Жохан  11
Елазардың ауырып, қайтыс болуы
1
Сол кезде Елазар деген бетаниялық кісі қатты ауырып жатты. Бұл ауылда Мәриям мен оның әпкесі Марта да тұратын.
а
2
Кейінірек Иеміздің аяғына иісмай жағып, шашымен құрғатқан осы Мәриям еді.
ә
Қазір оның бауыры Елазар қатты науқастанып жатты.
3
Сонда апалы-сіңлілі екеуі: «Мырза, Сіз жақсы көретін кісі ауырып жатыр», — деп Исаға Елазар туралы хабар жіберді.
4
Иса мұны естігенде: «Бұл аурудың соңы өлімге соқтырмайды, қайта, Құдайды ұлылыққа бөлеуге септігін тигізеді: ол арқылы Құдайдың рухани Ұлының құдіретті ұлылығы көрінеді», — деді.
5
Иса Мартаны, оның сіңлісі мен Елазарды жақсы көруші еді.
6
Бірақ Ол Елазардың науқастанып жатқанын естісе де, сол кезде болған жерінде тағы да екі күнге қалып қойды.
7
Бұдан кейін Иса шәкірттеріне:
— Яһудея аймағына қайта барайық! — деді.
8
Олар:
— Ұстаз, яһуди діндарлары күні кеше ғана Сізді тас лақтырып өлтіргісі келмеп пе еді?
б
Шынымен тағы сол жаққа бармақсыз ба? — деп сұрады.
9
Иса:
— Күндізгі уақытта он екі сағат бар емес пе? Адам жолмен күндіз жүрсе, сүрінбейді, өйткені ол бұл дүниенің жарығын көреді.
в
10
Ал егер түнекте жүрсе, сүрінеді, себебі онда жарық жоқ,
г
— деп астарлап жауап берді.
11
Мұнан кейін Иса сөзін жалғастырып:
— Досымыз Елазар ұйықтап жатыр. Мен барып, оны оятайын, — деді.
12
Шәкірттері:
— Мырза, ұйықтағаны жақсы, сонда сауығады! — деді.
13
Иса астарлап сөйлеп, Елазардың өлгенін айтқан еді, ал олар кәдімгі ұйқыны айтып тұр деп ойлап қалды.
14
Сонда Иса жасырмай:
— Елазар өлді, — деді.
15
— Бірақ Өзімнің сол жерде болып, оны сауықтырмағаныма сендер үшін қуанамын; осылай берік сенімге жетесіңдер. Енді Елазарға барайық!
16
Сыңарлас деп аталатын Тома
ғ
басқа шәкірттерге: «Біз де барып, Онымен бірге өлейік», — деді.
Елазардың қайта тірілуі — Мәсіхтің құдіретінің белгісі
17
Иса Бетания ауылына жеткенде, Елазардың өліп, қабірге қойылғанына төрт күн болғанын естіді.
18
Бетанияның Иерусалимнен қашықтығы үш-ақ шақырымдай болғандықтан,
19
қаладан көптеген яһудилер Мәриям мен Мартаға көңіл айтуға келген екен.
20
Исаның келе жатқанын естіген Марта алдынан шықты; Мәриям үйде отыра берді.
21
Марта Исаға:
— Ием, Сіз осында болсаңыз, бауырым өлмес еді!
22
Бірақ қазір де Құдайдан не сұрасаңыз да, оны Сізге беретінін білемін, — деді.
23
— Бауырың қайта тіріледі, — деп жауап берді Иса.
24
Сонда Марта:
— Ақырғы күнгі қайта тірілуде
д
оның да тірілетінін білемін, — деді.
25
Ал Иса оған:
— Қайта тірілу мен шынайы өмір
е
— Менмін. Маған сенетін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады.
26
Осылай өмір сүріп, Маған сенген әрбір адам ешқашан да рухани өлмейді.
ж
Бұған сенесің бе? — деді.
27
Марта:
— Иә, Ием, Сіздің пайғамбарлар дүниеге келеді деп алдын ала айтқан Мәсіх — Құдайдың рухани Ұлы
з
екеніңізге сенемін, — деп жауап берді.
28
Осыны айтқан соң Марта барып, басқаларға білдірмей Мәриямға: «Ұстаз осында, сені шақырып жатыр», — деді.
29
Мәриям мұны естісімен асығыс тұрып, Оған қарсы жүрді.
30
Ал Иса әлі де ауылға кірмей, Мартаға кездескен жерінде болатын.
31
Мәриямның қасында көңіл айтып отырған яһудилер оның асығыс тұрып, сыртқа шығып кеткенін көргенде соңынан ере шығып: «Қабірдің басына барып жоқтау айтатын шығар», — деп ойлады.
32
Мәриям Иса тұрған жерге келіп, аяғына жығыла:
— Ием, Сіз осында болсаңыз, бауырым өлмес еді!
и
— деді.
33
Мәриямның және оған ерген яһудилердің қайғырып жылағандарын көргенде, Иса іштей қатты қобалжып, қайғырып, толқып кетті.
к
34
Олардан:
— Оны қай қабірге қойдыңдар? — деп сұрады.
— Иеміз, барып көріңіз, — деді олар.
35
Иса көзіне жас алды.
36
Яһудилер:
— Қараңдар, Ол Елазарды қалай жақсы көрген! — деді.
37
Ал араларындағы кейбіреулері:
— Соқырдың көзін ашқан Ол оны да ажалдан арашалап алып қала алмас па еді?
қ
— деді.
38
Иса тағы да қатты қобалжып, қабірдің басына барды. Қабір — аузы (дөңгелек дәу) қақпақ таспен жабылған үңгір екен.
л
39
Иса:
— Тасты алып тастаңдар! — деп бұйырды. Бірақ марқұмның әпкесі Марта:
— Ием, ол иістеніп барады, жатқанына төрт күн болды! — деп қарсылық білдірді.
40
— Егер Маған сенсең, Құдайдың құдіретті ұлылығын көресің деп саған айтпап па едім? — деді Иса.
41
Сонда олар қақпақ тасты үңгір аузынан домалатып алып тастады. Иса көзін көкке қадап:
— Әке, тілегімді қабыл алғаның үшін Саған ризамын!
42
Тілегімді әрқашан қабыл алатыныңды білемін. Алайда айналамда тұрған жұрт Мені Өзіңнің жібергеніңе сенсін деп мұны айтып тұрмын, — деп мінажат етті.
43
Осылай дегеннен кейін: — Елазар, шық! — деп қатты дауыспен бұйырды.
44
Сонда марқұм болған адам қабірден шықты! Оның аяқ-қолы кебінге оралып, бет-аузы да орамалмен байланған еді. Иса қасындағыларға:
— Кебінін шешіп жіберіңдер, жүре берсін! — деп тапсырды.
Жоғарғы кеңестің Исаны өлтіру туралы шешімі
45
Мәриямға келген яһудилердің көбі Исаның керемет ісін көріп, Оған сенді.
46
Бірақ кейбіреулері парызшылдарға барып, Исаның не істегенін айтып берді.
47
Сонда басты діни қызметкерлер мен парызшылдар Жоғарғы кеңестің мәжілісін шақырып:
— Біз не істесек екен? Мына Кісі көптеген кереметтер жасап жүр.
48
Оны осылай қалдырсақ, бәрі Соған сенетін болады. Сонда римдіктер келіп, киелі үйіміз бен ұлтымызды біздің қолымыздан тартып алып жүрер!
м
— десті.
49
Олардың біреуі, сол жылы бас діни қызметкер болған Қаяфа, тіл қатып:
— Сендер түк білмейсіңдер ме?
50
Бүкіл ұлтымыздың құрып кетуінен гөрі, бізге халық үшін бір Адамның өлгенінің жақсы екенін ойламайсыңдар ма? — деді.
51
Бұл сөзді ол өздігінен айтқан жоқ, қайта, сол жылы бас діни қызметкер болғандықтан: «Иса халқымыз үшін өлуге тиіс» деп алдағы оқиғаны білдірді.
н
52
Ал Иса Исраил халқы үшін ғана емес, сондай-ақ жер жүзіне таралған басқа халықтардың енді Құдайдың рухани балалары болулары үшін де өлуге тиісті болды. Ондағы мақсаты — екі жақты жинап, біріктіру еді.
о
53
Сол күннен бастап олар Исаны өлтіру туралы берік байламға келді.
54
Сондықтан Иса бұдан былай яһудилердің арасында ашық жүрмей, айдалаға жақын жердегі Ефраим атты қалашыққа кетіп, сонда шәкірттерімен бірге болды.
55
Яһуди халқының Құтқарылу мейрамы жақындап қалған еді. Бүкіл елден көптеген кісілер мейрам алдындағы діни тазару салтын орындау үшін Иерусалимге өрлеп бара жатты.
56
Олар Исаны іздестіріп жүрді. Қалаға жеткеннен кейін: «Ол мейрамға осында келмейтін шығар, қалай ойлайсыңдар?» — деп ғибадатханада әңгімелесіп тұрды.
57
Себебі басты діни қызметкерлер және парызшылдар: «Оның қайда жүргенін көрген біреу болса, тұтқындау үшін бізге хабар берсін!» — деп жарлық шығарып қойған еді.

