Ишая  8
Ассурдың жедел басқыншылығы
1
Кейінірек Жаратқан Ие маған мынадай бұйрық берді: «Аумақты тақта ал да, оған жұрт оқитындай етіп: «Тез-Тонап-Жылдам-Олжалау»
а
деп жаз!»
2
Сол үшін мен екі адамды: діни қызметкер Ұрияны және Барақиях ұлы Зәкәрияны сенімді куәгерлерім етіп алдым.
3
Бұдан кейін мен пайғамбар әйел — жұбайыммен жақындасып, ол құрсақ көтеріп, ұл туды. Жаратқан Ие маған былай деп бұйырды: «Бұл балаға «Тез-Тонап-Жылдам-Олжалау»
ә
деген ат қоясың.
4
Себебі оның тілі шығып, «Апа, әке» дегенше, Дамаск пен Самарияның бүкіл байлығын Ассур патшасы олжалап кетеді».
б
5
Жаратқан Ие маған тағы да тіл қатып
6
былай деді: «Осы халық
в
(Өзім Иерусалимнің игілігі үшін ағызып отырған) Силоғам бұлағының тыныш суын менсінбейді.
г
Қайта, олар Ресинге және Ремалияхтың ұлына қуанады!
ғ
7
Біліп қойыңдар: сол себепті Мен, Тәңір Ие, Евфрат өзенінің буырқана тасыған мол суларын, яғни Ассур патшасын, күллі қарулы күштерімен осы жерге бағыттаймын. Евфрат өзені көктемде арна-салаларынан асып-тасып, сулары
8
адамдардың мойнына дейін көтеріледі. Сол сияқты, Ассур патшасы мен оның әскері де жуырда бүкіл Яһуда жеріне жайылып шығып, бұлқан-талқан болып ағып, елді басып кетеді!
д
О, Имануил, оның кең қанаттары бүкіл жеріңе жайылатын болады!»
е
9
Ей, халықтар, қанша ұран салсаңдар да, бәрібір шайқалып құрисыңдар.
ж
Жер бетінің алыс түкпірлері, тыңдаңдар! Шабуылға бел байлап қарулансаңдар да, бәрібір күйреп, құрисыңдар. Иә, айқасқа дайындала беріңдер, алайда қырыласыңдар.
10
Кеңесіп жоспар құрып, көп сөз сөйлесеңдер де, бұларың іске аспайды, себебі Құдай бізге жар!
з
Жауларыңнан қорықпаңдар, Жаратқан Иені қастерлеңдер!
11
Жаратқан Ие менің үстіме құдіретті қолын қойып тұрып
и
хабарын жеткізді. Ол мені осы халық жүріп бара жатқан теріс жолға түсуден сақтандырып былай деді:
12
«Бұл халықтың бүлік деп атағандарын сендер солай санамаңдар!
к
Басқалардың қорыққандарынан сендер қорқып, үрейленбеңдер!
13
Тек Әлемнің Иесін ғана киелі деп құрметтеп, терең қастерлеңдер, (Оның еркіне қарсы шығудан) шошынып
қ
дірілдейтін болыңдар!
14
Жаратқан Ие сендер үшін паналайтын киелі орын іспетті болмақ. Бірақ Ол Исраилдің екі патшалығы
л
үшін адамдарды сүріндіретін кедергі тас, құлататын жартас сияқты, әрі Иерусалимнің тұрғындарын түсіретін тұзақ пен тор секілді болады.
15
Олардың көбі сүрініп құлап, талқандалады, не торға түсіп, ұсталады».
Ишая шәкірттеріне сақтауға тапсырған айғақтар
16
Енді осылар туралы білдірген ескертулерім мен тәлімдерім
м
жазылған қағаздарды шиыршықтап орап, байлап, шәкірттерімнің көз алдарында мөрлеп, соларға сақтатқызып қой!
н
17
Жаратқан Ие Жақыптың үрім-бұтағынан өз бетін жасырып жатса да, мен Оған үмітпен қарап, сенімімді арта беремін.
18
Міне, мен және Жаратқан Ие маған сыйлаған балалар мұндамыз! Жер бетіндегі тұрағы Сион тауында орналасқан Әлемнің Иесі бізді Исраил елінде Өзінің болашақта не істейтінін білдіретін хабары мен белгісі етті.
о
Бақсы-балгерлер мен сәуегейлерге жүгінбеңдер!
19
Алайда халық сендерге: «Аруағы мен жынын шақырып, сыбырлап, міңгірлейтін бақсылар мен сәуегейлерден кеңес сұрауды сұраңдар!» деп ұсынады. Онда оларға былай деңдер: «Халық жалғыз Құдайына ғана сиынып, Оның еркін сұрауға тиісті емес пе? Тірілерге болашақты білу үшін өлгендермен ақылдасудың қажеті бар ма?!
20
Қайта, Жаратқан Иенің білдірген тәлімдері мен ескертулеріне
ө
көңіл бөліп, соларға сүйеніңдер!» — Егер халық осы хабарларыма сай сөйлемесе, онда оларға атар таң жоқ.
п
21
Керісінше, олар зор қысымшылық көріп, ашығып, жер-жерде қаңғырып жүретін болады! Аштықтан қиналғанда олар қатты ашуланып, өздерінің патшасы мен Құдайына тіл тигізеді. Содан олар аспан мен
22
жерге көз салып, тек қайғы-қасірет, қара түнек пен үрейлі қараңғылықты ғана көреді-ау! Олар әбден түңіліп, қара түнекке қуылады.
Алайда қазір қысымшылық көріп жатқан жерде ұдайы қараңғы бола бермейді.

