Ишая  54
Құдайдың қаласының болашақ ұлылығы мен тыныштығы
1
«Қуан, уа, құрсақ көтермейтін, бала сүймеген әйел, шаттана ән шырқа! Иә, толғатып көрмеген сен, масаттанып дауыста! Өйткені күйеуі бардан гөрі жалғыз басты әйелдің
а
балалары енді көбірек болады!
ә
— дейді Жаратқан Ие. —
2
Халқым, шатырыңның орнын кеңейтіп ал! Оның жапқыштарын аямай созып, жіптерін ұзын етіп, қазықтарын мықтап қақ!
3
Бұдан былай сен жан-жаққа тарайтын боласың. Ұрпақтарың басқа халықтарға да билік жүргізіп, қаңырап бос қалған қалаларды жаңадан мекендейтін болады.
4
Халқым, қорықпа, енді қайтып ұятқа қалмайсың, қысылма, сен масқара болмайсың. Жас кезіңдегі ұятқа қалған жайтты ұмытып, жесірлік қасіретіңді де есіңе алмайсың.
5
Өйткені өзіңді жаратқан Тәңір саған жар!
б
Ол сені құтқарып алған Қамқоршың, Әлемнің Иесі және Исраилдің Киелі Құдайы деп те аталады. Бүкіл жер бетінің Құдайы деген атағы да бар.
6
Сен қуылған, мұңды әйел секілдісің. Біреу жас кезінде үйленіп, тастап кеткен әйелге ұқсайсың. Жаратқан Ие сені қайтадан қасына шақырады!» — Құдайыңның Өзі мұны айтады.
7
«Сені біраз уақытқа тастап кетіп едім, бірақ зор сүйіспеншілікпен Өзіме қайтарып алып келемін.
8
Қаһарланған кезде сенен бір сәтке бетімді жасырған едім. Алайда мәңгілік сүйіспеншілігіммен саған рақым етемін», — дейді сені құтқарып алған Қамқоршың Жаратқан Ие.
9
«Нұхтың заманында топан су жер бетін басып кеткеннен кейін Мен енді қайтып жерге топан су жібермеймін деп ант еткен едім.
в
Сол сияқты саған да былай деп ант беремін: бұдан былай саған ашуланып, сөгіс бермеймін.
10
Таулар қозғалып, төбелер шайқалар, бірақ Менің сүйіспеншілігім сенен айнымас, сенімен амандық пен тыныштық жайлы жасаған Келісімім
г
де шайқалмас!» — дейді саған рақымын төккен Жаратқан Ие.
11
«Азап шегіп, дауыл сабалап, жұбаныш көрмеген қала, мынаны біліп ал: Мен сені қайтадан салып тұрғызамын: көгілдір асыл тастарды
ғ
негіздерің етіп, тастарыңды ең сапалы ерітіндімен
д
қаластырамын.
12
Қамалыңның мұнаралары лағыл тастан, қақпаларың інжу-маржаннан,
е
бүкіл қабырғаларың да асыл тастардан жасалып, жалт-жұлт ететін болады.
13
Балаларыңның бәрі де Тәңір Иеден тәлім алмақ, әрі керемет амандық пен тыныштыққа кенелмек.
14
Сен әділдікпен берік негізделесің. Жәбір көруден аулақ, тыныштықта тұратын боласың. Сені ештеңе де қорқытпай, үрей атаулы саған жоламайды.
15
Саған қарсы аттанған біреу болған күнде де ол Мен жіберген жау болмайды. Кімде-кім саған қарсы шабуылға шықса, сенен жеңіліс табады.
16
Есіңе сақта, Мен Өзім ұстаны жараттым. Ол көмірді үрлеп от жағып, қолдану мақсатына қарай қару-жарақ жасап шығарады. Дәл осылай Мен сені талқандау үшін қырып-жоюшы жауларыңды
ж
жаратқан едім.
17
Ал бұдан былай қандай қару-жарақ саған қарсы жасалса да, сені құрта алмайтын болады. Өзіңді айыптағандардың сөздерін әшкерелеп, жоққа шығарасың.
Жаратқан Иенің қызметшілері осы игіліктерді иеленетін болады. Оларды Өзім ақтап аламын», — деп нық айтады Жаратқан Ие.

а  Немесе: күйеуі бардан гөрі күйеуі тастап кеткен әйелдің. (Иерусалим, Яһуда және Солтүстік Исраил Жаратқан Иеге опасыз болып, Одан безіп кеткен еді: 50:1; 54:6-7; 62:4; Ерм 3:8.)

ә  Демек, Иерусалим және бүкіл Исраил қайтадан өз халқына толады (49:18-22; 54:2-3).

б  Немесе: Өйткені өз Жаратушың сенің күйеуің іспетті (яғни Ол сені жақсы көріп сенімен некеге отырған іспетті тығыз Келісім жасады: Ош 2:19).

в  Жар 8:21.

г  (55:3; 61:8; Рул 25:12; Езк 37:26) Яки: татулық туралы жасаған Келісімім.

ғ  (Мыс 24:10) Яки: сапфир (не көгілдір ақық) тастарын.

д  Яки: сүрмемен. (Сүрме сол заманда ең сапалы ерітінді ретінде қолданылатын.)

е  Немесе: асыл тастардан.

ж  Мысалы, Ассур мен Бабыл патшалықтарын.