғалардан кейін Ешуа біраз адамын Иерихоннан Ай
в
қаласына жіберіп, оларға: «Айға барып, қаланы барлап келіңдер!» — деп тапсырды. Ай Бетелдің шығысында, Бет-Әбенге жақын жатқан болатын. Жіберілгендер Айға барып, барлап қайтты.
3
Қайтып келген олар Ешуаға: «Сол қаланың халқы көп емес. Бүкіл әскерді Айға өрлетіп апарып, қалжыратудың қажеті жоқ. Екі не үш мың жасақшы жетіп жатыр», — деді.
4
Сол себепті қаланы басып алуға үш мың ғана адам өрлеп шықты. Бірақ олар Ай қаласының адамдарынан шегініп, қашып кетіп,
5
шамамен отыз алтысы қаза тапты. Айдың адамдары исраилдіктерді қала қақпасынан бастап, Себарим деген жерге дейін
г
қуып, қырат беткейлерімен төмен түскен бойы қырып отырды. Осыдан халық әбден жүрексініп, зәрелері ұшты.
6
Ешуа қатты қайғырып көйлегінің өңірін айыра жыртты да, кешке дейін Жаратқан Иенің Келісім сандығының алдында етпетінен жатты. Исраилдің рубасылары да солай істеп, барлығы да бастарына топырақ шашты.
7
Ешуа мінажат етіп былай деді:
— О, Жаратушы Тәңір Ие! Неліктен осы халықты Иордан өзенінен өткізіп алып келдің? Бізді аморлықтардың қолына тапсырып, көзімізді құрту үшін ғана ма? Одан да Иорданның арғы жағында қала бергеніміз бізге тиімді болған болар еді ғой.
8
Уа, Ием, Исраил халқы жауларынан қашып кеткеннен кейін енді не айта аламын?
9
Қанахандықтар және елдің басқа да тұрғындары мұны естіп, қоршап алып, атымызды жер бетінен өшіріп тастамай ма? Ендеше Өзіңнің ұлы атыңды қорғау үшін не істемексің? —
10
Бірақ Жаратқан Ие Ешуаға былай деп жауап берді:
— Орныңнан тұр! Неге жерде етпетіңнен түсіп жатырсың?
11
Исраил күнә жасады! Олар Мен өздеріне сақтауға бұйырған Келісімімді бұзды: Маған бағышталған заттардан ұрлап, иемденіп алды да, соларды өз меншіктерінің арасына жасырып қойды!
12
Осының кесірінен исраилдіктер жауларына қарсы тұра алмай, олардан қашуға мәжбүр болды. Өйткені өздері де Менің қарғысыма ұшырады. Егер жойылуға тиістілерді құртпасаңдар, Мен бұдан былай сендермен бірге жүріп жар болмаймын.
13
Орныңнан тұрып, халықты Құдайға бағыштап тазарту рәсімінен өткіз. Оларға былай де: Құдайға бағышталып (күнә атаулыдан) тазарып, ертеңгі күнге дайындалыңдар! Өйткені Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: О, Исраил, сенің араңда қарғысқа ұшыраған
ғ
нәрсе бар. Сол араларыңнан аластатылғанға дейін, жауларыңа қарсы тұра алмайсыңдар.
14
Ертеңгісін руларың бойынша кезекпен алға шығыңдар! Сонда Жаратқан Ие нұсқаған ру өзінің әулеттері бойынша алға шықсын. Бұдан кейін Жаратқан Ие нұсқаған әулет өзінің отбасылары бойынша алға шықсын. Соңында Жаратқан Ие көрсеткен отбасының мүшелері кезекпен алға шықсын.
15
Тәңір Иеге бағышталған заттарды алды деп көрсетілген адам өзіндегі барымен бірге өртпен құртылсын! Себебі ол Жаратқан Иенің Келісімін бұзып, Исраил елінде масқара қылмыс жасады.
Аханның күнәсінің әшкереленіп, жазалануы
16
Келесі күні Ешуа ерте тұрып, Исраилдің руларын кезекпен (киелі шатырдың) алдына келтірді. Сонда Яһуда руы таңдалды.
17
Ешуа Яһуда руының құрамындағы әулеттерді алға шығарғанда Зарах әулеті таңдалды. Зарахқа жататын отбасыларды шығарғанда, Забди отбасы таңдалды.
18
Ешуа сол отбасының адамдарын жеке-жеке шығарғанда, Яһуда руының адамы Ахан көрсетілді. Ол Қармидың ұлы, Забдидің немересі, Зарахтың шөбересі болатын.
19
Ешуа Аханға:
— Ұлым, Исраилдің Құдайы Жаратқан Иені құрметте! Оның әділдігін мойындап, шыныңды айтшы! Сен не істедің? Менен еш нәрсені жасырма! — деген сұрақ қойды.
20
Ахан Ешуаға жауап беріп:
— Рас, мен Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге қарсы күнә жасадым. Істегендерім мынау:
21
олжаның арасынан бабылдық әдемі шапан, екі жүз мысқал күміс және салмағы елу мысқал сом алтынды
д
көргенде, оларға қатты қызығып кетіп, ала салдым. Қазір олар шатырымның ішінде жерде көмулі жатыр. Ең астында жатқаны күміс, — деді.
22
Ешуа адамдарын жіберіп, олар тез барып, Аханның шатырын тексерді. Шынында да оның алған заттары, ең астында күміс, жерде көмулі жатыр екен.
23
Жіберілгендер сол нәрселерді шатырдан Ешуа мен барлық исраилдіктерге алып келіп, Жаратқан Иенің алдына жайып салды.
24
Содан соң Ешуа мен барлық исраилдіктер Зарахтың ұрпағы Аханды тұтқындап, оның алған күмісі, шапаны мен сом алтынын және ұл-қыздарын, мүйізді ірі қараларын, есектері мен қой-ешкілерін, шатырын және басқа да иелігінің бәрін Ахор аңғарына алып барды.
25
Сол жерде Ешуа Аханға: «Бұл пәленің бәрін біздің басымызға неге түсірдің? Енді Жаратқан Ие сенің басыңа пәле түсіреді!» — деді.
Бүкіл Исраил болып Аханды таспен атқылап өлтірді. Оның үй ішін де таспен атқылап, барлығын отпен өртеп,
26
үстерінен көп тас үйіп тастады. Сол зор тас үйіндісі күні бүгінге дейін бар. Сондықтан бұл жер әлі де Ахор (яғни «Пәле») аңғары деп аталып келеді. Бұдан кейін Жаратқан Ие лаулаған қаһарынан
е
қайтты.

а  (6:17-19) Яки: Жаратқан Иеге бағышталған.

ә  7:26; Бил 2:14.

б  Осы адамның басқа аты: Зимри (Шеж1 2:6).

в  (Жар 12:8; 13:3) Осы қаланың аты Гай деп те жазылады.

г  Яки: тас қашайтын орындарға дейін.

ғ  Яки: Өзіме бағышталып жойылуға тиісті (6:17-18; 7:1).

д  Шамамен 2300 г күміс және салмағы 600 г, пішіні тілдей сом алтын.

е  7:1.