Билер  21
Тірі қалған буняминдіктерге көрсетілген рақым
1
Исраилдіктер бұрын Миспада жиналғанда:
а
«Ешқайсымыз да буняминдіктерге әйелдікке қыз бермейміз!» — деп те ант еткен болатын.
2
Енді халық Бетелге
ә
барып, сол жерде Құдайдың алдында отырып, кешке дейін дауыс көтеріп қатты жылады.
3
Олар: «Уа, Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие! Неге бұл Исраилде осылай болды? Енді Исраилдің бір руы толықтай жоғалып кетіп отыр», — деп жоқтады.
4
Келесі күні халық ерте тұрып, сол жерде құрбандық ұсынатын орын тұрғызды да, сонда шалынып, түгелдей өртелетін және (Құдаймен қарым-қатынастарына) ризашылық білдіретін құрбандықтарын шалды.
б
5
Содан соң исраилдіктер: «Исраилдің руларының қайсысы Жаратқан Иенің алдында өткізілген жиналысқа өрлеп барған жоқ еді?» — деп сұрады. Себебі олар сол кезде Миспада Жаратқан Иенің алдына келмегендерді міндетті түрде өлімге кесу туралы ант берген болатын.
6
Енді исраилдіктер өз ағайындары буняминдіктерді мүсіркеп: «Бүгінде Исраилден бір ру шорт кесіліп тасталды!
7
Сонда Бунямин руының аман қалғандарына әйелді қайдан тауып береміз? Біз қыздарымызды оларға әйелдікке бермейміз деп Жаратқан Иенің атымен ант еткен едік қой!» — десті.
8
Сонымен сұрастыра келе, Миспада Жаратқан Иенің алдында өткізілген жиналысқа Ғилақадтағы Ябестің
в
ешбір адамының келмегені белгілі болды.
9
Сол кезде жиналған халық түгенделгенде, Ғилақадтағы Ябестің бірде-бір тұрғыны жоқ екендігі анықталған еді.
10
Ендеше бүкіл жиын оларға қарсы он екі мың мықты сарбазын жіберіп, Ғилақадтағы Ябестің бүкіл тұрғындарын әйел, бала-шағаларымен қоса қырып-жоюды тапсырды.
11
«Сендер былай істеңдер: әрбір еркек кіндікті де, еркекпен төсектес болған әрбір әйел заты да құртылсын!»
г
— деді.
12
Сарбаздар Ғилақадтағы Ябесті қолға түсіргеннен кейін оның тұрғындарының арасынан ешқашан еркекпен төсектес болмаған төрт жүз пәк қызды тауып, оларды Қанахан еліндегі Шилодағы тұраққа алып келді.
13
Содан соң барлық бүкіл жамағат Риммон жартасының маңында бас сауғалап жүрген буняминдіктерге кісі жіберіп, оларға бейбітшілік жариялады.
14
Буняминдіктер сонда елге оралды. Исраилдіктер Ғилақадтағы Ябестің аман қалған пәк қыздарын оларға қосты. Алайда бұлар буняминдіктерге жетпей қалды.
15
Жаратқан Ие Исраил руларының арасынан біреуін алып тастап, олардың біртұтастығын бұзғандықтан, халық буняминдіктерге мүсіркеушілік танытты.
16
Жамағаттың басшылары ақылдасып: «Бунямин руының әйелдері жойылғандықтан, мына қалған еркектерге әйелді қайдан тауып береміз?
17
Буняминнің құтылып, аман қалғандары өздерінен кейін мұрагер қалдырулары керек, әйтпесе Исраилдің бүкіл бір руы құрып, жоқ болып кетеді ғой.
18
Бірақ ешқайсымыз оларға өз қыздарымызды бере алмаймыз!» — десті. Себебі исраилдіктер «Буняминдікке қыз берген әркімді қарғыс атсын!» — деп ант еткен болатын.
ғ
19
Сол себепті олар: «Жаратқан Иенің құрметіне Шилода жыл сайын мейрам өткізіледі ғой. Той Бетелдің солтүстігінде, одан Сихемге апаратын үлкен жолдың шығысында және Лебонаның оңтүстігінде болмақ», — десті.
20
Басшылар буняминдік жігіттерге былай деп нұсқау берді: «Сендер сол жерге барыңдар да, жүзімдіктерде тығылып,
21
бақылап жатыңдар. Шилоның бойжеткен қыздары би билеуге шыққанда, сендер жүзімдіктерден шыға келіп, әрқайсың шилолық қыздардың ішінен өздеріңе бір-біреуден ұстап алып, Буняминнің жеріне ілестіріп алып, кете беріңдер!
22
Ал егер олардың әкелері не ағалары келіп, бізге шағымданатын болса, біз оларға: «Бұларға мейірімді болып қыздарыңды қалдырыңдар. Ғилақадтағы Ябеске қарсы соғыс болғанда, біз оларды үйлендіре алмай қалдық. Ал қыздарыңды оларға өздерің қоспағандықтан, айыпты болмайсыңдар!» дейміз».
23
Буняминдіктер солай істеп, би билеп жүрген қыздарды бір-бірден ұстап алып қашты. Олар өздерінің мұралық жеріне қайтып барып, қалаларын қайтадан салып, соларда тұра берді.
Халықтың өз еркімен жүрген дәуірі
24
Сонда исраилдіктер өздерінің рулары мен әулеттері бойынша алған мұралық жерлеріне қайтып, тарап кетті.
25
Сол заманда Исраилде әлі де патша жоқ болатын. Әркім өзіне дұрыс болып көрінгенді істейтін.
д

а  20:1-10.

ә  Яки: Құдайдың үйіне (20:18; Жар 28:19).

б  Мыс 20:24-25; Леу 7:11-15.

в  (Пат1 11:1-3) Осы қаланың аты «Галаадтағы Иавис не Иавеш» деп те айтылады.

г  Ғилақадтағы Ябестің тұрғындары Жаратқан Иенің алдында өткен жиналысқа келмей, буняминдіктердің күнәсімен келіскендей болып, Құдайға қарсы бас көтерген еді. Содан олар Таурат заңына сәйкес буняминдіктер сияқты құртылуға тиіс еді; тек пәк қыздарын ғана тірі қалдыруға болды (Рул 31:17-18).

ғ  21:1.

д  17:6; 18:1; 19:1; Заң 12:8.