Жохан  1
Мәсіх Иса — Құдайдың адамзатқа арнап өз ойын білдірген «Сөзі»
1
Әуел баста Сөз болатын,
а
Сөз Құдайда болатын, Сөз Құдай еді.
2
Сөз әуелден-ақ Құдайда болатын.
3
Құдай бәрін Сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған.
4
Сөз өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін Нұр
ә
еді.
5
Нұр түнекте жарқырайды, ал түнек Нұрды жеңе алған емес.
б
6
Құдай жіберген Жақия
в
есімді адам болды.
7
Жақия Нұрдың куәсі болып, барлық адамдарды өзінің куәлігі арқылы Нұрға сендіру үшін келді.
8
Жақияның өзі Нұр емес еді, ол Нұр туралы хабарлау үшін келген болатын.
9
Әр адамға сәулесін түсіретін шынайы Нұр бұл дүниеге келе жатты.
г
10
Ол бұл дүниеде бар еді, бірақ әлемді жаратқан Сол болса да, адамдар Оны таныған жоқ.
11
Өзі таңдап алған халқына
ғ
келгенімен, олар Оны қабылдамады.
12
Бірақ Оны қабылдап, Оған сенім артқандардың бәрін Ол Құдайдың рухани балалары
д
болуға құқықты етті.
13
Бұлар табиғи жолмен, пенденің қалауы бойынша бұл дүниеге келгендіктен емес, Құдай оларға шынайы өмір бергендіктен ғана Оның рухани балалары болды.
е
14
Сөз адамға айналып, арамызда өмір сүрді.
ж
Сонда біз Әкенің жалғыз рухани Ұлының
з
асқан ұлылығын көрдік: Ол рақымдылық пен шындыққа толы еді.
15
Жақия пайғамбар Ол туралы дауыстап куәлік етіп:
— Менен кейін Келе Жатқанның жолы менен үлкен, өйткені Ол мен тумастан бұрын бар болатын
и
деген Кісім Осы, — деді.
16
Оның шексіз рақымынан бәріміз молынан жарылқанып келеміз.
17
Құдай ата-бабаларымызға Таурат заңын Мұса пайғамбар арқылы берді,
к
ал рақым мен шындық бізге Иса Мәсіх арқылы жетті.
қ
18
Құдайды ешкім ешқашан көзімен көрген емес.
л
Әкесімен тығыз байланыстағы жалғыз рухани Ұлы бізге Оны жақыннан танытты.
м
Жақия пайғамбардың Мәсіх пен өзі туралы айтқандары
19
Жақия былай деп куәлік берген еді: яһудилердің басшылары
н
діни қызметкерлер мен леуілік көмекшілерді
о
Иерусалим қаласынан Жақияға жіберіп, «Сен кімсің?» — деп сұратты. Сонда ол жауап беруден бас тартпай:
20
— Мен (Құдай жіберемін деп уәде берген Құтқарушы) Мәсіх емеспін, — деп ашық айтты.
21
Олар:
— Онда сен кімсің? (Мәсіхтен бұрын қайтып келуге тиісті) Ілияс пайғамбарсың
ө
ба? — деп сұрады. Жақия:
— Жоқ, ол емеспін, — деді.
— Мүмкін, сен (Мұса Құдай жібереді деген) пайғамбар
п
шығарсың? — Жақия:
— Жоқ, — деп жауап қатты.
22
Олар:
— Бізді жібергендерге жауап беруіміз үшін кім екеніңді айтшы! Өзің туралы не дейсің? — деп сұрады.
23
Жақия:
— Ишая пайғамбар «Жар салған дауыс шығады айдалада: Жаратқан Иеге түзу қылып даңғыл жолды салыңдар!»
р
деп алдын ала айтып кеткен болатын. Жар салған сол хабаршы менмін, — деп жауап қайырды.
24
Сонда парызшылдар тобынан
с
жіберілген кісілер де болды.
25
Олар Жақияға сұрақ қойып:
— Егер сен не Мәсіх, не Ілияс, не келуге тиісті пайғамбар болмасаң, неліктен адамдарды (Құдай жолына түсіріп) суға шомылдыру рәсімінен өткізесің?
т
— деді.
26
Жақия оларға:
— Мен тек суға шомылдыру рәсімін ғана орындаймын. Ал араларыңда сендер танымайтын Біреу тұр.
27
Ол менен кейін келе жатыр, бірақ мен Оның құлы болып кебісін әперуге де тұрмаймын,
у
— деп жауап берді.
28
Бұл оқиға Жақия шомылдыру рәсімін орындап жүрген Иордан өзенінің шығысындағы Бетанияда
ұ
болды.
Құдайдың адамдарды құтқару үшін құрбандыққа жіберген «Тоқтысы»
29