а  12:1; Мат 21:17; Лұқ 10:38-39.

ә  12:3; Мар 14:3.

б  8:59; 10:31.

в  Яки: бұл дүниенің Нұрын көреді. (Сенушілер Құдай белгілеген уақытты дұрыс пайдаланып Оның еркіне сай өмір сүрсе, өз қызметтерін Оның қорғауымен атқара алады: 3:19-21; 9:4-5; 12:35.)

г  1:5; 3:19; 12:35; Жох1 2:10-11.

ғ  14:5; 20:24-28; 21:2; Лұқ 6:15.

д  Яки: Қиямет күні (5:28-29; 6:39-40; Лұқ 14:14; 20:36; Дан 12:2).

е  Яки: қайта тірілу мен шынайы өмірді сыйлайтын.

ж  Яки: тозаққа түспейді (3:16; 8:51).

з  20:31; Мат 16:16; 26:63; Мар 1:1; Мар 4:41.

и  11:21,37.

к  Яки: ашуланып толқып кетті. (Иеміз дүниеге күнә мен өлім әкелген шайтанның арам күшіне қаһарланды: 10:38; 12:27.)

қ  9:6; 11:21,32.

л  20:1; Мат 27:60; Мар 15:46; Лұқ 24:2.

м  Дінбасылар Иса Өзіне сенген халыққа патша болмақ, сонда римдік әмірші ашуланып, қала мен елдің билігін толықтай өз қолына алып қояды деп қауіптенді. Исаның шынайы ниетін және Оның Құдайдан жіберілгенін түсінбеген олар өз бастарының мүддесін ғана ойлады (12:9-11; 15:22-25; 18:33-38).

н  Яки: деп (пайғамбар іспетті) Құдайдың хабарын жеткізді (18:13; Мат 7:22-23).

о  10:16.