Билер  14
Самсонның філістір қызына үйленуі
1
Бір күні Самсон Тимна
а
қаласына барып, сонда бойжеткен філістір қызына көзі түсті.
2
Самсон әке-шешесіне қайтып келіп:
— Мен бір філістір бойжеткенді көрдім. Барып, соны маған алып беріңіздерші! — деп сұрады.
3
Бірақ әке-шешесі оған:
— Сол құдайсыз
ә
філістірлерден барып әйел алатындай, өз руымызда, не бүкіл халқымызда қыз құрып қалды ма? — десе де, Самсон әкесінен:
— Сол қызды маған алып беріңіздерші, ол маған ұнайды! — деп өтіне берді.
4
Жаратқан Ие осы жайтты қолданып, Исраилге сол кезде үстемдік құрған філістір жауларына қарсы әрекетін бастамақ болды, ал Самсонның әке-шешесі соны түсінген жоқ.
5
Ақыры Самсон әке-шешесімен Тимнаға ылдилап барып, қаланың маңындағы жүзімдіктерге жетті. Аяқ астынан бір жас арыстан Самсонға ақырып шыға келді.
6
Сол сәтте Жаратқан Иенің Рухы Самсонға құдіретпен қонып,
б
ол арыстанды лақ құрлы көрмей жай қолдарымен-ақ қақ жарып бөліп тастады. Мұны әке-шешесі көрген жоқ, өзі де айтқан жоқ.
7
Содан Самсон Тимнаға кіріп жаңағы бойжеткенмен сөйлесіп көрді. Қыз Самсонға қатты ұнап қалды.
8
Біраз уақыттан кейін Самсон сол бойжеткенге үйлену үшін (әке-шешесімен бірге) қайтадан барды. Өзі өлтірген арыстанның өлексесін көру үшін жолдан бұрылып, қараса, оның ішін бір үйір бал арасы жайлап алыпты, балы да бар екен.
9
Самсон балды қолымен қырып алып, сонысын жеп кете берді. Ол әке-шешесіне қайтып қосылғанда, балдан оларға да берді. Бірақ оны арыстанның қаңқасының ішінен алғаны туралы айтқан жоқ.
10
Әкесі бойжеткеннің үйіне құда түсіп барып, Самсон жас жігіттердің дәстүріне сай қонақасы берді.
11
Қайын жұрты Самсонды көргенде қасына еріп жүруге отыз күйеу жолдас қосты.
12
Самсон соларға былай деді:
— Мен сендерге бір жұмбақ айтайын. Егер жеті күн той тарқамайынша оны шешсеңдер, сендерге отыз бәтес жамылғы мен отыз киім беремін.
13
Егер жұмбақты шеше алмасаңдар, онда отыз бәтес жамылғы мен отыз киімді сендер маған бересіңдер! — Олар:
— Айт жұмбағыңды, естиік қандай екенін! — деп келісті.
14
Сонда Самсон жұмбағын айтты:


«Жегіштің ішінен жейтін тағам,
Мықтының ішінен тәтті дәм».


Жігіттер үш күн бойы жұмбақты шеше алмады.
15
Төртінші күні олар Самсонның қалыңдығына қоқан-лоқы жасап былай деді: «Күйеуіңді алдап, жұмбақтың шешуін біліп ал да, бізге айтып бер. Әйтпесе біз өзіңді әкеңнің үй ішімен бірге өртеп жібереміз. Сендер бізді осында әдейі тонау үшін шақырыпсыңдар!»
16
Сонда қалыңдығы Самсонның қасында жылай беріп:
— Сен мені сүймейсің, мені жек көресің! Халқымның адамдарына жұмбақ айтып, оның шешуін тіпті маған да ашпадың! — деді. Ол:
— Мен шешуін тіпті өз әке-шешеме де айтқан жоқпын. Неге саған айтуым керек? — деп жауап берді.
17
Сол тойдың қалған күндері қалыңдығы Самсонның қасында жылай беріп, оны мезі қылғаннан кейін, жетінші күні ол жұмбақтың шешуін қалыңдығына айтып берді. Ал ол соны жұртына жеткізді.
18
Сөйтіп, қаланың адамдары жетінші күні күн батпай тұрып Самсонға:
— Балдан тәтті не бар? Арыстаннан мықты не бар? — деп шешуін айтып берді. Самсон оларға астарлап:
— Менің қашарыммен
в
жерді айдамасаңдар, жұмбақты шеше алмас едіңдер, — деп жауап қайырды.
19
Сонда Самсонға Жаратқан Иенің Рухы құдіретпен қонып, ол (філістірлердің) Ашкелон қаласына ылдилап барып, сол жердің отыз адамын өлтірді.
г
Олардан олжа алып, отыз киімді жұмбақтың шешуін айтқандарға үлестіріп берді.
Самсонның қаһары лаулап, ол әкесінің үйіне өрлеп қайта оралып, сол жерде тұрып қалды.
20
Ал оның қалыңдығы тойдағы ең жақын күйеу жолдасына ұзатылды.

а  Яһуданың батыс жағындағы төменгі қыраттарында, філістір елінің шекарасында орналасқан шағын қала (Еш 15:10,57).

ә  Немесе: сүндеттелмеген (Пат1 14:6).

б  14:19; 15:14; 3:10; 13:25; Пат1 11:6.

в  Яғни жас сиырыммен.

г  Філістірлер сол заманда Исраил халқына зорлық-зомбылық жасайтын (13:1; 14:4;15:9).