Жақыптың хаты  5
1
Сонымен, байлар, құлақ түріп тыңдаңдар! Бастарыңа төніп тұрған қасіреттеріңе бола зар еңіреп жылаңдар!
2
Дүние-мүліктерің шіріп, киімдерің күйеге жем болды,
3
алтын мен күмістеріңді тот басты.
а
Солардың тоты сендерге қарсы айғақ болып, тәндеріңді оттай жалмайды. Осы заманның ақыры жақын болса да,
ә
өздеріңе қазына жинап келесіңдер!
4
Міне, сендер егіндеріңді жинаған жұмысшыларға төлемеген тиесілі жалақылар өздеріңе қарсы айғақ болып шағынып тұр! Орақшылардың айқайлаған дауыстары Әлемнің Иесінің құлағына жетті.
б
5
Сендер бұ дүниеде молшылыққа белшеден батып, рақат кешіп келесіңдер. Құритын күндерің жетсе де, бордақыланған малдай семірудесіңдер.
6
Тіпті өздеріңе қарсы шықпаған әділдерді соттап, өлтірдіңдер!
в
Мәсіхтің қайтып келуін сабырмен күту
7
Ендеше, бауырластарым, Иеміз қайтып келетін кезге дейін шыдаңдар. Диқанға қараңдаршы: ол егіндік жерінен алатын құнды өнімін тосып, оны күзгі және көктемгі жаңбырдың суғаруын төзімділікпен күтеді.
8
Сендер де сабырмен күтіп, жүректерің мызғымас табанды болсын. Өйткені Иеміз жуырда қайтып келмек.
9
Сотталмауларың үшін, бауырластарым, бір-біріңнің үстеріңнен шағым айтпаңдар. Үкім шығаратын Иеміздің жуырда қайта оралатынын білесіңдер ғой. Ол есік алдына келіп қалғандай жақын.
10
Бауырластарым менің, азап шегіп, төзе білуде Жаратқан Иенің атынан сөйлеген пайғамбарлардан үлгі алыңдар.
11
Сол төзімді адамдарды бақытты деп санаймыз. Әйүп пайғамбардың шыдамдылығы туралы естігенсіңдер, Жаратқан Иенің ақыр аяғында оны қалай жарылқағанын да білесіңдер.
г
Иеміздің жанашырлығы мен қайырымдылығы қандай зор!
Бұлтартпай шындықты айту, бауырласы үшін сеніммен сиыну
12
Ең бастысы, бауырластарым, ант етуші болмаңдар! Көк пен жердің немесе басқа да нәрселердің атымен ант етпеңдер. Қайта, сендер «иә» дегенде шынымен иә, «жоқ» дегенде шынымен жоқ болуға тиісті. Әйтпесе Тәңір Ие сендерді жауапқа тартпақ.
ғ
13
Кейбіреулерің азап шеккенде, Құдайға сиынсын, көңілді болғанда, мадақтау жырлары мен әндерін айтсын.
14
Қайсыбіреуің ауырып қалса, қауым жетекшілерін шақыртсын. Олар соның маңдайына Жаратқан Иенің атынан май жағып,
д
оның үстіне қолдарын жайып сиынсын.
е
15
Сеніммен сиынғандарыңа бола Иеміз науқастың денсаулығын қайтадан қалпына келтіріп, сауықтырмақ. Егер ол күнә жасаған болса, кешірілмек.
16
Сондықтан сауығып кету үшін, жасаған күнәларыңды бір-біріңе айтып мойындап, бір-бірің үшін сиыныңдар! Әділ адамдардың Құдайға сиынуларының күші орасан зор.
17
Ілияс пайғамбар да біз сияқты пенде болатын. Алайда ол жаңбыр жаумасын деп шын жүректен сиынғанда, үш жарым жыл бойы жерге жаңбыр тамбады.
18
Ол қайтадан жауын болсын деп сиынғанда, аспаннан жаңбыр құйылып, жер тағы да өнімін берді.
ж
19
Бауырластарым, қайсыбіреуің ақиқат жолынан тайса, басқа біреуің оны кері қайтарсын!
20
Естеріңде болсын: кім күнәкарды теріс жолдан қайтарса, сол оның жанын рухани өлімнен құтқарып,
з
көптеген күнәларының кешірілуіне себепші болады.

а  Сол замандағы алтын мен күміс таза болмай, басқа металдармен араласқан еді. Байлар сондай ыдыстарды көптеп жинаған соң, оларды тот басатын (Мат 6:19-20).

ә  Яки: Осы заманның ақыры жетіп қалған болса да (5:7,9; Елш 2:17; Пет2 3:10-14).

б  Леу 19:13; Мал 3:5.

в  4:2; Мат 23:35; Елш 7:51-52.

г  Әйүп 1:21-22; 42:10,12-17.

ғ  Мат 5:34-37.

д  Май жағу рәсімі бұл жерде Киелі Рухтың құдіретінің сыртқы белгісі іспетті (Мар 6:13; 16:18; Түсіндірмені де қараңыз).

е  Яки: оның үстінен дұға етіп сиынсын (Мыс 17:10-13; Мат 19:13-15; Мар 5:23; 6:5; 16:18).

ж  Пат3 17:1; 18:1-2,41-45.

з  Рим 6:20-23; Еф 2:1-5.