Әйүп  1
Құдайды қастерлейтін Әйүптің жарылқаулы өмірі
1
Бір кезде Ус
а
елінде Әйүп
ә
есімді адам өмір сүрді. Ол кінәратсыз да әділ болып, Құдайды терең қастерлеп, жамандықтан аулақ жүретін.
2
Әйүптің жеті ұлы мен үш қызы болды.
3
Жеті мың қой-ешкісі, үш мың түйесі, бес жүз жұп өгізі, бес жүз ұрғашы есегі, сондай-ақ өте көп қызметшілері бар сол кісі шығыс өлкесіндегі ең ауқатты адам болатын.
4
Әйүптің ұлдары кезекпен үйлерінде қонақасы даярлап, соған үш әпке-қарындасын да шақыратын.
5
Қонақасының кезеңі біткенде, Әйүп кісі жіберіп, балалары үшін тазару рәсімін орындайтын. Сол үшін Әйүп ерте тұрып, әр баласы үшін бір малдан құрбандыққа шалып, түгелдей өртеп Құдайға ұсынатын.
б
Өйткені ол: «Мүмкін, балаларым күнә жасап, іштей Құдайға тіл тигізіп қойған шығар» деп ойлайтын. Әйүп әрдайым осылай істейтін.
Әзәзілдің Әйүпті көктегі сотта айыптауы
6
Құдайдың нөкерлері
в
бір күні (көкте) Жаратқан Иенің алдында тұруға келгенде әзәзіл шайтан
г
да олармен бірге келді.
7
Жаратқан Ие әзәзілге:
— Қайдан келдің? — деген сұрақ қойды. Ол:
— Жер бетін аралап кезіп келдім, — деп жауап берді.
8
Жаратқан Ие:
— Менің қызметшім Әйүпке көңіл бөлдің бе? Жер бетінде ол сияқты кінәратсыз да әділ, Құдайын терең қастерлейтін, жамандықтан аулақ жүретін ешбір жан жоқ, — дегенде,
9
әзәзіл:
— Әйүп Құдайын бекерге қастерлейді дейсің бе?
10
Оның өзін, үй ішін және бар иелігін айналдыра шарбақпен қоршағандай қорғап жүрген Өзің емессің бе? Оның істегендерін Өзің жарылқап келесің. Содан оның табын-отарлары ел ішінде кеңінен таралуда.
ғ
11
Бірақ, кәне, барлық иелігіне қолыңды тигізе көрші. Сонда ол Сені қалайша мадақтар екен, көрейік, — деп жала жапты.
12
Жаратқан Ие:
— Мейлі, оның барлық иелігін қолыңа берейін. Тек оның өзіне тиіспе! — деп шешті. Сонда әзәзіл Жаратқан Иенің алдынан шығып кетті.
Әйүптің басына зор апаттар түсіп сыналуы
13
Біраздан кейін Әйүптің ұл-қыздары оның тұңғыш ұлының үйінде қонақасында отырды. Сол күні
14
бір шабарман Әйүпке жетіп келіп, мына суық хабарды жеткізді: «Қызметшілеріңіз өгіздермен жер жыртып, есектер олардың қастарында жайылып жүрді.
15
Кенеттен сәбалық
д
тонаушылар тап берді! Олар жас жігіттерді қырып, малдарды олжалап, айдап әкетті! Тек мен ғана әзер сытылып шығып, ол туралы сізге жеткізе алып тұрмын».
16
Сол адам осыны әлі де айтып тұрған кезде басқа бір шабарман жетіп келіп, былай деді: «Аспаннан Құдайдың оты түсіп,
е
қой-ешкілеріңіз бен қызметшілеріңізді өртеп жалмап қойды! Тек мен ғана әзер сытылып шығып, ол туралы сізге жеткізе алып тұрмын».
17
Сол адам осыны әлі де айтып тұрған кезде тағы басқа бір шабарман жетіп келіп, былай деді: «Халдейлер
ж
үш топ құрып, түйе бағып жүрген қызметшілеріңізге бас салды! Оларды өлтіріп, түйелерді олжалап, айдап алып кетті! Тек мен ғана әзер сытылып шығып, ол туралы сізге жеткізе алып тұрмын».
18
Сол адам осыны әлі де айтып тұрған кезде тағы басқа бір шабарман жетіп келіп, былай деді: «Сіздің ұл-қыздарыңыз өз ағаларының үйінде қонақасында отырған кезде
19
шөл даланың арғы шетінен ғаламат дауыл тұрып, үйдің төрт жағынан соққылай берді. Содан үй құлап, ішіндегі балаларыңызды басып қалды. Тек мен ғана әзер сытылып шығып, ол туралы сізге жеткізе алып тұрмын».


20
Сонда Әйүп орнынан тұрды да, қатты қайғырып шапанының өңірін жыртып,
з
шашын қырқып алып тастады. Мұнан кейін ол Тәңір Иеге мойынсұнып етпетінен жерге жата кетті.
21
Әйүп былай деді: «Анамның құрсағынан жалаңаш шықтым, дүниеден жалаңаш қайтамын да. Жаратқан Ие сыйлап берді де, Жаратқан Ие қайтарып алды да. Жаратқан Иенің есімі мадақтала берсін!»
22
Осы жағдайдың бәрінде Әйүп күнә жасаған да жоқ, еркінсіп Құдайды айыптаған да жоқ.

а  Өлі теңізден шығысқа қарай созылып жатқан қыратты жер (1:3; Жар 10:23; Ерм 25:20; Жоқт 4:21).

ә  (Езк 14:14,20; Жақ 5:1) Әйүп пайғамбар деп те аталады.

б  8:4; 42:8; Жар 8:20; Леу 4:27-31.

в  Яки: Құдайдың періштелері; немесе: Құдайдың (рухани) ұлдары. (Яғни Жаратқан Иенің көктегі кеңесінің әрі сотының мүшелері: 2:1; 38:7; Шеж2 18:18-20; Иш 6:1-2,8; Дан 10:5-6,12.)

г  Яки: адамдарды азғырушы әрі айыптаушы шайтан, ібіліс (Пат1 22:19-22; Шеж1 21:1; Зәк 3:1).

ғ  29:2-6; 1:3.

д  Арабияның шөлейт жерлерін мекендеген ежелгі халық (Иш 45:14; Жое 3:8).

е  Жар 19:24; Леу 10:2; Рул 11:1-3; Пат3 18:38.

ж  Төменгі Евфрат өзенінің жағасын мекендеген ежелгі халық (Жар 11:28; Пат4 24:2).

з  2:12; Жар 37:29,34; Еш 7:6; Езр 9:3.