Әйүп  35
Еліхудің Әйүптің өз-өзін ақтауын сынауы
1
Еліху сөзін жалғастырып былай деді:
2
— «Құдайдың алдында әділмін!»
а
деп тұрғаныңызды дұрыс деп ойлайсыз ба?
3
Алайда: «Маған келіп-кетер не бар? Күнә жасамасам, маған қандай пайда болмақ?» деп те сұрайсыз.
ә
4
Өзіңізге және достарыңызға мынадай жауап бергім келеді:
5
Аспанға көз жүгіртіп, қараңызшы! Өзіңізден жоғары тұрған бұлттарға назар аударыңызшы!
6
Күнә жасасаңыз, соныңызбен Құдайға не істейсіз? Күнәларыңыз тіпті көбейіп кетсе, Оған қандай әсер етесіз?
7
Ал егер әділ болсаңыз, Оған бұныңыздан қандай пайда? Яки Оған беретін сыйлығыңыз қандай?
8
Жоқ, зұлым болсаңыз, зиянын көретін өзіңіз сияқты бір пенде, ал әділ болсаңыз, пайдасын да бір адам баласы көреді.
9
Адамдар езгінің астында көмек сұрап жалбарынады. Олар мықтының қолынан құтқарылуларын жалына өтінеді.
б
10
Бірақ ешкім де былай деп сұрамайды: «Түнде мадақтау жырларын айтуға мұрша беретін Жаратушым Құдай қайда екен?»
в
11
Ол бізге жердегі хайуандарға қарағанда көбірек нәрсені үйреткен, бізді әуедегі құстардан ақылдырақ етіп жаратқан.
г
12
Сондықтан да Құдай адамдар жалбарынғанда жауап бермейді, өйткені олар сондай зұлым әрі өркөкірек.
13
Ал «Құдай соған құлақ аспайды, құдіреті шексіз Тәңір еш көңіл бөлмейді»
ғ
десек, бұл шындық емес.
14
Тіпті сіз: «Оны көріп тұрған жоқпын» десеңіз де, бәрібір ісіңіз Құдайдың алдында жатыр. Енді Оны күте тұрыңыз!
д
15
«Ол күнәкарға қаһарланып, тиісті жазасын тартқызған емес. Зұлымдыққа еш көңіл бөлмейді!» деп те айтасыз.
е
16
Осылай Әйүп ағаның аузынан құр мәнсіз әңгіме шығады. Байыбына бармастан көп сөз айтады.
ж

а  (27:2,6) Немесе: «Құдайдан да әділмін!»

ә  9:30-31; 21:14-15; 34:9.

б  Мыс 35:9.

в  8:21; Жыр 41:9; 76:7; 99:1-4; 118:62; 132:1-2; 149:3-5.

г  36:22; 12:7-10; Ерм 32:33.

ғ  Немесе: Ал Құдай (құр бос айқайға) құлақ аспайды, құдіреті шексіз (Тәңір Ие) оған еш көңіл бөлмейді (27:8-10; Нқл 15:29; Иш 1:15; Мих 3:4).

д  9:11; 23:8-9; 31:35; Жыр 41:6,12.

е  9:24; Жыр 9:32.

ж  34:35; 38:2.