Жохан  10
Бағушы мен қойлары туралы астарлы сөз
1
Сендерге өте маңызды шындықты айтайын: кім қой қораға есіктен емес, өзге жерден өрмелеп кірсе, сол — ұры әрі қарақшы.
а
2
Ал кім есіктен кірсе, қойлардың бағушысы
ә
— сол.
3
Қарауыл оған есік ашып, қойлар оның даусын естіп таниды.
б
Бағушы өз қойларын атымен шақырып, далаға шығарады.
4
Шығарған соң олардың алдында жүріп отырады, ал қойлары соңынан ереді, өйткені олар оның даусын таниды.
5
Олар бөтен кісінің соңынан ермей, одан қашады, себебі оның даусын танымайды.
6
Осы астарлы сөзді Иса яһуди діндарларына айтып берді, бірақ олар Оның не айтқанын түсінген жоқ.
в
Жаңа өмірдің «есігі»
7
Сондықтан Иса сөзін жалғастырып былай деді:
— Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: қойлар кіретін «есік»
г
Менмін.
8
Менен бұрын келгендердің бәрі ұрылар әрі қарақшылар
ғ
болатын. Бірақ қойлар оларға бағынған жоқ.
9
Мен «есікпін», Менен кіргендер құтқарылады. Олар емін-еркін кіріп-шығып, жайылым табады.
10
Ұры ұрлап, сойып, құрту үшін келеді. Ал Мен адамдар шынайы өмірге ие болсын және өмірі рухани игілікке толы ағыл-тегіл мол болсын деп келдім.
д
Мәсіхтің өз қарамағындағы адамдарға ізгі бағушыдай қамқорлық жасауы
11
Мен «ізгі Бағушымын»:
е
ізгі Бағушы қойлары үшін жанын қияды.
12
Ал бағушы емес жалданған адам қойлар өзінікі болмағандықтан, қасқырды көрсе, отарын тастай қашады. Қасқыр қойға шауып, оларды жан-жаққа бытыратып жібереді.
ж
13
Жалшы отарын тастай қашады, өйткені ол — жай жалданушы, қойлардың қамын ойламайды.
14-15
Мен «ізгі Бағушымын». Әкемнің
з
Мені, Менің Әкемді жақсы білетініміз сияқты, Мен қарамағымдағыларды жақсы білемін, олар да Мені жақсы біледі. Солар үшін жанымды қиямын.
16
Бұл отардан басқа да қойларым бар, соларды да алып келуім керек. Олар даусымды естіп таниды, сонда барлығы бір-ақ Бағушысы бар біртұтас отар болады.
и
17
Әкем Мені жақсы көреді, себебі Мен жанымды қиямын, содан кейін оны қайтадан аламын.
к
18
Жанымды ешкім Менен тартып алмайды, оны өз еркіммен қиямын. Қиятын да, қайтып алатын да билігім бар. Бұл — Маған Әкем тапсырған міндет.
19
Осы сөзге бола яһудилер тағы да екі жақ болып айтысып кетті.
20
Көпшілігі: «Оны жын соғыпты, сандырақтап тұр! Неменеге тыңдап тұрсыңдар?» — десе,
21
басқалар: «Бұл жындының сөзі емес! Жын соқырдың көзін аша ала ма?!» — деп қарсылық білдірді.
қ
22
Бұдан кейін Иерусалимде Киелі үй мейрамы
л
болды. Мезгіл қыстың кезі еді.
23
Сонда Иса ғибадатхананың Сүлеймен патша атындағы бағаналы ғимаратында
м
әрі-бері жүрді.
24
Яһуди діндарлары Оны қоршап алып:
— Қашанға дейін бізді еліктіріп, алаңдатып қоясыз? Құтқарушы Мәсіх
н
болсаңыз, ашығын айтыңыз! — деп талап етті.
25
Иса оларға былай деп жауап берді:
— Мен оны айттым ғой, ал сендер сенбедіңдер. Әкемнің атынан істеп жүрген істерім Менің Сол екеніме айғақ.
26
Бірақ сендер сенбейсіңдер, себебі Менің «отарымнан» емессіңдер.
27
Өз «қойларым» даусымды естіп, бағынады. Мен оларды жақсы білемін, олар Маған еріп жүреді.
28
Соларға мәңгілік өмір беремін. Олар ешқашан жойылмайды,
о
ешкім оларды Менің қолымнан тартып та алмайды.
29
Оларды Маған берген Әкем бәрінен де ұлы. Ешкім соларды Әкемнің қолынан да тартып ала алмайды.
30
Әкем Екеуіміз біртұтаспыз.
ө
Иерусалимдік діндарлардың Исаны айыптауы, ал басқа жұрттың Оған сенуі
31
Сонда діндар яһудилер Оны тас лақтырып өлтіру үшін тағы да жерден тас алды.
32
Иса оларға:
— Көз алдарыңда Әкем тапсырған көп игі істер істедім.
п
Солардың қайсысына бола Мені тас лақтырып өлтірмексіңдер? — деген сұрақ қойды.
33
Діндар яһудилер:
— Сені игі ісің үшін емес, Құдайды қорлағаның үшін тас лақтырып өлтірмекпіз. Сен адам бола тұра, Өзіңнен Құдай жасағың келеді! — деді.
34
Иса оларға былай деп жауап берді:
— Өздерің құрметтейтін Киелі жазбада (Құдайдың билерге арнап мынаны айтқаны) жазылған: «Былай деген едім: сендер құдайсыңдар».
р
35
Ал Киелі жазбалардың күшін жоюға болмайды ғой. Сонымен Құдай Өзінің сөзі жеткен сол билерді «құдай» деп атаған.
36
Онда Мен «Құдайдың (рухани) Ұлымын»
с
десем, қалайша «Құдайды қорладың» деп айта аласыңдар? Өйткені Әкемнің Өзі Мені ерекше тағайындап, осы дүниеге жіберген.
т
37
Егер Әкемнің Маған тапсырған істерін істеп жүрмесем, Маған сенбей-ақ қойыңдар.
38
Ал егер Мен оларды істеп жүрсем, тіпті Өзіме сенгілерің келмесе де, істеген істеріме сеніңдер! Осылай сендер Әкемнің Менімен, Менің Әкеммен тығыз байланыста екенімізді
у
түсінесіңдер.
39
Содан олар Исаны тағы да тұтқындамақ болды,
ұ
бірақ Ол араларынан сытылып шығып кетті.
40
Мұнан кейін Иса қайтадан Иордан өзенінің арғы бетіне, бұрынырақ Жақия пайғамбар шомылдыру рәсімін орындаған жерге
ү
барып, сонда қалып қойды.
41
Исаның қасына көптеген адамдар келіп былай десті: «Жақия ешқандай керемет істеген жоқ. Бірақ оның мына Кісі туралы айтқандарының бәрі де шындық!»
ф
42
Сол жерде жиналғандардың көбі Исаға сенді.

