Әйүп  25
Билдадтың Әйүпті Құдайды терең қастерлеуге шақыруы
1
Шуахтық Билдад Әйүпке қарсылық білдіріп былай деді:
2
— Құдайда билік бар, барша жұрт Оны терең қастерлеуі керек. Ол көктің биігінде тәртіп орнатады.
3
Оның көктегі періштелер топтарын
а
кім санай алар еді? Ол өз жарығын кімнің үстіне түсірмейді?
4
Сонда адам баласы Құдайдың алдында қалайша әділ бола алады? Әйелден туған пенде қалайша таза бола алар еді?
5
Тіпті ай да Оның алдында жеткілікті жарық емес, жұлдыздар да айқын емес!
6
Салыстырсақ, пенде жай жер құртына ұқсайды, адам баласы тек күйе құрты сияқты.
ә

а  Немесе: аспандағы жұлдыздар топтарын (19:12).

ә  4:17-19; 15:14-16.