Әйүп  37
Құдайдың күркіреген зор даусынан үрейлену
1
Сол себепті жүрегім шошып, өз орнынан ыршып кетейін деп тұр.
2
Тыңдаңыздаршы! Тәңірдің үнінің гүріліне, аузынан шығып жатқан күркіреуге құлақ түріңіздерші!
3
Ол найзағайын аспанның бүкіл кеңістігіне жіберіп, оның жарқырауы жердің алыс түкпір-түкпірлеріне жетеді.
4
Содан соң күркіреудің даусы шығады. Құдай керемет зор үнімен күркірейді. Онысы естілгенде Ол найзағайларына шек қоймайды.
5
Осылай Құдай Өзінің ғажайып күркіреген даусын шығарады. Ол біз ұғына алмайтын керемет істерді істейді.
6
Құдай қарға: «Жерге жау!», нөсер жаңбырға: «Қатты нөсер болып құйыл!» деп бұйырады.
7
Сонда адамдардың бәрі істеп жатқан жұмыстарын тоқтатып, Оның керемет істеріне қарап тұрады.
8
Аңдар апандарына барып жасырынады. Осы ауа райы өтіп кеткенше апандарын паналайды.
9
Кейде құйын өз орнынан шығып,
а
солтүстік дауыл аяз алып келеді.
10
Құдайдың жіберген (аязды) желінен
ә
мұз пайда болып, кең жайылған су қатып қалады.
11
Тәңір қою бұлттарды ылғалға кенелтеді, олар арқылы найзағайларын жарқыратады.
12
Бұлттар Оның нұсқауымен бүкіл әлемнің бетімен жөңки көшіп, Оның айтқанының бәрін орындайды.
13
Құдай бұлттарды не адамдарды жазалау үшін, не жерді суарып Өзінің берік мейірімін көрсету үшін келтіреді.
14
Әйүп аға, мынаны тыңдаңызшы! Тоқтап, Құдайдың кереметтеріне назарыңызды аударыңызшы.
15
Құдайдың дауылдарға қалай бағдар беретінін, найзағайын бұлттардан қалай жарқылдататынын білесіз бе?
16
Білімі кемел Жасаған Иенің бұлттарды аспанда қалай қалықтайтын қылғанын ұғасыз ба?
17
Оңтүстіктен соққан жел басылып, жер қурап жатқанда, киіммен пысынап ыстықтайсыз.
18
Аспан кеңістігі шыңдалған қола айнаға ұқсас; оны Тәңір Иемен бірге жайып жібере аласыз ба?
б
19
Құдайға не айтуымыз керек, соны бізге үйретіңізші. Қараңғылықта болғандықтан өз ісімізді қорғай алмаймыз.
20
Менің бір нәрсе айтатыным туралы біреу Оған мәлімдей ме? Жоқ, әлде Оған сол туралы хабар жеткізу керек пе?
21
Жел тұрып, аспанды шайдай ашып жібергенде, ешбір адам жарқыраған күнге тіке қарай алмайды.
22
Сол сияқты, Құдай да Өзінің тауынан
в
алтындай жарқыраған салтанатқа бөленіп, өз нұрлы да үрейлі салтанатын жамылып келеді.
г
23
Құдіреті шексіз Тәңір біз жете алмайтындай бәрінен жоғары. Ол өте күшті де әділ, ешкімді езгіге салмайды.
24
Пенделер сол үшін де Оны мейлінше қастерлейді. Ең даналар да Оны толығымен танып-біле алмайды.
ғ

а  Немесе: құйын оңтүстіктен соғып (37:17; Зәк 9:14).

ә  38:29; Жыр 147:5-6.

б  9:8; Жар 1:6-8; Жыр 103:2; Иш 45:12; Ерм 10:12.

в  (Жыр 18:5-7) Немесе: Құдай да солтүстіктегі тауынан.

г  Иш 6:1-5.

ғ  Немесе: Данасымақтарды Ол менсінбейді.