Еремия  31
Тірі қалғандардың бірсыпырасы шаттана елге оралмақ
1
Жаратқан Ие мынаны уәде етеді: «Сол кезде Мен Исраилдің барлық әулеттерінің Құдайы, ал олар Менің халқым болады. —
2
Жаратқан Ие тағы мынаны да айтады: — Семсердің жүзінен аман қалған халық иен далада рақымға ие болады. Мен қайтадан келіп, Исраилге тыныштық сыйлаймын».
3
Ежелде
а
Жаратқан Ие бізге аян беріп былай деген еді: «Саған деген сүйіспеншілігім мәңгілік, берік мейіріміммен сені Өзіме баурап келемін.
4
Мен сені қайтадан қалпыңа келтіремін, уа, бойжеткен іспетті Исраил халқы! Сендер бұрынғыдай даңғыраларыңды қолдарыңа алып, шаттана қуанып би билейтін боласыңдар,
5
әрі Самарияның қыраттарында қайтадан жүзімдіктер отырғызасыңдар. Соларды отырғызғандар жемісінің қызығын көретін болады.
6
Сонда күзетшілер Ефремнің таулы жерінде: «Жүріңдер, Сионға шығайық, Құдайымыз Жаратқан Иенің алдына барайық!»
ә
дейтін күн туады».
7
Жаратқан Ие мынаны да айтады: «Жақыптың халқы үшін қуана ән салыңдар, оның басқа халықтардан озат болғанына шаттанып, айқайлай ұрандаңдар! Жасаған Иеге мақтау айтып былай деп өтініңдер: «Уа, Жаратқан Ие, өз халқың Исраилдің тірі қалғандарын құтқара гөр!»
8
Біліп қойыңдар, Мен оларды солтүстік елінен және жердің ең шалғай түкпірлерінен жинап алып келемін. Олардың арасында соқырлар мен ақсақтар, аяғы ауыр және жаңадан босанған әйелдер де болады. Сонда Исраилдің тірі қалғандары өте үлкен жамағат болып осында қайтады.
9
Олар қуаныштан жылап, Маған мінажат етеді; Өзім оларды өзен бойымен бастап, тегіс жолдармен сүріндірмей алып жүремін. Өйткені Мен Исраилдің рухани Әкесімін, әрі Ефрем — Менің тұңғышым іспетті».
б
10
Жаратқан Иенің мына сөзін тыңдаңдар, ей, халықтар! Теңіз жағалауларына да оны жариялаңдар: Исраилді шашыратқан Құдайы оны қайтадан жинап алады! Малшының отарын баққанындай, Ол да халқын солай бағып қорғайтын болады.
11
Өйткені Жаратқан Ие Жақыптың үрім-бұтағын құлдықтан азат етеді, Ол Исраил халқына қамқорлық жасап, оларды қуатты жауларынан құтқарып алады.
12
Сонда Исраил келіп, Сион тауында қуаныштан айқай салады. Олар Жаратқан Иенің берген игіліктеріне: астық, жүзім шырыны және зәйтүн майына, ірілі-ұсақты малдарының төлдеріне мәз-мейрам болады. Халқым мол суғарылатын бақ сияқты гүлденіп, енді қайтып қасіреттен түңілмейді.
13
Сонда бойжеткендер көңілденіп жас-кәрілермен бірге би билейді. Мен қайғыларын шаттыққа айналдырып, қасірет орнына жұбаныш пен қуаныш сыйлаймын.
14
Діни қызметкерлерді дәмді тамақпен молынан қамтамасыз етемін, халқым да игіліктеріме кенеледі, — деп уәде етеді Жаратқан Ие.
15
Жаратқан Ие тағы мынаны айтады:


«Рамақ жерінде
в
зор қасіреттен
Дауыс естіледі зар еңіреген.
Рахила
г
өлген балаларын жоқтап,
Жұбанудан бас тартады
ғ
зар жылап:
Келмеске кетті олар көздері құрып!»
д


