Жохан  18
Мәсіхтің тұтқындалған кезінде көрсеткен құдіреті
1
Осылай мінажат еткеннен кейін Иса шәкірттерімен бірге (қаланың сыртындағы) Қидрон сайының арғы жағасына өтті. Сол жерде бір бақ бар еді. Иса шәкірттерін ертіп соның ішіне кірді.
а
2
Оған опасыздық еткен Яһуда
ә
да бұл жерді білетін, себебі Иса осында шәкірттерімен жиі жиналушы еді.
3
Енді Яһуда римдік әскердің бір тобын және басты діни қызметкерлер мен парызшылдар жіберген бірнеше сақшыларды ертіп сонда келді. Олардың қолдарында шамдары, шырақтары және қарулары болды.
4
Өзіне не боларын түгел білетін Иса бақтың ішінен шығып, оларға:
— Кімді іздеп жүрсіңдер? — деген сұрақ қойды.
5
Олар:
— Назареттік
б
Исаны! — деп жауап берді. Иса:
— Ол Менмін!
в
— деді. Опасыз Яһуда да солардың қасында тұрған еді.
6
Иса оларға «Ол Менмін!» дегенде, олар кейін шегініп, жерге жығыла кетті.
7
Иса оларға тағы да:
— Кімді іздеп жүрсіңдер? — деген сұрақ қойды. Олар:
— Назареттік Исаны, — деп жауап берді. Иса:
8
— «Ол Менмін» деп сендерге айттым ғой! Егер Мені іздеп жүрсеңдер, онда мыналарға тимеңдер, кете берсін! — деді.
9
Исаның «Сен Маған бергендердің бірде-біреуін жоғалтқан жоқпын» деп айтқаны
г
осылайша орындалды.
10
Шимон Петір беліне семсер
ғ
байлап алған болатын. Ол соны суырып алып, бас діни қызметкердің малайына
д
қарай сілтеп қалып, оның оң құлағын шауып түсірді. Малайдың аты Мәлік еді.
11
Ал Иса Петірге: «Семсеріңді қынабына сал! Әкем Маған белгілеп қойған азапты тартуым керек, соны білмеуші ме едің?»
е
— деп ескертті.
Мәсіхтің басты діни қызметкерлер алдында адал куәлік беруі, ал Петірдің Мәсіхтен үш рет тануы
12
Әскер тобы мен мыңбасы және яһуди басшыларының сақшылары Исаны тұтқынға алып, бұғаулады.
13
Алдымен Оны Аннасқа
ж
апарды. Өйткені Аннас сол жылы бас діни қызметкер болып тұрған Қаяфаның қайын атасы еді.
14
Халық үшін бір адамның өлгені жақсы деп яһуди басшыларына кеңес берген сол Қаяфа болатын.
з
15
Шимон Петір және Исаның тағы бір шәкірті
и
Исаның артынан ілесіп отырды. Бұл шәкірт бас діни қызметкермен таныс еді, сондықтан оның сарайының ауласына Исаға еріп кірді.
16
Петір сыртта қақпаның алдында қалды. Жаңағы шәкірт, бас діни қызметкердің танысы, сыртқа шығып, қақпашы қызбен
к
сөйлесті де, Петірді ішке кіргізіп алды.
17
Қақпаны ашып-жауып тұрған әлгі қызметші қыз Петірден: «Сен де осы Кісінің бір шәкірті емессің бе?» — деп сұрады. Ол: «Жоқ», — деді.
18
Малайлар мен сақшылар жылыну үшін от жағып, соның айналасында тұрды, себебі күн суық еді. Петір де олардың қасына барып, жылынып тұрды.


19
Бас діни қызметкер Исадан Өзінің шәкірттері мен ілімі туралы жауап алды.
20
Иса оған:
— Мен бүкіл жұрттың алдында ашық айтып келемін. Әрдайым барлық яһудилер жиналатын мәжілісханалар мен ғибадатханада тәлім беріп жүрдім. Мен еш нәрсені бүркемелеп айтқан емеспін.
21
Сұрақтарды неге Менің Өзіме қойып жатырсыз?
қ
Не айтқанымды Мені тыңдағандардан сұраңыз. Менің не дегендерімді солар біледі ғой, — деп жауап берді.
22
Иса осыны айтқаннан кейін сонда тұрған сақшылардың бірі Оның бетін шапалақпен тартып жіберіп:
— Сен бас діни қызметкерге қалай-қалай сөйлейсің? — деп зекіді.
23
Иса оған:
— Айтқаным дұрыс болмаса, дәлелде; дұрыс болса, Мені неге ұрасың? — деп жауап берді.
24
Осыдан кейін Аннас Исаны бұғауланған күйі бас діни қызметкер Қаяфаға жіберді.