а  Түпнұсқа тілінде «Маһер шалал хаш баз» (8:3).

ә  Түпнұсқада: «Шеяр-Яшуб» (8:1).

б  7:8-9.

в  Яғни Яһуда мен Исраилдің халқы.

г  Яғни осы халық Құдайдың таңдаған халқы мен оның патшаларына, Дәуіттің әулетіне деген тұрақты қамқорлығын менсінбейді.

ғ  Исраил Сирия патшасы Ресинмен Ассурға (яки: Ассирияға) қарсы одақтасып, Ресиннің алғашқы жеңістеріне қуанды. Ал Яһуда қас жауы Ресинді жеңуде Ассурдың күшіне сеніп, Ресиннің жуырда күйрейтініне қуанды. Осылай екі ел де Құдайға сенуден бас тартты (7:1-9,13).

д  Ассур патшасы Сеннахирим б.з.д. 701 ж. Яһуда еліне басып кіріп, астанасы Иерусалимнен басқа барлық қалаларын жаулап алды (1:7-9; 36:1).

е  Немесе: Алайда «Құдай бізге жар» (Имануил: 7:14)! Оның кең жайылған қанаттары бүкіл еліңді жауып тұрады.

ж  Арама мен Солтүстік Исраил жуырда құритын болды (7:7-9). Сол сияқты, Ассур мен Бабыл патшалықтары да кейінірек талқандалуға тиіс еді.

з  Яки: іске аспайды: Имануил! (7:14; 8:8)

и  Яки: Жаратқан Ие маған рухани құдіретін қондырып (Езк 1:3; 37:1; 40:1; Езр 7:9).

к  Немесе: Осы халық (басқа мемлекетпен) келісім жасау керек деп айтқан кездерде сендер солай етпеңдер!

қ  Яки: қастерлеңдер, Одан қорқып қалтырайтын болыңдар!

л  Яһуда және Солтүстік Исраил патшалықтары.

м  8:20.

н  Ерм 32:12-14,44.

о  Ишаяның есімі («Жаратқан Ие Құтқарушы») мен уағыздары және оның балаларының есімдері (7:3; 8:3) арқылы Құдай сол кезде халыққа Өзінің хабарларын жеткізіп отырды.

ө  (8:16) Немесе: Жаратқан Иенің берген Таурат заңы мен өзге де киелі жазбаларына.

п  (8:22; Мих 3:6) Немесе: осы сөзге (яки аяндарыма) сай сөйлемесе, оларда шындықтың шұғыласы жарқырамайды.