16
Алайда Жаратқан Ие өз халқына мынаны айтады:
— Жылауыңды доғарып, көз жасыңды сүрт. Өйткені сен әлі де еңбегіңнің қызығын көретін боласың. Балаларың жау елінен қайтып келеді!
17
Сенің болашақтан үмітің бар, перзенттерің өз елдеріне қайтатын болады! — деп уәде береді Жаратқан Иенің Өзі.
18
Мен Ефремнің қайғырып былай дегенін естідім:
— Сен мені жазалап тәрбиеледің. (Солай істегенің дұрыс та еді, себебі) мен мойынтұрыққа үйренбеген тайыншадай қыңыр болатынмын. Мені тағы Өзіңе қайтарып ала гөр! Өйткені Сен менің Құдайым Жаратқан Иемсің.
19
Адасқаннан кейін мен өкініп Саған бет бұрдым. Түсінгеннен кейін санымды соқтым. Жас шағымдағы істеген істеріме ұялып жайсыздандым.
20
«Ефрем Менің қымбатты ұлым, сүйікті балам іспетті емес пе?
е
Оған айыптау сөздерін көп айтсам да, оны әлі де есіме алып отырамын. Жүрегім оны аңсайды, әрине, Мен оған рақымымды түсіремін!» — дейді Жаратқан Ие.
21
«Жол бойына белгілер қойып, жол көрсететін бағаналар орнат! Елге қайтаратын даңғылға назар аудар! Кеткен жолыңмен өз қалаларыңа қайтып кел, уа, бойжеткен іспетті Исраил халқы!
22
Қашанға дейін қаңғып жүре бересің, опасыз қыз? Енді Мен, Жаратқан Ие, жерде бір жаңалық жасаймын: әйелдің күйеуінің айналасынан шықпайтыны (іспетті, Исраил де Құдайының айналасынан шықпайтын болады). —
23
Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны да айтады: — Мен халықты жер аударылып кеткен жағынан қайтарып алып келгенде, Яһуда елі мен оның қалаларында: «Жаратқан Ие сені жарылқасын, уа, әділдіктің мекені, киелі тау!» деген баталы сөз айтылатын болады.
24
Яһуда елі мен оның барлық қалаларында диқандар мен малшылар бейбіт бірге тұратын болады.
25
Мен шаршаған жанды сергітемін, қайғырып түңілгенді рухани нәрге кенелтемін».
Әркім өз күнәсінің зардабын шегер
26
Осы кезде мен ұйқымнан оянып кетіп, жан-жағыма қарадым. Ұйқым өте тәтті болған еді.
27
Жаратқан Ие былай деп уәде береді: «Болашақ күндерде Мен Солтүстік Исраил мен Яһуданың үрім-бұтағын (өз жеріне қайтадан) егіп отырғызамын, сонда адамдары мен малдары өсіп-өніп көбейетін болады.
28
Мен оларды түп-тамырымен жұлып ойсыратып, құлатып жоюды қырағы қадағалағаным сияқты, енді оларды солай егіп отырғызып, өркендетуді
ж
де қырағы қадағалайтын боламын!
з
— Мұны айтқан Жаратқан Иенің Өзі. —
29
Сол заманда «Қышқыл жүзімді көп жеген — аталары, ал тістері қамалған — балалары»
и
деген нақыл сөз келтірілмейді.
30
Қайта, әр қылмыскер өзі жасаған зұлымдығы үшін өлім құшпақ. Бұл: «Қышқыл жүзім көп жегеннің өз тістері қамалар»
к
дегендей болады».
Жаратқан Иенің Жаңа Келісім жасау жайлы уәдесі
31
Жаратқан Ие мынаны айтады: «Біліп алыңдар, Мен Солтүстік Исраилдің және Яһуданың үрім-бұтақтарымен Жаңа Келісім жасайтын уақыт келді.
32
Бұл Келісім Менің олардың ата-бабаларын қолдарынан жетелеп Мысырдан алып шыққанда солармен жасаған Келісіміммен бірдей болмайды. Өйткені Мен оларды әйелін қатты сүйген күйеуі іспетті жақсы көрсем де, олар сол Келісіміме адал болмады, — дейді Жаратқан Ие. —
33
Қайта, Менің кейінгі заманда Исраил халқымен жасайтын Келісімім мынадай болады: Мен өз тәлімімді
қ
олардың ақыл-саналарына дарытамын әрі жүректеріне «жазып» та қоямын.
л
Мен олардың Құдайы, ал олар Менің халқым болады.
34
Сонда ешкімге замандасы мен ағайынына: «Жаратқан Иені жақыннан танып біл!» деп үйретудің қажеті болмайды. Өйткені үлкенді-кішілі барлығы да Мені жақыннан танып білетін болады. Себебі Мен олардың әділетсіз істерін рақымшылықпен кешіріп, жасаған күнәларын бұдан былай есіме алмаймын.
35
Күндіз жарық беретін күнді, түнде жарық беретін ай мен жұлдыздарды белгілі тәртіппен орнатқан, теңізді сапырып, толқындарын буырқандыратын Жаратқан Иенің есімі — «Әлемнің Иесі».
м
— Ол мынаны айтады: —
36
Табиғаттың осы тәртібі бұзылса ғана, Исраилдің үрім-бұтағы Менің көз алдымнан құрып, халық болудан қалады.
37
Жоғарыдағы аспанды өлшеу мен төмендегі жердің түп негіздерін табудың мүмкін еместігі сияқты, Менің Исраилді барлық істегендері үшін Өзімнен біржола аластатуым да мүмкін емес!» — деп уәде береді Жаратқан Ие.
Иерусалимнің жер аумағының кеңейтілуі
38
Болашақта осы қала Менің даңқым үшін Хананел мұнарасынан Бұрыш қақпасына дейін қайтадан салынады.
39
Құрылысшының өлшеуіш жібі сол жерден Гәреб қыратына дейін тартылып, одан әрі Ғояға қарай бұрылады.
40
Бұрын өлгендер қойылатын, күл төгілетін бүкіл аңғар,
н
Қидрон сайына қарай жатқан егістіктер, әрі шығыстағы Жылқы қақпасына дейінгі жер де бұдан былай Жаратқан Иеге бағышталған киелі болады. Қала енді қайтып жау қолына түсіп, құлатылып қиратылмайды да, халқы ешқашан түп-тамырымен жұлынып тасталмайды да.