25
Ал Шимон Петір отқа жылынып тұра берді. Қасындағылар одан:
— Сен де Соның бір шәкірті емессің бе?! — деп сұрады. Ол:
— Жоқ, олай емеспін! — деп мойындамады.
26
Сонда бас діни қызметкердің малайларының бірі, Петір құлағын семсермен шауып түсірген кісінің
л
бір туысы тіл қатып:
— Сені бақта Соның қасынан көрдім емес пе? — деді.
27
Петір тағы мойындаған жоқ. Сол сәтте-ақ әтеш шақырды.
м
Мәсіхтің римдік әмірші Пилаттың алдындағы адал куәлігі
28
Таң сәріде яһуди дінбасылары Исаны Қаяфаның сарайынан римдік әміршінің сарайына
н
алып барды. Діни салтқа сай арамданбау үшін, яһуди дінбасылары әміршінің сарайына кірген жоқ. Әйтпесе олар Құтқарылу мейрамындағы асқа қатыса алмайтын еді.
о
29
Сондықтан Пилат оларға өзі шығып:
— Мына Кісіге қандай айып тағып тұрсыңдар? — деген сұрақ қойды.
30
Олар:
— Бұл қылмыскер болмаса, Оны сізге ұстап әкелмес едік, — деп жауап қайтарды.
31
Пилат оларға:
— Сендер Оны алып кетіп, өз заңдарың бойынша соттаңдар! — деді. Яһудилер:
— Біреуге өлім жазасын тартқызу бізге рұқсат етілмеген, — деп жауап берді.
32
Өзінің қалай өлуге тиісті екенін меңзеп көрсеткен Исаның сөзі осылай орындалды.
ө
33
Сонда Пилат сарайға қайта кіріп, Исаны шақыртып алып:
— Сен «Яһудилердің Патшасысың» ба? — деп сұрады.
34
Иса:
— Бұл сөзді өзіңіз айтып тұрсыз ба, әлде басқалар сізге Мен туралы айтты ма? — деп қарсы сұрақ қойды.
35
Пилат:
— Мен не, яһудимін бе? Сені маған ұстап әкелген өз халқың және басты діни қызметкерлер ғой. Қандай істер істеп едің? — деді.
36
Иса:
— Менің Патшалығым осы дүниелік емес. Егер де Патшалығым осы дүниелік болса, онда Менің қасымда сақшыларым жүріп,
п
олар Мені яһуди басшыларының қолына түсірмеу үшін күрескен болар еді. Бірақ Менің Патшалығым осы дүниелік емес, — деп жауап берді.
37
Пилат:
— Сонымен Сен бәрібір Патшасың ғой? — деп сұрады. Иса оған:
— Дұрыс айтасыз, Мен Патшамын. Шындықты ашық жариялау үшін
р
осы дүниеге келдім. Шындықты жақтаушы әркім Менің үніме құлақ салады, — деді.
38
Пилат Исадан:
— Шындық деген не? — деп сұрады. Осыны айтты да, тағы да сарайынан шығып, яһуди басшыларына барды. Оларға тіл қатып былай деді:
— Мен Одан ешқандай кінә таппай тұрмын!
39
Ал Құтқарылу мейрамында өз салттарың бойынша сендерге бір тұтқынды босатып жіберемін. Енді «Яһудилердің Патшасын» босатып беруімді қалайсыңдар ма? —
40
Сонда олар:
— Бұны емес, Бараббаны! — деп қатты айқайлап жауап қайтарды. Ал Барабба ұлтшыл қарақшы
с
болатын.

а  Мат 26:30,36; Мар 14:26,32; Лұқ 22:39.

ә  13:2,26-27; Мат 26:14.

б  1:45; Лұқ 1:26; 2:4,39; 4:16; 18:37.

в  Түпнұсқа тілінде осы екі сөз Жаратқан Иенің есімімен бірдей еді (6:35; 8:12,58; 10:14; 13:19; Мыс 3:14).

г  17:6,12.

ғ  Яғни қысқа семсер, қанжар.

д  Яки: құлына. (Кейін Иса оның құлағына қолын тигізді, сонда құлағы кереметпен сауығып, қайтадан қалпына келді: Лұқ 22:51.)

е  Немесе: Әкем Маған берген «тостағандағыны» ішпеймін бе? (12:27-28; Иш 51:17; Мар 10:38; 14:36)

ж  Осы есім Анна және Ханна деп те дыбысталатын. Бұрын бас діни қызметкер болған Аннас халық арасында әлі де сол атаққа ие болатын (Лұқ 3:2; Елш 4:6).

з  11:49-50.

и  Ғалымдар бұл кісіні осы Ізгі хабарды жазған Жоханның өзі деп түсіндіреді (13:23; 19:26).

к  Немесе: қақпашы әйелмен.

қ  Таурат заңына сәйкес, алдымен ең аз дегенде екі не үш куәгерден жауап алу қажет болар еді (Заң 19:15).

л  18:10.

м  13:38; Матай: 26:74-75.

н  Яки: ордасына.

о  Римдіктер яһудилердің тазару рәсімдерін ұстанбайтын (Түсіндірмедегі «Тазару рәсімдерін» қараңыз).

ө  (3:14; 12:32-33) Римдіктер өлім жазасын іске асыру үшін жиі қолданатын аса азапты әдісі жазаланушы адамды айқыш ағашқа керіп, шегелеп іліп, көтеріп қою еді.

п  Осы дүниелік патшалардың қастарында, әрине, оларды жауларынан қорғайтын сақшылары, әскерлері және нөкерлері жүреді (Пат4 11:11-12,19).

р  Немесе: Шындыққа куәлік ету үшін (3:32-35).

с  Яки: (ұлтшыл) көтерілісші (Мар 15:7; Лұқ 23:19).