Ишая  4
1
Сол күн туғанда әрбір ер адамға жеті әйел жармасып, оған: «Нанымызды өзіміз тауып жеп, киімімізді өзіміз тауып киеміз. Тек күйеуіміз болып, масқаралықтан арылта көріңіз!» — деп жалынып-жалбарынады.
Иерусалимнің болашақ даңқы
2
Сол күндері Жаратқан Ие өсіріп шығарған «Жас Өскін»
а
салтанатты да қадірлі болады. Исраил халқының қырғыннан тірі қалғандары осы жердің өнімін мақтан тұтып, даңққа кенеледі.
3
Сонда Сионда тірі қалып, Иерусалимде өмір сүру үшін тізімге тіркелген әрбір адам Құдайға бағышталған қасиетті деп аталады.
4
Себебі Жасаған Ие Сион шаһарының әйелдерін жан дүниелеріндегі ластан арылтады, әрі қан төккен Иерусалим қаласын әділдікпен соттап, қан дақтарынан отпен тазартады.
ә
5
Содан кейін Жаратқан Ие Сион тауының және осында жиналғандардың үстерінен күндіз бұлт пен түтін, түнде жалындаған оттың сәулесін жаратады.
б
Бұлар салтанатты қаланы тұтастай қалқалап жауып тұрып,
6
оны күндізгі қапырықтан тасалап, дауыл мен жауыннан да қорғайтын болады.

а  Яғни Яһуда халқының жас ұрпағы (60:21). Немесе: Исраилдің ежелгі патшасы Дәуіттің ұрпағы (11:1; 53:2; Ерм 23:5; Зәк 6:12).

ә  Немесе: әділ соттың және оттың рухымен төккен қанының дақтарынан тазартпақ (1:21,25; 48:10).

б  Мыс 13:21-22; 40:34,38; Жар 15:17-18.