а  10:8,10; Лұқ 11:39; 19:46; Ерм 7:11; Езк 34:2-3,8.

ә  10:14-15; Жыр 22:1; 79:2; Иш 40:10-11; Езк 34:11-16,23-24,31.

б  10:4-5,14,16,27.

в  9:40-41; 8:27; 10:25-26; Елш 3:17.

г  (10:1,9; 14:6; Елш 4:12; Еф 2:18; Евр 10:19-22) Яки: «қақпа».

ғ  10:1,10.

д  1:4; 3:15-16; 17:2-3; Еф 5:8-9.

е  10:14-15,27-28; Заб 22:1,4.

ж  Езк 34:2-8; Зәк 11:17.

з  Яки: Менің (көктегі рухани) Әкемнің (1:14; 5:17; 6:32,40; 8:54).

и  11:52; Елш 10:34,44-48; 11:18; Еф 2:11-21.

к  10:11,15,18; 15:13; Лұқ 9:22.

қ  9:1,6-7,32-33; Мыс 4:11; Мат 4:24.

л  Түсіндірмені қараңыз.

м  Елш 3:11; 5:12.

н  1:17,41; 4:25; 7:26,41-42; 9:22; Мат 16:16,20.

о  Яки: тозаққа түспейді (3:16).

ө  10:38; 17:21-22; Мар 12:29; Қол 1:19.

п  2:23; 3:2; 4:45,54; 5:5-9; 6:2; 7:31; 10:38.

р  Құдай Өзінің жер бетіндегі өкілдері болуға тағайындаған билер мен билеушілерге осы сөзімен олардың ұлы беделдері мен жауапкершіліктері туралы ескертті (Жыр 81:1,6-7; Мыс 22:28; Заң 1:17; 16:18; Шеж2 19:6).

с  1:14; 3:16; 5:17-18; 10:30; Лұқ 1:35.

т  Яки: Әкем Мені Өзіне бағыштап (киелі етіп), осы дүниеге жіберген (3:17,34; 6:27,69; 5:17-18; 10:30).

у  Немесе: Әкемнің Менде, Менің Әкемде екенімізді. Яки: Әкем Екеуміздің біртұтас екенімізді (10:30; 14:10,11,20).

ұ  7:30,32,44; 8:20; 14:31; 18:12.

ү  1:28.

ф  1:7,15-17; 3:23.