Әйүп  17
Әйүптің қайтадан түңіліп Құдайға мінажат етуі
1
Рухым күйреген, күндерім таусылуға жақын. Алдымда күтіп тұрған көр ғана.
2
Қасымдағылар мені келеке қылуда. Бар көретінім — олардың ащы қорлығы.
3
(Уа, Құдай,) менің әділдігім жайлы кепілдік бере көрші! Сенен басқа оны беретін кім бар?
4
Өзің олардың ой-санасын жауып қойдың. Енді олардың жеңіске жетуіне жол бермеші!
5
Олар өз пайдалары үшін достарын сатады, бірақ соның кесірі балаларына тиетін болады.
6
Құдай мені жұрттың мазағына айналдырды. Бәрі де бетіме түкіріп қорлайды.
7
Қайғыдан көздерім буалдырланып,
а
денемнің құр сүлдері қалды.
ә
8
Әділ адамдар мені көргенде аңтарыла шошынады. Кінәсіздер арсыздарға ашуланып, қарсы көтеріледі.
9
Сонда да әділдер өз жолдарымен нық жүреді, қолдары таза ізгі жандар күшейген үстіне күшейе береді.
10
Бірақ келіңдер, бәрің де, қайтадан тырысыңдар! Бәрібір араларыңнан ақылды адамды таба алмаспын.
11
Күндерім өтіп, ниеттенгендерім өшіп қалды. Жан-тәніммен аңсағаным да осылайша құрыды.
12
Ал адамдар күнді түн қылады, қараңғы басқанның өзінде «Қазір жарық болады!» деп баса айтады.
б
13
Егер көр үйім болайын деп, төсегім түнекте салынайын деп жатса,
14
шіруді әкем, тәнімді жалмайтын құртты шешем, әпке-қарындасым деп отырсам,
15
онда үмітімнің қайда болғаны? Оны таба алатын біреу бар ма?
16
Жоқ, үмітім менімен бірге о дүниеге аттанбақ. Екеуіміз де бірдей жер қойнына түсерміз.

а  16:16,20; Жыр 6:7; 68:4.

ә  16:8.

б  5:17-26; 11:17; Иш 50:11; Ерм 6:14.