Жоел  3
Жаратқан Иенің бағынбайтын халықтарды соттауы
1
«Біліп алыңдар, Мен сол оқиғалар болатын заманда Яһуда елі мен Иерусалимнің тұтқында жүрген халқын қайтарып, игілікке кенелтемін.
а
2
Сонда Мен халықтардың барлығын жинап, «Жаратқан Иенің Соттау аңғарына»
ә
алып барамын. Сол жерде Мен осы халықтарды Өзімнің меншікті халқым Исраилді басқа елдердің арасына шашыратып жібергендері үшін соттап жазалаймын. Олар Менің елімді өзара бөлісті,
3
халқымды да жеребе тастап бөлісіп алды:
б
ұл балаларды жезөкшенің ақысына айырбастап, бойжеткендерді шарапқа сатып, ішіп қойып жүрді».
4
«Ал сендер, уа, Тир мен Сидон және філістір елінің аймақтары, Маған не істейін деп жатырсыңдар? Сендер Менен кек алғыларың келе ме? Егер солай ететін болсаңдар, Мен істегендеріңді өз бастарыңа лезде-ақ қайтарамын.
5
Өйткені сендер Менің алтын-күмісім мен қымбат бағалы бұйымдарымды тартып алып, өз ғибадатханаларыңа апарып қойдыңдар.
6
Сонымен қатар өз елдерінен аластатып, басқа жаққа жіберу үшін Яһуда мен Иерусалимнің адамдарын гректерге саттыңдар.
в
7
Біліп қойыңдар, Мен оларды өздерің сатып жіберген елдерден жетелеп алып келемін. Ал оларға істегендеріңді өз бастарыңа түсіремін.
8
Өздеріңнің ұл-қыздарыңды Яһуданың адамдарына сатамын, олар соларды алыста тұратын Сәба халқына
г
сатып жібереді». — Жаратқан Ие осыны нық айтады.


9
Халықтардың арасында мынаны жариялаңдар: «Соғысқа дайындалып, батырларыңды шақырыңдар! Барлық жасақшыларың аттанып, осында өрлеп келсін!
10
Соқаларыңнан семсер, орақтарыңнан найза жасаңдар! Әлсіздерің «Мен мықтымын!» дейтін болсын.
ғ
11
Барлық халықтар, тездетіп жан-жақтан келіңдер, бәрің де сол жерге жиналыңдар!»
д
— Уа, Жаратқан Ие, өз батырларыңды алып келе гөр!
12
— Халықтар тұрып, Жаратқан Иенің Соттау аңғарына
е
өрлеп келсін! Мен сонда отырып, айналадағы барлық халықтарды соттайтын боламын.
13
Орақтарыңмен орыңдар, өйткені өнім дайын. Келіп, жүзімді басып сығыңдар, өйткені сыққыш өнімге толып тұр, енді күбілер шырынға толмақ.
ж
Себебі сол адамдардың зұлымдығы шектен асып кетті.
з
14
Соттау аңғарында сан мыңдаған адамдар күтіп тұр! Себебі жуырда Жаратқан Иенің күні Соттау аңғарында айқын көрінеді.
15
Күн мен ай қараңғыланып, жұлдыздар да сөніп қалады.
16
Сонда Жаратқан Ие Сионнан ақырып, Иерусалимнен дауысын шығарады. Сол кезде аспан мен жер шайқалады. Бірақ Жаратқан Ие — өз халқының бас сауғалайтын панасы, Исраилдің үрім-бұтағының қамал іспетті берік қорғаушысы!
Жаратқан Иенің өз халқын қайтадан жарылқауы
17
«Сол кезде сендер Менің, өз Құдайларың Жаратқан Иенің, киелі тауым Сионда тұратынымды білетін боласыңдар. Иерусалим қаласы Өзіме бағышталып қасиетті болады. Енді оны ешбір жат жұрттық басып ала алмайды.
и
18
Сол күні таулардан тәтті шырын тамшылап, төбелерден сүт ағатын болады, Яһуданың барлық жылғаларында су ағады. Жаратқан Иенің киелі үйінен басталған бұлақ Аққараған аңғарын суға кенелтеді.
к
19
Яһуданың халқына жасаған қиянаттары үшін және өз жерінде отырған халықтың жазықсыз қанын төккендері үшін Мысыр елі қаңырап бос қалып, Едом елі де қу медиенге айналады.
қ
20
Ал Яһуда бұдан былай бос қалмайды. Иерусалимді де ұрпақтан ұрпаққа мекендейтін болады.
21
Мен олардың әлі кешірілмеген, қан төгіп жасаған күнәларын кешіремін».
Сонымен Жаратқан Ие Сионда тұратын болады.

а  Ерм 29:13-14.

ә  Яки: Жосапат аңғарына (3:12,14). (Жосапат патшаның кезінде Жаратқан Ие Иерусалимге жақын аңғарда Исраил халқын құтқарып, олардың жауларын талқандап жазалаған еді: Шеж2 20:1-4,15,22-26.)

б  Абд 11.

в  Езк 27:13.

г  Ежелде оңтүстік батыс Арабияда тұратын осы халық Исраилмен сауда-саттық жасайтын (Пат3 10:1-2,10,13,22).

ғ  Иш 2:4; Мих 4:3; Зәк 12:8.

д  Езк 38:1-12; 39:1-8.

е  Яки: Жосапат аңғарына (3:2,14).

ж  Иш 17:5; 63:3; Жоқт 1:15.

з  Жар 6:5; 18:20.

и  2:27; 3:21; Жыр 45:5,8,12.

к  3:1; Амо 9:13-14; Жар 2:8-10,15-16; Жыр 45:5; 86:7; Езк 47:1-12. (Аққараған: яки Шиттим.)

қ  2:3. (Мысыр мен Едом осында Құдай халқына қастық көрсеткен барлық басқа халықтарды да бейнелейді: Иш 19:1; 34:5,11.)