Әйүп  22
Елипаздың өз қате ойына сүйеніп Әйүпті қайтадан айыптауы
1
Сонда темандық Елипаз жауап беріп былай деді:
2
— Күшті адамның Құдайға келтірер пайдасы бар ма? Ең дана деген пенде Оған пайдалы бола ала ма?
3
Тіпті сен өзің әділ болсаң, құдіреті шексіз Тәңірді соныңмен қандай ризашылыққа кенелтер едің? Іс-әрекетің мінсіз болса, Оған келер пайда не болмақ?
4
Құдайдың өзіңе осылайша айып тағып, соттағаны сенің Оны терең қастерлегенің
а
үшін дейсің бе?!
5
Қайта, ол аса зұлым болғаныңнан емес пе? Істеген зұлымдықтарыңның еш шегі жоқ болса керек!
ә
6
Сен бейшара ағайындарыңнан алған қарызына еш себепсіз кепілдік талап етіп, киімі аз олардың қолдарындағы барын да тартып алғансың.
б
7
Тіпті шөлдеген адамға су, ашыққан адамға нан бермейтінсің.
в
8
Жер мықты адамдікі, беделді кісі оны мекендейді (деген шығарсың).
г
9
Бейшара жесірлерді құр қол жіберіп, жетімдердің де үмітін өшіретінсің.
10
Сондықтан да жан-жағыңда тұзақтар пайда болып, аяқ астынан үрейің ұшты.
11
Дым көрінбейтін тас түнектің ортасында қалып, үстіңді топан су басып тастаған.
ғ
12
Құдай заңғар көкте емес пе? Ал ең алыс жұлдыздар қандай биікте десеңші?!
13
Бірақ сен сонда да: «Құдай не білуші еді? Мұндай қою түнек арқылы Ол адамзатты қалай соттай алушы еді?
14
Қалың бұлттар Оның төңірегін тұмшалап алған, аспан күмбезін айнала шарлап жүріп Ол түк көрмейді!» дейсің.
15
Зұлым адамдардың ежелден жүріп келе жатқан жолымен сен өзің де жүрмексің бе?
16
Олар осы дүниеден уақытынан бұрын аластатылып, түпнегіздері тасыған сумен шайылып кетті.
17
Сол зұлымдар Құдайға: «Қасымыздан аулақ кетші!»
д
дейтін, әрі: «Құдіреті шексіз Тәңір бізге не істей алар екен?» деп бөсетін.
18
Бірақ Құдай солардың үйлерін игілікке толтырған еді ғой! Ал мен зұлымдардың мұндай ойларынан аулақ жүремін.
е
19
Әділдер сол жайттарды көріп, қуанады, адал жүргендер:
20
«Дұшпандарымыз шынымен қырылды, арттарынан қалғанды от жалмады!» деп арсыздарды келемеждейді.
21
Құдайға мойынсұн, сонда жаның тыныш болады, әрі амандық саған қайтып келеді.
22
Құдайдың аузынан шыққан тәлімді қабылдасаңшы! Оның айтқан сөздерін жүрегіңе сақтап қойсаң екен!
23
Егер құдіреті шексіз Тәңірге қайтадан бет бұрсаң, Онымен қарым-қатынасыңды қалпына келтіресің. Сондықтан үй ішіңнен зұлымдықты аластат!
24
Егер ақшақұмарлығыңнан бас тартсаң, тіпті саф алтынды шаң-тозаңдай көрсең,
ж
25
онда құдіреті шексіз Тәңірдің Өзі сенің қазынаң болады. Ол саған таңдаулы күмісіңдей қымбат болмақ.
26
Сонда сен құдіреті шексіз Тәңірмен қарым-қатынасыңа қуанып, жарқын жүзбен Құдайға қарайтын боласың.
27
Сен Оған сиынып, Ол саған құлақ асады, әрі өзің де Оған берген уәделеріңді орындайсың.
28
Сенің ой-ниетің жүзеге асып, алдыңдағы жолың нұрға бөленеді.
29
Біреудің басына ауыртпалық түскенде, сен «Оны қолдай гөр!» деп сиынасың. Сонда Құдай сол бейшараны аман сақтап қалады.
30
Құдай тіпті кінәлі адамды да құтқарады. Сонда осы кісі сенің қолың таза болғандықтан аман қалады.

а  1:1; 4:6; 15:4.

ә  Елипаз Әйүптің ауыр азаптарына қарап оның ауыр күнәлары бар деп қате қорытты. Осылай ол өзінің бұрынғы айтқандарына қарсы шықты (4:3-6).

б  31:19; Мыс 22:26-27; Заң 24:10-13.

в  31:17; Иш 58:7; Езк 18:17.

г  Немесе: Сен жері бар мықты адам, оны мекендейтін беделді кісі едің ғой (15:19; 12:19; Иш 9:15).

ғ  Жыр 68:2-3; Жоқт 3:54.

д  21:14.

е  21:16.

ж  Яки: тіпті опырлық саф алтынға жылға түбіндегі малтатастай (немқұрайды) қарасаң (28:16; Пат3 9:28; Жыр 44:10).