Келесі күні Жақия өзіне қарай келе жатқан Исаны көріп:
— Қараңдар, Мынау — Құдайдың құрбандыққа жіберген «Тоқтысы»!
ү
Ол адамзаттың күнәсін өз мойнына артып, сол үшін жанын қияды.
30
«Менен кейін Біреу келе жатыр, Оның жолы менен үлкен, өйткені Ол мен тумастан бұрын бар болатын» дегенімде, Сол туралы айтқан едім.
ф
31
Бұрын мен де Оның шынымен кім екенін білмейтін едім.
х
Бірақ Оны Исраил халқына таныстырып, адамдарды шомылдыру рәсімінен өткізу үшін осы жерге келдім, — деді.
32
Содан кейін Жақия куәлік етіп:
— Мен Киелі Рухтың
ц
көгершін бейнесінде көктен түсіп, Исаға қонғанын көрдім.
33
Исаны бұрын шынымен танымайтын едім. Бірақ мені шомылдыру рәсімін орындауға жіберген Құдай маған: «Сен Киелі Рухтың Біреуге қонғанын көргенде, Киелі Рухқа Шомылдырушының Соның Өзі екенін білесің» деген болатын.
34
Мен Киелі Рухтың Исаға қонғанын көріп, Оның Құдайдың рухани Ұлы
ч
екеніне куәгер болдым, — деді.
Исаның алғашқы шәкірттерін таңдауы
35
Келесі күні Жақия мен оның екі шәкірті тағы сол жерде тұрды.
36
Ол қастарынан өтіп бара жатқан Исаны көріп: «Қараңдар, Мынау — Құдайдың құрбандыққа жіберген Тоқтысы!»
ш
— деді.
37
Екі шәкірті Жақияның айтқанын естіп, Исаның соңынан ере бастады.
38
Иса бұрылып, олардың Өзіне ергенін көріп:
— Сендер не іздеп жүрсіңдер? — деді. Олар Исадан:
— Раббы! — арамей тіліндегі мағынасы «Ұстаз!» — Сіз қайда тұрып жатырсыз? — деп сұрады.
39
Иса:
— Келіңдер де көріңдер!
ы
— деді. Олар келіп, Исаның тұрған жерін көрді де, сол күні Онымен бірге болды. Уақыт түстен кейінгі сағат төрттің
і
шамасы еді.
40
Жақиядан Иса туралы естіп, Оған ерген екеудің бірі Шимон Петірдің інісі Әндір
э
еді.
41
Ол ең алдымен ағасы Шимонды тауып алып:
— Біз Мәсіхтің Өзін таптық! — деді. Ал «Мәсіх» Құдай тағайындаған Құтқарушы Патша дегенді білдіреді.
ю
42
Содан кейін Әндір Шимонды Исаға ертіп келді. Иса Шимонға қарап:
— Сен Жоханның ұлы
я
Шимонсың. Бұдан былай Кефа деп аталасың, — деді. Кефа грекше — Петір, яғни «Тас».
аа
43
Келесі күні Иса Ғалилея аймағына бармақшы болды. Иса Філіпті
аә
тауып, оған: «Менің шәкіртім болып соңымнан ер», — деді.
44
Філіп те Әндір мен Петір тұратын Бетсайда қаласынан еді.
45
Філіп Натанайылды тауып алып, оған:
— Біз Мұса Тауратта жазған, басқа пайғамбарлар да өз жазбаларында айтып кеткен Мәсіхті
аб
таптық! Ол — назареттік Жүсіптің ұлы
ав
Иса! — деді.
46
Бірақ Натанайыл:
— Сол Назареттен не жақсылық шығар дейсің?
аг
— деп жауап қатты. Філіп оған:
— Келіп, өзің көр!
ағ
— деді.
47
Иса өзіне қарай келе жатқан Натанайылды көргенде:
— Мынау — қулық-сұмдығы жоқ, нағыз исраилдік, — деді.
48
Натанайыл:
— Сіз мені қайдан білесіз? — деп сұрады. Иса:
— Сені Філіп шақырмай тұрып, інжір ағашының астынан көріп едім, — деді.
49
Натанайыл (өзін Исаның інжір ағашының қалың жапырағының астынан көре алғанына қайран қалды да):
— Ұстаз, Сіз Құдайдың рухани Ұлысыз, Исраилдің Патшасысыз!
ад
Соған көзім жетті, — деп жауап берді.
50
Иса оған:
— Мен «сені інжір ағашының астынан көрдім» дегенді ғана айтқанда, Маған сендің. Әлі бұдан да зорды көресің! — деді.
51
— Сендерге өте маңызды шындықты айтайын:
ае
бұдан былай көктің ашылғанын көресіңдер! Сонда Құдайдың періштелері көкке көтеріліп кетіп әрі Құдай тағайындаған Билеуші — Маған
аж
түсіп келіп тұратын болады.
аз

