Еремия  47
Філістір елі туралы ауыр хабар
1
Мұнда Жаратқан Иенің філістірлер туралы Еремия пайғамбарға арнаған сөзі берілген. Сол кезде перғауын Газа қаласын
а
әлі жаулап алмаған болатын.
2
— Жаратқан Ие мынаны айтады: Қараңдар, солтүстіктен жау топан судай ағылып келе жатыр. Олар асып-тасыған дариядай бүкіл елге жайылып, ондағы қалаларды тұрғындарымен қоса басып тастайды. Адамдар айқайлап, елде тұратындардың бәрі қиналып жыламақ.
3
Себебі жаудың атты әскері мен соғыс күймелерінің қатты дүрсілі естілмек. Әкелер әбден үрейленіп, қолдары сал болып, тіпті балаларын құтқару үшін бұрылып та қарамайды.
4
Тир мен Сидон елдерін ешкімнің қолдай алмауы үшін філістірлердің көздерін жоятын уақыт келді. Жаратқан Ие ежелде Крит аралының
ә
жағалауынан келіп, қоныстанған осы халықтың тірі қалғандарын құртуға шешім қабылдады.
5
Газа қаласы қирап, Ашқалон
б
да үйіндіге айналады. Уа, жағалаудағы жазық даланың тірі қалған тұрғындары, қашанға дейін қайғырып терілеріңді тілгілеп жарақаттамақсыңдар?
6
«Әй, Жаратқан Иенің семсері, қашанға дейін тыным таппайсың? Қынабыңа қайта оралып, дамылдап, тынышталсаң екен!»
7
Бірақ егер Жаратқан Ие оған Ашқалонды және теңіздің жағалауын шабуылдауды бұйырған болса, ол қалайша тыным табады?

а  25:20; Амо 1:6; Соф 2:4.

ә  (Жар 10:13-14; Заң 2:23; Шеж1 1:12; Амо 9:7) Яки: Қаптордың.

б  25:20; 47:7; Еш 25:20; Пат1 6:17; Амо 1:8; Соф 2:4.