Әйүп  2
Әзәзілдің Әйүпті екінші рет айыптауы
1
Құдайдың нөкерлері
а
тағы бір күні Жаратқан Иенің алдында тұруға келгенде әзәзіл шайтан да олармен бірге Оның алдында тұруға келді.
2
Жаратқан Ие әзәзілге:
— Қайдан келдің? — деген сұрақ қойды. Ол:
— Жер бетін аралап кезіп келдім, — деп жауап берді.
3
Жаратқан Ие:
— Менің қызметшім Әйүпке көңіл бөлдің бе? Жер бетінде ол сияқты кінәратсыз да әділ, Құдайын терең қастерлейтін, жамандықтан аулақ жүретін ешбір жан жоқ. Оны еш себепсіз құрту үшін Мені қанша түрткілесең де, ол өзінің кінәратсыздығын сақтап келеді, — дегенде,
4
әзәзіл:
— «Теріні терімен айырбастар» деген.
ә
Адам өз басын аман сақтау үшін қолындағының бәрін де сарп етер! — деп қарсылық білдірді. —
5
Оның еті мен сүйегіне қолыңды созып, тигізе көрші. Сонда ол Сені қалай мадақтар екен, көрейік, — деп жала да жапты.
6
Жаратқан Ие:
— Мейлі, ол енді сенің қолыңда. Тек оның өмірін сақта! — деп шешті.
7
Сонда әзәзіл Жаратқан Иенің алдынан шығып кетті.
Қатты ауырып қиналған Әйүптің нық сенімі
Біраздан кейін әзәзіл шайтан Әйүптің денесін басынан аяғына дейін түгелдей жаралы шиқандармен қаптатты.
8
Қатты қайғырып күл үйіндісінің үстінде отырған
б
Әйүп қолына қыш құмыраның бір сынығын алып, сонымен терісін қасыды.
9
Әйелі оған:
— Әлі де кінәратсыздығыңды ұстанып отырсың ба? Одан да Құдайды балағаттап,
в
(азабыңнан құтылып) өле қал, — деп ақыл айтты.
10
Бірақ Әйүп:
— Ақымақ та арсыз әйелдей сөйлеп тұрсың. Құдай жақсылық жіберсе, соны қабылдау, ал ауыртпалық жіберсе, содан бас тарту дұрыс па өзі? — деп жауап қатты. Осы жағдайдың бәрінде Әйүп айтқан сөздерімен күнә жасаған жоқ.
г
Әйүптің көңілін сұрап, жұбатуға келген үш досы
11
Әйүптің темандық Елипаз,
ғ
шуахтық Билдад,
д
нағамалық Сопар
е
есімді үш досы бар болатын. Олар Әйүптің басына түскен ауыртпалықтар туралы естіген соң, оның көңілін сұрап, жұбатпақ болып өзара келісті. Содан үшеуі тұрып жатқан мекендерінен сапарлап келіп, оның қасына жиналды.
12
Алайда үш досы Әйүпті алыстан көріп, алғашқыда танымай қалды. Сонда олар дауыстап жылап, шапандарының өңірін жыртты.
ж
Аспанға қарай күл-тозаң шашып, оны бастарына да септі.
з
13
Үш досы Әйүппен бірге жеті күн, жеті түн жерде отырды. Оның соншалықты қатты қиналып жатқанын көргендіктен, олар оған ештеңе айтпай үндемеді.

а  1:6.

ә  Түпнұсқадағы осы мақал «Жақсылыққа жақсылықпен қайтар» деген мағынаны білдірген болса керек.

б  Күлге отыру қатты қайғыру не өкініп опық жеудің белгісі болатын (42:6; Ерм 6:26; Езк 27:30; Жүн 3:6).

в  1:11; 2:5,10.

г  42:7.

ғ  6:19; 15:1; 42:9; Жар 36:11; Ерм 49:7.

д  8:1; 18:1; 42:9; Жар 25:2.

е  11:1; 20:1; 42:9; Еш 15:41.

ж  1:20.

з  2:8; Нех 9:1; Жоқт 2:10.