а  Немесе: алыстан.

ә  31:12; 50:4-5; Иш 2:3; Мих 4:2.

б  3:4,19; Мыс 4:22; Иш 64:8.

в  40:1; Еш 18:25; Иш 10:29.

г  Яғни Солтүстік Исраил. (Рахила Ефрем мен Манасаның әжесі еді (Жар 30:22-24; 48:1-2), ал осы екеуінен Солтүстік Исраилдегі басты екі ру тарады.)

ғ  Жар 37:33-35; Жыр 76:3; Иш 22:4.

д  Жоқт 5:7.

е  3:19; Ош 11:8; Жыр 102:13; Жоқт 3:31-33.

ж  1:10; 24:6; 33:7; 45:4.

з  1:12; 44:27.

и  Яки: «Әкелері тәттіні көп жегеннен, балаларының тістерін құрт жеген».

к  Яки: «Тәттіні көп жеген адамның өз тістерін құрт жейді».

қ  Яки: өз заңымды. (Яғни Келісімнің ережелері мен мән-мағынасын: Жыр 39:9; 118:29).

л  24:7; Заң 30:6; Жыр 36:31; 39:9; Иш 51:7; Езк 11:19.

м  (10:16) Яки: «Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие».

н  Бұл Бен-Хенном аңғары болса керек (2:23; 7:31-33).