Әйүп  34
Еліхудің Құдайдың әділдігін баса айтуы
1
Еліху сөзін әрі қарай сабақтап былай деді:
2
— Уа, парасатты ағалар, сөздерімді тыңдаңыздар. Түсінігі терең сіздер, маған құлақ ассаңыздар екен.
3
Өйткені тілдің тамақтың дәмін ажырататыны сияқты, адамның құлағы да сөздерді тексеріп ажыратады.
а
4
Осылайша бір дұрыс шешімге келейік, ненің игі екенін арамызда анықтап алайық.
5
Себебі Әйүп аға: «Мен жазықсызбын, ал Құдай мені өзіме тиісті құқығымнан айырды.
ә
6
Менікі дұрыс болса да, өтірікшідей болып көрініп отырмын. Еш жазығым болмаса да, Оның жебесі тиіп, жазылмайтын жара салуда!»
б
деп шағымданып отыр.
7
Алайда Әйүп аға сияқты келекелеуге әбден бейім
в
тағы басқа адам бар ма екен, сірә?
8
Ол қылмыс істеушілермен серіктес болып, зұлымдармен бірге жүретін.
9
Өйткені ол: «Адамның Құдайды риза қылуынан ешқандай пайда жоқ!» деді ғой!
г
10
Сондықтан тыңдаңыздаршы, уа, зор парасат иелері! Зұлымдық атаулы Құдайдан тым алшақ, әділетсіздік атаулы құдіреті шексіз Тәңірден әбден аулақ!
11
Себебі Тәңір Ие пендеге істеген іс-әрекетіне сай қарымтасын қайтарады, әрі жүрген жолдарына сәйкес оған есесін қайырады.
12
Иә, шынымен Құдай ешқандай зұлымдық істемейді, құдіреті шексіз Тәңір ақиқатты бұрмаламайды!
13
Кім Оны барлық әлемнің үстінен тағайындаған? Бүкіл дүниенің үстінен билікті Оған кім берді? (Ешкім де!)
14
Егер Ол өз рухын Өзіне қайтарып, тіршілік лебін қайтып алуды шешсе,
15
онда бар адамзат бірден құрып, пенде атаулы топыраққа қайта айналар еді.
ғ
16
Ақылыңыз болса, мынаны тыңдап, айтар сөздеріме құлақ түрсеңіз екен:
17
Егер Құдай әділдікті жек көрсе, билік жүргізе алар ма еді?! Әділ де құдіретті Құдайды айыпты дей аласыз ба?!
18
Керісінше, патшаларға: «Сен түкке тұрмайтын күнәкарсың!» әрі әміршілерге: «Сендер зұлымсыңдар!» деп үкім шығаратын Соның Өзі емес пе?!
19
Ол билеушілердің бет-жүзіне қарамайды. Байды кедейден артық көрмейді, себебі екеуін де Өзі жаратқан.
20
Олар аяқ астынан өліп, түн ортасында қайтыс болады. Адамдар шайқалып, құрып кетеді. Құдай мықтыларды да ешбір адамға қол жұмсатқызбастан-ақ ғайып қылады.
21
Тәңір әрқашан да пенденің істеріне назар аударады. Оның басқан әрбір қадамын Ол көріп отырады.
22
Зұлымдық істеушілер бас сауғалап құтыла алатындай қараңғылық та, қара түнек те болмайды.
23
Өзінің Құдай алдына барып, сотталатын уақытын пенде белгілемейді.
д
24
Қайта, Құдай мықты күнәкарларды ешкіммен ақылдаспай-ақ
е
құртып, орындарына басқаларды қоя салады.
25
Шынында Ол солардың істерін біледі. Оларды бір түнде-ақ астан-кестен қылып, талқандайды.
26
Құдай сондайларды зұлымдықтары үшін бәрінің көзінше жазалайды.
27
Өйткені олар Оның тура жолынан бұрылып кетіп, Оның еркіне мүлдем көңіл бөлмеді.
28
Олардан қорлық көрген жарлылар жалбарына көмек сұрап, Құдай сол қаналғандардың айқайларына құлақ асты.
29
Бірақ егер Құдай үнсіз қала беретін болса, Оны кім айыптай алады? Егер Ол өз жүзін жасырса, кім Оны көре алады? Ол жеке адам мен біртұтас ұлттың екеуінен де жоғары.
30
Құдай арсыз адамның билік жүргізіп, бүкіл халықты бақытсыздыққа ұшыратуын тоқтатады.
ж
31
Адамның Құдайға: «Мен күнә жасап келемін. Бірақ бұдан былай олай етпеймін» деп мойындауы керек.
32
Оның: «Өзімнің неліктен айыпты болғанымды білмей жатырмын, соны көрсете гөр! Егер де әділетсіздік істеген болсам, енді қайтып оны істемеймін!» дегені де игі.
33
Уа, Әйүп аға, Құдай Өзінің талаптарын сіздің ойыңыз бойынша өзгертуге тиіс пе?! Шешімді мен емес, өзіңіз қабылдаңыз! Сондықтан нені білсеңіз, соны айта беріңіз.
34
Парасатты адамдар және мені тыңдап отырған данышпандар маған:
35
«Әйүп өзі білмейтін нәрсе жайлы айтып отыр, оның сөздерінің жаны жоқ!» дер еді.
36
Зұлым адам сияқты сөйлегені үшін Әйүп толықтай тексеріліп сыналса ғой!
37
Өйткені ол жасаған күнәсіне тағы бағынбаушылықты да қосты. Сондай-ақ, біздің арамызда өз-өзін мақтап қолын шапалақтап, Құдайға қарсы сөздерін көбейтіп отыр.

а  12:11.

ә  10:7; 6:29-30.

б  6:28,30; 9:21; 6:4; 10:3.

в  Немесе: келекелеуді судай сіміретін (15:16).

г  9:29-31; 21:7,13-15.

ғ  Жар 3:19; Жыр 103:29; Уағ 3:20; 12:7.

д  Немесе: сотталатын уақытының қашан болатыны туралы пенде Құдайдан алдын ала хабар алмайды.

е  Немесе: ешқандай тергеусіз-ақ.

ж  5:15; 20:5; 34:17; Нқл 29:2,4,12.