Әйүп  18
Билдадтың Әйүпті күнәсінен бас тартуға шақыруы
1
Сонда шуахтық Билдад былай деп жауап берді:
2
— Бұл әңгімені қашанға дейін айта бересіңдер? Ақылға келіңдер, кейін сөйлесе жатармыз.
3
Әйүп, неге бізді малдай көресің? Сен үшін біз миғұла адамдар сияқтымыз!
4
Ашуланып өзіңді соншама қазбалай беретінің не? Саған бола бүкіл жер қаңырап қалып, жартастар өз орындарынан қозғалуы керек пе?
5
Шүбә жоқ, зұлымның жарығы сөнеді, оның отының алауы жарқырай бермейді.
6
Үйіндегі жарық қараңғы болып, шам-шырағы да өшеді.
7
Күшті аяғы қысқарып, құрған арам жоспары оның өзін құлатады.
8
Зұлымды өз аяғы торға түсіріп, өз бетімен жүрген ол орға құлайды.
9
Қақпан оны өкшесінен ұстап, тұзақ оны тұтады.
10
Тұзақ жіп жерде жасырын қойылған, жүретін соқпағында қақпан орнатылған.
11
Күнәкарды жан-жағынан қорқыныш үрейлендіріп, соңынан қалмай қуады.
12
Оның күші аштықтан таусылып, құлаған кезінде пәле де дәл қасында бола қалады.
13
Ауру оның терісін жеп, кейін ажал да жетіп, дене мүшелерін құртпақ.
14
Зұлым өзі сенім артқан мекенінен жұлынады, оны «үрейдің патшасына»
а
апарып тапсырады.
15
Жауыздың мекенін от жалмайды, тұрған үйіне жанып жатқан күкірт жаумақ.
ә
16
Оның түп-тамыры құрғап, бұтақтары қурап қалады.
17
Күнәкар туралы естелік жер бетінен құрып, өз мекенінде де оның есімі ұмытылады.
18
Ол жарықтан түнекке қуылып, тұрған жерінен аластатылады.
19
Халықтың арасында оның баласы да жоқ, үрім-бұтағы да жоқ. Бұрын қоныстанған елінде ешбір тұяғы қалмайды.
20
Батыстан келгендер оның басына түскен жайтты көріп аңтарылады, шығыстан келгендер де қорқып былай демек:
21
«Міне, зұлымның мекеніне осындай бақытсыздық түспек! Құдайды мойындамайтынның тұрған орны осындай болмақ!»

а  Яғни өлімге; яки: тозаққа (8:22; 15:21,24; 18:6).

ә  Жар 19:24-25; Жыр 10:6.