Ешуа  12
Жеңілген патшалардың тізімі
1
Исраилдіктердің бұған дейін жеңіп шығып, Иорданның шығыс жағындағы Арнон аңғарынан Хермон тауына дейін, Иорданның алқабының шығыс жағындағы иен даланы қосқандағы жерлерін иемденіп алған патшалар мыналар:
2
алғашқысы аморлықтардың Хешебонда тұрған патшасы Сихон еді. Ол Арнон аңғарының шетіндегі Арогерден және сол аңғардың ортасындағы қаладан бастап, аммондықтардың шекарасындағы Ябок өзеніне дейінгі аралықта билік құрды. Бұл аймақ — Ғилақад өлкесінің жартысы.
3
Сихон, сондай-ақ, (солтүстіктегі) Ғалилея (Кінерет) көлінің батыс жағалауынан бастап, (оңтүстіктегі) Өлі теңізге,
а
яғни Тұзды теңізге, дейінгі аралықта, әрі Бет-Ешимотқа, оңтүстікте орналасқан Писга тауының етегіне қарай созылған Иордан алқабына билік жүргізді.
4
Екіншісі Башанның патшасы Ог еді. Ол рафалықтар
ә
әулетінің соңғыларының бірі еді. Огтың басты қалалары Аштарот пен Едірей болатын.
5
Ог патша Хермон тауы мен Салхаға, гешурліктер мен махалықтардың жеріне дейінгі бүкіл Башан аймағына және Хешебон патшасы Сихонның жерімен шекаралас жатқан Ғилақад өлкесінің жартысына билік құрған еді.
6
Жаратқан Иенің қызметшісі Мұса мен Исраил халқы осы екі патшаны жеңіп шыққаннан кейін Мұса осы жерді Рубен мен Ғад руларына және Манаса руының жартысына мұралық меншікке үлестіріп берді.
7
Ал Ешуа мен исраилдіктер Иорданның батыс жағында жеңген патшалардың жерлері (солтүстіктегі) Ливан аңғарындағы Бағал-Ғадтан бастап, (оңтүстіктегі) Сейірге қарай өрлеп баратын жолдағы Халақ тауына дейінгі аралықта орналасқан болатын. Ешуа солардың жерлерін Исраилдің өзге руларына үлестіріп берді.
8
Сол жерлер мыналар: таулы аймақ, батыстағы төменгі қыраттар, Иорданның алқабы, тау беткейлері, (Яһудадағы) елсіз дала, оңтүстіктегі иен дала (Негев), яғни хеттіктер, аморлықтар, қанахандықтар, перездіктер, хевтіктер және ебустіктердің жерлері.
9
Сонымен Исраил жеңіп шыққан патшалардың қалалары мыналар, әрбір қаланың бір-бірден патшасы болды: Иерихон, Бетел маңындағы Ай,
10
Иерусалим, Хеброн,
11
Ярмут, Лахыш,
12
Еглон, Гәзер,
13
Дебир, Гәдер,
14
Хорма, Арад,
15
Либна, Адуллам,
16
Макед, Бетел,
17
Таппуах, Хефер,
18
Әфек, Лашарон,
19
Мадон, Хасор,
20
Шимрон-Мером, Ахшап,
21
Тағанах, Мегидо,
22
Кедес,
б
Қармил тауының түбіндегі Жоқнеам,
в
23
таулы Дор жеріндегі Дор,
г
Ғылғалдағы Ғойым
ғ
24
және Тирса. Барлық патшалардың ұзын саны отыз бір.

а  Немесе: (оңтүстіктегі) Арабада (яки: елсіз далада) орналасқан Тұзды (Өлі) теңізге (3:16).

ә  Яки: алып адамдар әулеті (13:12; Заң 3:11).

б  19:37; 20:7; 21:32.

в  19:11; 21:34.

г  Яки: Нафот-Дордың маңындағы Дор (11:2).

ғ  (4:19; 5:9-10; Жар 14:1-2,9) Немесе: Ғылғалдың маңындағы бөтен ұлттар (патшасы).