а  Яғни жаратылыстан бұрын да «Құдай Сөзі» деп аталған Ол бар болатын (8:58; 17:5; Евр 1:1-2; Жох1 1:2; Аян 19:11-13).

ә  Яки: Жарық (3:19; 8:12).

б  Немесе: түсінген емес. (Осы астарлы сөзде түнек — Құдайдан безген күнәкар дүниені әрі осы дүниені билеуші әзәзіл шайтанды білдіреді: 3:19-20; Лұқ 22:53; Елш 26:18.)

в  Яғни Жақия пайғамбар (1:15,19,23; Лұқ 3:2-6).

г  Немесе: Дүниеге келген әрбір адамға сәулесін түсірген Ол нағыз Нұр еді (8:12).

ғ  Немесе: Өзінің иелігіне (Өзі жаратқан дүниеге: 1:3).

д  1:13; 3:5; 11:52; Жох1 3:1-2,10; Рим 8:16-17,21.

е  (3:5) Немесе: Олар қаннан, тәннің қалауынан және ер адамның еркімен емес, Құдайдан туған.

ж  Яки: Сөз адам болып арамызда тұрды (Жох1 1:1-2; 4:2; Ғал 4:4; Флп 2:7-8; Тім1 3:16; Евр 2:14).

з  Бұл атақ табиғи туу арқылы пайда болған тәндік туыстықты білдірмейді. Қайта, ол Мәсіх пен Құдай арасындағы ерекше рухани байланысты бейнелейді (1:3; Иш 7:14; 9:6-7; Лұқ 1:30-35; 2:9-11; Қол 1:16; Түсіндірмедегі «Құдай Сөзін» және «Құдайдың рухани Ұлын» да қараңыз).

и  1:1-2,6-8,27,30; Мат 3:11.

к  7:19; Заң 32:45-46.

қ  (1:14) Мәсіх: Құдай тағайындаған Құтқарушы Патша (1:41; 4:25).

л  Мыс 33:20; Қол 1:15; Тім1 1:17.

м  Немесе: Әкесінің жанында болатын (яки Әкесіне өте жақын) Құдай бізге Әкесі туралы хабар әкелді (1:14; 12:44-45; 14:9-10; Қол 1:15).

н  Яки: яһудилер. (Олардың басшылары Иерусалим қаласындағы Жоғарғы кеңесте жиналатын басты діни қызметкерлер, дін мұғалімдері және рубасылар болатын: Лұқ 22:66.)

о  Діни қызметкер, леуілік көмекші: Түсіндірмені қараңыз.

ө  Мат 11:14; Мал 4:5.

п  Заң 18:15.

р  (Иш 40:3; Лұқ 3:4) Осы жердегі мағынасы: Жаратқан Иеге жүректеріңді ашып, тәубеге келіңдер!

с  Парызшылдар: Таурат заңының ережелерін және ата-бабаларының әдет-ғұрыптарын қатаң сақтайтын яһуди діншілдері (Лұқ 1:37-44; Түсіндірмені де қараңыз).

т  Шомылдыру рәсімі: Сенушінің теріс жолдан қайтып, Құдайға бағышталып, Оның тура жолына түскендігін білдіретін рәсім (Мар 1:4; 16:16; Түсіндірмені де қараңыз).

у  Немесе: мен Оның аяқкиімінің бауын шешуге де тұрмаймын. (Құдай жіберген сол Билеуші Мәсіх Иса болды: 1:14-15,29-30,40-41.)

ұ  (3:26; 10:24) Немесе: Бет-Барада (Бил 7:24).

ү  Жар 22:8,14; Мыс 12:3,5-7,12-13; Леу 5:17-19; Иш 53:4-5,7,10.

ф  1:15.

х  Яғни Оның Құтқарушы Мәсіх, Құдайдың құрбандық болуға жіберген «Тоқтысы» екендігін білмеген едім (1:17,29,41).

ц  Яғни Құдайдың Киелі Рухының (3:5; Лұқ 1:35; 3:21-22; Түсіндірмені де қараңыз).

ч  1:14,49.

ш  1:29.

ы  1:14; Жох1 1:1-3; Жыр 65:5.

і  Немесе: оныншы сағат (Түсіндірмедегі «Уақыт белгілеу жүйесін» қараңыз).

э  Мат 4:18.

ю  4:25; Жыр 2:2; Дан 9:25; Түсіндірмені де қараңыз.

я  (21:2,15-17) Яки: Жүністің ұлы (Мат 16:17). (Грекше түпнұсқа мәтінінде Жохан мен Жүніс есімдерінің дыбысталуы өзара өте ұқсас.)

аа  Мат 16:17.

аә  6:5; 12:21-22; 14:8-10; Мат 10:3.

аб  Жар 3:15; Рул 21:9; Заң 18:15; Лұқ 24:47.

ав  Жүсіп: Исаның шешесі Мәриямның күйеуі (Мат 1:20-24; 2:22-23; Лұқ 1:27,35).

аг  7:52.

ағ  1:39.

ад  1:14,34; 12:13; 18:33; 19:19; Мат 2:2.

ае  Немесе: Шын, шын сендерге айтамын. (Иса осы қаратпа сөздерін өте маңызды тәлімі мен мәліметтерін білдіргенде айтатын.)

аж  Немесе: және Билеуші ретінде көктен келген Маған («Адам Ұлына») (Дан 7:13-14; Түсіндірмедегі «Көктен келген Билеушіні» де қараңыз).

аз  Исраил халқының түп атасы Жақыптың көрген аянында көк ашылып, періштелер көкке көтеріліп, жерге түсіп тұратын еді (Жар 28:12).